​Жаз мезгіліне арналған өте пайдалы салаттар мәзірі

0
5 155


​Жаз мезгіліне арналған өте пайдалы салаттар мәзірі

Жаз мезгілі пайдалы көкөністер мен жеміс-жидектерге бай мезгілдердің бірі. Осындай керемет кезеңді әрбір адамға пайданалған дұрыс. Барынша табиғи дәрумендермен ағзаны нәрлендіріп, тағам құрамына да мән беру керек.


Кәрісше баялды салаты

Қажетті өнімдер:

  • 1 дана баялды
  • 1 дана болгар бұрышы
  • ½ бөлік чили бұрышы
  • 1 дана сәбіз
  • 3 тіс сарымсақ
  • 1 бума ақжелкен
  • 2 ас қасық соя соусы
  • 1 ас қасық күнжіт
  • ½ ас қасық қант
  • ½ шай қасық тұз
  • ½ шай қасық кориандр
  • ½ шай қасық зире
  • 2 ас қасық шарап сірке суы
  • 2 ас қасық зәйтүн майы

Дайындалу тәсілі:

  1. Баялдыны арнайы үккіштен өткізіңіз немесе ұзыншалап турау керек. Сосын қатты отта майға салып қуырасыз.
  2. Болгар бұрышын, сәбізді де ұзыншалап турап, аскөк пен сарымсақты, чили бұрышын майдалаймыз.
  3. Салаттың маринадына сірке суын, тұз, қант, соя соусы, зәйтүн майы, кориандр мен зирені араластыру керек.
  4. Сосын бір ыдысқа барлық көкөністерді, сарымсақ пен аскөкті, чили бұрышын саламыз. Маринадты құйып, күнжітті қосып, барлығын жақсылап араластыру керек.
  5. Осылайша салат 5-8 сағат маринадталуы керек. Осы уақыт өтекеннен кейін !


«Роллтон» қосылған көкөніс салаты


Қажетті өнімдер:

  • 1 пакет роллтон
  • 2 дана қияр
  • 1 дана пияз
  • 1 дана болгар бұрышы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 1 ас қасық өсімдік майы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Роллтон кеспесін бірнеше бөлікке бөліп, табаққа салып, қайнаған су құясыз. Бетін жауып, кеспе піскенше қоя тұрыңыз.
  2. Сосын пияздың қабығын аршып, тазалап жуып, жартылай дөңгелектеп тураңыз. Болгар бұрышын ортасынан бөліп, дәнін тазалаймыз. Сосын ұзыншалап тураймыз. Содан соң осы туралған көкөністерді табаққа саламыз.
  3. Қиярды да тазалап жуып, жартылай дөңгелектеп турау керек.
  4. Промойте огурцы, удаляя шипы и пыль с их поверхности, срежьте окончания овощей и нарежьте их полукольцами в салатник.
  5. Қызанақты да ортасынан кесіп, ірі етіп турайсыз. Сөйтіп барлық туралған көкөністерді бір ыдысқа саласыз.
  6. Кеспенің суын төгіп тастап, оны да табаққа салу керек. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, өсімдік майын құйып, араластырыңыз. Аскөкті де майдалап турап, қосасыз. Осылайша барлығын жай-жай араластырып, салатқа арналған тәрелкеге саласыз. Сонда өте дәмді әрі пайдалы көкөніс салаты да дайын болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Кешкі асқа ЖЫЛҚЫ еті қосылған мына тағамдарды дайындаңыз


Ұл балаға арналған «АВТОКӨЛІК» торты