​Әкесі ТІРІ адам МАЛДАС құрып отырмайды

0
5 376

Осыған қатысты «әкесі бар адам басты мүжімейді», «әкесі тірі адам төрде отырып билік айтпайды», «әкесі тірі адам қауға сақал өсірмейді» және «әкесі бар адам малдас құрып отырмайды» деген секілді көптеген тыйымдар бар.


​Әкесі ТІРІ адам МАЛДАС құрып отырмайды

Қазақта әртүрлі жағдайға байланысты айтылатын арнайы ырым-тыйымдар көп-ақ. Соның ішінде жас балаға, жас келінге, әйелге қатысты, ер адамға қатысты деп сан тарауға бөліп алып қарастыруға да болады.

Әрқайсысын өз жөн-жосығымен орындап жүрген адам көргені мол, салт-дәстүрді берік ұстанған адам ретінде ортасындағы абырой-беделі, сыйы артады.

Мұның себебі де сол тәрбиеден, сыйластықтан бастау алады.


Мысалы, әкесі бар адам, мен әкесі өмірден өткен адамның да өзінің орындары, билік айтуға келгенде, жөн-жосықты орындайтын кезеңде де олардың өз орындары білініп тұрады.


Осыған қатысты «әкесі бар адам басты мүжімейді», «әкесі тірі адам төрде отырып билік айтпайды», «әкесі тірі адам қауға сақал өсірмейді» және «әкесі бар адам малдас құрып отырмайды» деген секілді көптеген тыйымдар бар. Мұның барлығы да айналып келгенде әкеге деген құрмет, әкеге деген перзенттік сыйластық.


«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без» деген де қазақтың тәрбиесінен, ата жолын ұстанған адам қор болмайтындығының белгісі.


Егер төрдегі адам малдас құрып отырса, оның әкес жоқ деп есептеңіз. Өйткені әкесі тірі адам малдас құрып отырмайды. Ер адамның отыруының өзінде осындай таңбалық мін бар. Төрдегі адам төрелік айтады. Ал төрелікті айтатын, ақ пен қараның аражігін ажырататын адам әлбетте көпті көрген, әкеден өнеге алып, сол жолды жалғастыратын адам.


Әкесі тірі адам басты мүжімейді деген сөз де қазақтың «әйтпесе әкесі өледі» деп ырым еткенінен шығады. Оның үстіне, бұл әкенің орнына, жолына таласқандық болып саналады.

Сондықтан басты кесіп отырған қариялар «осы отау иесінің әкесі тірі ме?» деп алдын ала сұрап алатын болған.


Содан кейін қазақта «әкесі тірі адам сақал қоймайды» дейді. Яғни, сақалын күзеп алып тастамағанымен, өзіне сай, жарасымды етіп сақал қояды. Мұны да «қырма сақал» деп атау берген. Қазіргі кезде жасы жиырма мен отыздың арасындағы жап-жас жігіттердің дінді қалқан етіп ретсіз өсірген сақалдарынан дәстүрдің қалып, діннің де әсіре түрінің озып бара жатқанын көреміз.

фото: qazaqytoi.kz

Дінге ешкім де шектеу қоймайды, бірақ жасы қырықтан асып, әкесін соңғы сапарға шығарып салғанда ғана сақалын жіберсе, қатып-ақ кетер еді. Сонда кімнің, кім екені де сырттай білініп тұрады. Дінге енді бет бұрған жастардың осылай асыра сілтеп кететіні бар. Бір нәрсені асыра істеуге бейім. Сосын бізде бабаларымыздан бері келе жатқан діни дәстүрдің үзіліп қалғанын байқауға болады.

Малдас құрып отыруға қатысты да осылай деуге болады, өйткені дәстүрді, ата-баба салтын дұрыс ұқпағандықтан кейде әкенің өзі балаға «ер жігіт малдас құрып отырады» деп үйретеді.

Күні кешеге дейін осындай көріністі көп көрдім. Әкесінің баласына осындай тәрбие бергенін өзім де дұрыс деп ойлайтынмын. Сөйтсем «әкесі тірі адам малдас құрмайды» деген де тұнып тұрған тәрбие екен ғой.

Нұр Әлем,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЖҮКТІ ӘЙЕЛдің жолын кессе НЕ БОЛАДЫ?


«БЕЛді ТАЯНБА!» деген тыйымның астарында НЕ БАР?