Жемістен дайындалған ШӨЛБАСАР лимонадтар мәзірі

0
3 534

Шөлдегенде су іздейтініміз белгілі. Бірақ, лимонадтың орны бір бөлек!


Жемістен дайындалған ШӨЛБАСАР лимонадтар мәзірі

Апельсин мен лимоннан, басқа да жеміс-жидектерден дайындалған лимонад көпшілікке танымалдылығымен ерекшеленеді. Бұл дәмді сусындарды балалар ғана емес, ересектер де сүйсініп ішеді. Дәруменге бай лимонадтарды дайындау өте оңай.


Апельсин мен қант қосылған лимонад

Қажетті өнімдер:

  • 2 л су
  • 1 дана лимон
  • 2 дана апельсин
  • 120 гр. қант.

Дайындалу тәсілі:

  1. Апельсинді сабынмен тазалап жуып аласыз. Сосын оны қайнаған суға салып, алыңыз. Сонда толықтай тазарады.
  2. Цитрусты жемістерді ортасынан бөліп, шырынын сығып алу керек.
  3. Егер қолмен шырынын сығу қиынырақ болса, қабығын аршып тастап, жемістердің етін кесіп, шырынсыққышқа саласыз. Кейін бұл шырынды сүзгіштен өткізу қажет болады.
  4. Ал, апельсин қабықтарын майдалап турап, қантпен араластырасыз да, су құйылған кастрөлге саласыз.Шырыны сығылған жемістерді де салып жіберген артықтық етпейді.
  5. Отты жағып, 10 минуттай қайнатасыз. Жемістердің барлық нәрлі заттарын шығару үшін осы уақыт жеткілікті болады.
  6. Цитрусты жемістерден қайнатылған сусынжы енді сүзіп алып, шырынмен араластырыңыз. Графинге құйып, суытып қойыңыз. Кейіннен тоңазытқышқа салып, салқындатып ішуге де болады.
  7. Мұндай лимонадты ұзақ уақыт сақтауға болмайды.


Апельсин мен лаймнан дәмді лимонад


Қажетті өнімдер:

  • 2 дана ірі апельсин
  • 2 дана лимон
  • 2 лана лайм
  • 1 бума жалбыз
  • 100 гр. қант.
  • 3 л қайнатылған су

Дайындалу тәсілі:

  1. Цитрусты жемістердің қабығын аршисыз. Сөйтіп шырынын сығып аласыз.
  2. Жемістердің қабығын турап, шырынымен бірге кастрөлге саласыз да, 3 литр қайнаған суды құясыз.
  3. Бір қайнатып алып, қант қосасыз да, жақсылап араластырасыз.
  4. Қанттың орнына бал қосуға да болады. Лимонад суығаннан кейін үккіштен өткізілген жалбызды қосасыз.
  5. Лимонадты тоңазытқышқа салып қойыңыз. Содан соң лимонадты мұзбен ұсынуға болады.


Таңқурай лимонады

Қажетті өнімдер:

  • 500 мл таңқурай шырыны
  • 500 мл. минералды су
  • Әсемдеу үшін таңқурай қажет
  • 1-2 жалбыз сабағы
  • 0,5 дана лимон

Дайындалу тәсілі:

Лимонды тазалап жуып, кептіресіз де, ортасынан бөлесіз. Лимон шырынын сығып, таңқурай шырынымен араластыру керек. Сосын минералды суды қосып, барлығын жақсылап араластырған дұрыс. Әрбір бокалдың түбіне бірнеше таңқурайдан салып, үстіне лимонадты құясыз да,жалбыз жапырақтарымен әсемдейсіз.


Алмадан дайындалған лимонад

Қажетті қоспалар:

  • 500 мл алма шырыны
  • 1 л газдалған минералды су
  • 0,5 дана лимон.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алма шырынын қолдан дайындаған дұрыс. Ол үшін алдымен алмаларды жуып, бірнеше бөлікке бөлесіз де, шырынсыққыштан өткізесіз.
  2. Алма шырыны мен минералды суды салқындатып, 1:2 көлемде екеуін араластырасыз.
  3. Болмаса 1:1 көлеммен бірдей етіп қосуға да болады. Содан соң лимонды дөңгелектеп турап, дайын алма лимонадымен араластырыңыз. Сонда алмадан дайындалған лимонадты іше беруге болады.

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТРЕНД ТАҒАМ: баялдыдан дайындалған пісірмелер


Квас дайындаудың ең тиімді 3 әдісі