​Жемістерден дайындалатын жаздық ТОРТ

0
3 034

Тәтті тортты дайындауына көп уақыт кеткенімен, шаймен ішкенде шаршағаныңды ұмытып кетесің. Сіз де өте дәмді әрі тез дайындалатын тортты жасап көріңіз.


​Жемістерден дайындалатын жаздық ТОРТ


Қажетті қоспалар:

  • 150 гр. печенье
  • 50 гр. сары май
  • 8 гр. желатин
  • 150 гр. банан
  • 60 гр. қойылтылған сүт
  • 200 гр. кілегейлі ірімшік
  • 75 гр. кілегей
  • 150 гр. құлпынай
  • 40 гр. қант
  • 40 гр. су
  • 2 гр. желатин
  • 0,5 шай қасық лимон шырыны
  • 150 гр. құлпынай


Дайындалу тәсілі:

  1. Бананды шанышқымен езіп аламыз. Сосын печеньені ұнтақтап, 50 гр. сары маймен араластыру керек.
  2. Дайын күлше араласпасын формаға салып, үстінен басып тегістейміз.
  3. Банан езбесін табаққа салып, оған кілегейлі ірімшікті қосып, екеуін жақсылап араластырамыз. Сосын 60 грамм қойылтылған сүт қосып, суға ерітілген желатинді де саламыз.
  4. Кілегейді миксермен барынша көпіршітіп, банан езбесіне саламыз. Сөйтіп барлығын қасықпен жай ғана араластыру керек.
  5. Құлпынайды ортасынан кесіп, тоңазытқышқа салынған форманың жан-жағына айналдыра саламыз.
  6. Ортасына кілегей массасын құйып, бетін тегістейміз.
  7. Қалған желатинді де суға салып ерітіп, құлпынайды дөңгелектеп тураймыз. Құлпынай мен желатинді араластырып, торттың бетіне саламыз. Қалған сиропты да құйып жіберуге болады. Осылайша дайындалған тортты 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қою керек.
  8. Дайын тортты кесіп жей беруге болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

КҮНДЕЛІКТІ ішуге ұсынылатын жеміс КОМПОТТАРЫ