ТРЕНД ТАҒАМ: баялдыдан дайындалған пісірмелер

0
3 294

Баялды пісірмесін жасай аласыз ба?


ТРЕНД ТАҒАМ: баялдыдан дайындалған пісірмелер

Көктем мен жаз айларында көкөністі көп жейтініміз белгілі. Адам ағзасына ең пайдалы азық та көкөністер мен жеміс-жидектер болмақ. Қыс мезгілінде әлсіреп, денсаулығымыз сыр бермес үшін, алдын ала ағзаны қуаттандырғанымыз дұрыс.


Көкөністер салынған БАЯЛДЫ пісірмесі

Қажетті өнімдер:

  • 1 дана ірі баялды
  • 3 ас қасық зәйтүн майы
  • 250 гр. фарш
  • Тұз, бұрыш
  • 1 дана пияз
  • 1 дана қызыл болгар бұрышы
  • 3 тіс сарымсақ
  • Азырақ аскөк
  • 100 гр. ірімшік
  • ¼ стақан ұнтақ нан
  • 1 дана жұмыртқа
  • 2 дана қызанақ


Дайындалуы:

  1. Алдымен аскөкті майдалап, болгар бұрышын текшелеп турап аламыз. Баялдыны ортасынан қақ бөліп, қасықпен етін алып тастаймыз.
  2. Баялдының етті жерін тастамай суға салып 5-7 минуттай қайнатамыз. Сосын суын төгіп тастап, баялдыны дуршлагқа саламыз.
  3. Содан соң табаға зәйтүн майын құйып, фаршты қуыру керек. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосуды ұмытпаймыз. Фаршты пісіп кеткенше қуыруға болмайды, қызара бастаса оттан аламыз. Осы табаға пияз бен болгар бұрышын, сарымсақты да қуырып алуға болады. Көкөністерді орташа отта 4-5 минут қуырған жеткілікті.
  4. Енді шұңғылдау табаққа баялды етін, қуырылған фарш пен көкөністерді, майдалап туралған аскөкті, ұнтақталған нан, жұмыртқа мен ірімшікті саламыз. Осы араласпаға текшелеп туралған қызанақты да қосу керек. Барлығын жақсылап араластырып, осы фаршты енді алдын-ала дайындалған баялдымызға салып шығамыз.
  5. Фаршталған баялдыны майланған табаға салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 45 минуттай пісіреміз. Дайын тағамды түскі немесе кешкі асқа ұсына беруге болады.


Баялды мен грек жаңғағы қосылған дәмді тағам


Қажетті өнімдер:

  • 2 дана баялды
  • 100 гр. грек жаңғағы
  • 50 мл су
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • ¼ дана пияз
  • Дәміне қарай тұз, қара бұрыш
  • 40-50 гр. майонез
  • 1/3 шай қасық кориандр
  • 1/3 шай қасық хмели-сунели дәмдеуіші
  • 1 ас қасық лимон шырыны
  • 1/3 бөлік күнзе қосылады.


Дайындалуы:

  1. Баялдыны дөңгелек қалыпта, 5-6 мм қалыңдықта турау керек. Сосын тұзды суға салып, үстінен бір затпен бастырып қоясыз. Жарты сағаттан соң суын төгіп, баялдыны кептіресіз.
  2. Салмасын дайындау үшін 50 мл су, пияз, лимон шырыны, сарымсақ, майонез бен грек жаңғағы, күнзені блендерге салып, майдалаймыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосамыз. Дайын салманы тоңазытқышқа сала тұрамыз.
  3. Баялдыларды өсімдік майына қуырып, қағаз майлық салынған тәрелкеге жайғастырамыз. Қағаз майын тартып алуы тиіс. Сосын әрбір дөңгелек баялдыға грек жаңғағы қосылған пастадан 1 шай қасық салып екі бүктеп қоямыз. Сонда тағамымыз да дайын болады. Мұндай тағамға гарнир ретінде күріш, макарон қайнатып қоюға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Квас дайындаудың ең тиімді 3 әдісі


Қолдан дайындалатын НУТЕЛЛАНЫҢ 7 түрлі рецепті