​«Жедел-жәрдем» салаты

0
2 525

Күйеуіңіз сізге ескертпестен екі-үш досын ертіп келді. Тамақ пісіруге кірісіп кеттіңіз. Онымен бірге қандай салат ұсынасыз? Мұндайда жылдам дайындалатын салаттар көмекке келеді. Мұндай салаттың бірі – қытырлақ нан қосылған салат.

ҚҰРАМЫ:

- 150 грамм ысталған шұжық

- 80 грамм қырыққабат

- 4-5 ас қасық қытырлақ нан

- 1-2 шай қасық күнжіт дәндері

- 100 грамм ірімшік.

Дайындалуы: Ысталған шұжықтың орнына тауық етін қолдануға болады.

1. Тауық етін тұз қосылған суда қайнатып пісіріп алыңыз. Ұзыншалап тураңыз.

2. Қырыққабатты ірілеу етіп, ал ірімшікті біркелкі етіп төртбұрыштап тураңыз.

4. Туралған құрамды қытырлақ нан бөліктерімен араластырыңыз да үстіне күнжіт дәндерін себіңіз.

Қытырлақ нанды дастарханға апарар кезде қосқан дұрыс.