Жаздық СОРПАЛАР мәзірі

0
4 302


Жаздық СОРПАЛАР мәзірі

Жаз мезгілі көкөністерге бай ең керемет кезеңдердің бірі. Шөлдеген кезде ағзаны тек сумен нәрдендіріп қоймай, табиғи дәрумендерге бай сорпа ішіп тұрған да дұрыс. Бүгін біз оқырмандарымызға өте пайдалы сорпалар мәзірін ұсынатын боламыз!


Көкөністер мен гүлді қырыққабат қосылған сорпа

Қажетті өнімдер:

  • 10-12 бөлік гүлді қырыққабат
  • 10-12 дана брокколи
  • 2-3 дана картоп
  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • Томат қосылған консервіленген фасоль
  • 3 ас қасық зәйтүн майы
  • Сарымсақ және дәмдеуіштер шөптер
  • Тұз, аскөк
  • Ірімшік қосылған кептірілген нан
  • Ірімшік қосылған чипсы

Дайындалу тәсілі:

  1. Картоптың қабығын аршып, жуып, текшелеп турайсыз. Содан соң отқа қойып қайнатасыз. 10 минут қайнағаннан кейін брокколи мен гүлді қырыққабатты да саласыз.
  2. Пиязды турап, сәбізді үккіштен өткізесіз. Сосын табаға зәйтүн майын құйып, пияз бен сәбізді қуырамыз. Дәміне тұз қосып, фасольді саламыз.
  3. Енді сарымсақ пен дәмдеуіштерді, паприканы салып, барлығын 3-4 минуттай бұқтырасыз.
  4. Енді ірімшікті үккіштен өткізіп, дәмдеуіштер қосып, пешке салып бірер минут қыздырып аламыз. Сосын ірімшікті, кептірілген нанды сорпаның бетіне салып, дастарханға ұсына берсеңіз болады.


Мультипеште піскен қарақұмық сорпасы


Қажетті өнімдер:

  • 3 л сорпа немесе су
  • 400 гр. картоп
  • 200 гр. қарақұмық
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • 25 гр. өсімдік майы
  • 3 тал ақжелкен
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 2 дана лавр жапырағы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Пияздың қабығын аршып, тазалап жуып, текшелеп тураймыз. Мультипеш қазанына өсімдік майын құйып, пиязды саламыз. 5-6 минуттай қуырып, үккіштен өткізілген сәбізді салу керек. Сәбізді де 3 минуттай қуырып аламыз.
  2. Картоптың қабығын аршып, оны да текшелеп тураймыз. Қарақұмықты тазалап жуып, қазанға саламыз. Картопты да салып, барлығын араластыру керек.
  3. Сорпаны немесе қарапайым су құйып, қоюланғанша қайнатамыз.
  4. Дәміне қарай тұз, бұрыш, лавр жапырағын салып, қазанның қақпағын жауып қайнатамыз.
  5. Мультипеште уақытын қойып, тамақ дайын болған кезде өшіру батырмасына қоюға болады. Дайын тағамның бетіне ақжелкенді себелеп, кеселерге құя берсеңіз болады.


Кәді мен гүлді қырыққабат қосылған жеңіл сорпа


Қажетті өнімдер:

  • 180 гр. гүлді қырыққабат
  • 115 гр. кәді
  • 1,2 л су
  • 100 гр. пияз
  • 80 гр. сәбіз
  • 230 гр. картоп
  • 180 гр. қызанақ
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 1-2 тіс сарымсақ қосылады.
  • Ақжелкен
  • 2 ас қасық өсімдікмайы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Гүлді қырыққабаттың гүлдерін бөліп алып, тұзды суға 15-20 минуттай салып қоямыз. Тұзды су қырыққабаттың бойындағы зиянды жәндіктерді өлтіретін қасиетке ие. Сосын қарапайым суға салып бір жуып аламыз.
  2. Қазанға су құйып, отқа қойып қайнатамыз. Картоптың қабығын аршып, тазалап жуып, ірі көлемде тураймыз. Сөйтіп қазанға салып, 10 минут қайнату керек.
  3. Пиязды майдалап, сәбізді дөңгелектеп турап, табаға салып өсімдік майына қуырып аламыз.
  4. Көкөністер қуырылғанша кәдіні турай беруге болады. Қуырылған көкөністерді, текшелеп туралған кәдіні, гүлді қырыққабатты қайнап тұрған қазанға саламыз. Дәміне қарай тұз, қосып, 3-5 минут қайнатамыз.
  5. Осы уақыт өткеннен кейін қара бұрыш, туралған қызанақты салып, тағы да 7 минуттай қайнатамыз.
  6. Сорпаның пісуіне 2-3 минут қалғанда майдалап туралған сарымсақ пен ақжелкенді салуға болады. Содан соң сорпаны оттан алып, қақпағын жауып 10-15 минуттай күте тұрамыз.
  7. Гүлді қырыққабат пен кәді қосылған сорпа да дайын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жаз мезгіліне арналған өте пайдалы салаттар мәзірі


Кешкі асқа ЖЫЛҚЫ еті қосылған мына тағамдарды дайындаңыз