Мына 5 СОРПА күш-қуатыңызды тасытады

0
2 884

Дәруменге бай пайдалы сорпаларды індет кезінде көбірек қайнатуға тырысыңыз.


Мына 5 СОРПА  күш-қуатыңызды тасытады

Жазда ауаның құрғақ болатыны соншалық адам шөлдегеннен, сусынға еш тояттамайды. Тамаққа тәбеті тартпай, ыстық күнде шөлді басар салқын тағам іздері сөзсіз. Қуырылған, майлы тағамдардың орнына сорпа дайындаған әлдеқайда тиімді болмақ. Себебі сорпа өте жеңіл, тез сіңеді әрі құрамы пайдалы дәрумендерге бай. Ендеше салқын сорпалар мәзірін ұсынамыз.


Көктер қосылған ЩИ


Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. саумалдық
  • 100 гр. қымыздық
  • 100 гр. жапырақты қызылша
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • 2 дана картоп
  • 10 гр. тұз
  • 5 дана ірі қара бұрыш
  • 2 дана лавр жапырағы
  • Тағамның бетіне:
  • 5 дана жұмыртқа
  • 150 гр. қаймақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Саумалдық, қымыздық пен жапырақты қызылшаны ұзыншалап труайсыз.
  2. Картоп пен сәбізді, пиязды аршимыз. Картопты текшелеп, сәбізді ұзыншалап турау керек. Пиязды тұтастай салып жіберу керек.
  3. Мультипештің қазанына осы дайындалған көкөністердің барлығын салып, су құйыңыз. Дәміне қарай тұз, лавр жапырағы мен бұрышты саласыз. Сосын пешті 20 минут «қайнату» батырмасына қоясыз.
  4. Пиязды сорпадан алып тастап, туралған саумалдық, қымыздық, қызылша жапырағын саласыз. Қақпағын жаппай, щилі ары қарай қайнатасыз.
  5. Әбден қайнаған сопа т30 минуттай тұру керек. Сосын дайын сорпаны ыдыстарға құйып, дастарханға ұсына беруге болады.


Картоп пен ірімшіктен дайындалған езбе-сорпа


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. брокколи
  • 200 гр. асжапырақ (шпинат)
  • 100 мл кілегей
  • 0,5 дана пияз
  • 1 дана картоп
  • 1 дана балдыркөк сабағы
  • 50 гр. қатты ірімшік
  • Ақжелкен, насыбайгүл
  • Тұз, бұрыш, кептірілген нан
  • 25 гр. сары май
  • 2 тіс сарымсақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Батон нанды текшелеп турап, кептіріп қоямыз.
  2. Дайын езбе-сорпаны ыдыстарға құйып, іше беруге болады.
  3. Табаға сары майды салып, майдалап туралған пияз бен балдыркөкті қуырасыз. Картопты да майда үккіштен өткізіп, 5 минуттан соң қуырылып жатқан пиязға қосамыз. Барлығын тағы да 5 минуттай қуырамыз.
  4. Жарты литрдей қайнап тұрған суға асжапырақты салып, 1 минут өткен соң брокколиді қосамыз. 5 минут қайнатып, табадағы қуырылған көкөністерді де кастрөлге салып жібереміз. Дәміне қарай тұз, бұрыш салып, тағы 5 минут қайнатамыз.
  5. Енді сорпаны оттан алып, блендерге құю керек. Сарымсақты да саламыз. Езілген сорпаны қайтадан кастрөлге құйып, бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп, кілегейді құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, 5 имнутқа қалдырамыз.


Қызылша сорпасы


Қажетті өнімдер:

  • Қызылша
  • Сірке суы
  • Тұз, азырақ қант
  • Қияр, аскөк, көк пияз
  • 1 дана жұмыртқа
  • Қаймақ.


Дайындалу тәсілі:

  1. Сорпаға барлық қоспаларды шамалап саласыз. Әркім өз қалағанынша қоса алады. Сорпаны дайындау үшін алдымен қабығы аршылған қызылшаны үккіштен өткізіп аламыз. Су құйылған қазанға қант, сірке суы, тұз бен үккіштен өткізілген қызылшаны саламыз. Отқа қойып қызылша піскенше қайнатамыз.
  2. Сорпа қайнап жатқан уақытта көк пиязды турап, қиярды ірі үккіштен өткіземіз.
  3. Жұмыртқаны бөлек ыдысқа салып қайнатып алу керек.
  4. Енді әрбір ыдысқа көкністерден салып, қызылша сорпасын құямыз да, 1 немесе жарты дана жұмыртқадан салып береміз. Сорпаның бетіне қаймақ салып, дәмді сорпаны рахаттана ішіңіздер!


Сиыр етінен дайындалған окрошка


Қажетті өнімдер:

  • 1 бума аскөк
  • 300 гр. шалғам
  • 4 дана қияр
  • 6 дана жұмыртқа
  • 6 дана картоп
  • 700 гр. сиыр еті
  • 1,5 л квас
  • 500 мл қаймақ
  • 1 ас қасық қыша (горчица)


Дайындалу тәсілі:

  1. Қайнатылған сиыр етін текшелеп тураймыз.
  2. Барлық туралғандарды бір ыдысқа салып, квасты құямыз. Жақсылап араластырып, қаймақ пен қышаны, дәміне қарай тұз салу керек. Дайын окрошканы қалағаныңызша ішіңіз.
  3. Картопты да орташа көлемде текшелеп турау керек.
  4. Жұмыртқаны төртбұрышты етіп тураймыз.
  5. Ал, қияр мен шалғамды ұзыншалап әрі өте жіңішке етіп турайды. Аскөкті де майдалап турауды ұмытпаймыз.


Айран қосылған окрошка


Қажетті өнімдер:

  • Көк пияз, аскөк,
  • Балғын қияр, шалғам
  • Картоп пен жұмыртқа
  • Шұжық
  • Лимон
  • Кефир, су, тұз қажет.


Дайындалу тәсілі:

  1. Көк пиязды дөңгелектеп турап, кастрөлге саламыз да, тұз қосып, еземіз.
  2. Сосын кастрөлге айранды құйып, салқын қайнаған су қосып, араластырамыз. Егер тым қою болса тағы да азырақ су қосуға болады. Дәміне қарай тұз, лимон шырынын құямыз. Сірке суының орнына осы лимон шырыны жарайды. Дайын тағамды 20 минуттай тоңазытқышқа салып, іше беруге болады.
  3. Қияр мен шалғамды ұзыншалап, өте жұқа етіп тураймыз. Сосын кастрөлге саламыз.
  4. Қайнатылған картопты текшелеп турап, оны да кастрөлге саламыз. Қалған азырақ картопты езіп, жұмыртқа мен шұжықты текшелеп турап кастрөлге салу керек.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ҚЫРЫҚҚАБАТТАН ЖАСАЛҒАН тағамдар ағзаның саулығын САҚТАЙДЫ


ЖҮГЕРІ қайнатудың ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ 5 әдісі