Жылдам дайындалатын түскі ас

0
6 652

Бұл қағида асты жылдам дайындау кезінде де естен шықпауы тиіс. Қолда бардан дәмді асты әзірлеп қана қоймай, оны жылдам дайындап буын бұрқыратып әп-сәтте дастарханға қою да әйелдің шеберлігі. Ендеше, жылдам дайындалатын ас мәзірін ұсынайық.


Жылдам дайындалатын түскі ас

фото :grandkulinar.ru

«Қазаныңа не салсаң, шөмішіңе сол ілінеді» демекші, шынында да қазанға ет салсаң ет пісіп шығады. Дегенмен, бұл сөздің түпкі мағынасы бар. Әр әйел баласы асты анасынан үйренгені бойынша, көрген-білгеніне қарап дайындайды. Бірі дәмді етіп, хош иісін таратып әзірлесе, енді бірі жеуге жарамды быламық дайындауы мүмкін. Міне, осындайда еріксіз қазанға түсірген асыңды дәмді-дәмсізіне қарамай жеуге тура келеді. Сондықтан да әйелдер қауымы қай тағамды болмасын шын көңілмен әрі дәмді етіп пісіруді үйренген дұрыс.

Бұл қағида асты жылдам дайындау кезінде де естен шықпауы тиіс. Қолда бардан дәмді асты әзірлеп қана қоймай, оны жылдам дайындап буын бұрқыратып әп-сәтте дастарханға қою да әйелдің шеберлігі. Ендеше, жылдам дайындалатын ас мәзірін ұсынайық.

Керектілер:

  • 2 дана кәді
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • 2 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 2 ас қасық ұн
  • Қатты ірімшік.

Дайындалу тәсілі:

  • Пісірмені тез дайындауі үшін табада пісіреміз. Ол үшін алдымен табаға өсімдік майын құйып, майдалап туралған сарымсақты қызарта қуырып аламыз. Сосын дөңгелектеп т уралған кәдіні салып, азырақ қуырасыз да, 15 минуттай қақпағын жауып бұқтырасыз.
  • Табаққа жұмыртқа мен қаймақты, ұнды араластырып, табаға құйып жібересіз. Бетіне қызанақ салуға да болады. Соңында ірімшікті үккіштен өткізіп, пісірменің бетіне себелейді. Табаның қақпағын жауып, піскенше ашпау керек. Шамамен 20 минутта дайн болады. Дайын пісірмені түскі асқа ыстықтай ұсынасыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ