​Асық жинасаңыз, ҰЛды боласыз

0
2 720

Асық та сізге "тілеулес" болады екен...


​Асық жинасаңыз, ҰЛды боласыз

Қазақ жалпы ырымға сенген халық, сондықтан бұл асықтарды өмірлік жарын табуға, кейін балалы-шағалы, үбірлі-шүбірлі ұл-қызды болуға, ары қарай бір жастықта қартайып бірге бақытты ғұмыр кешейік деп ырымдаймыз.

Бұрындары ұлды болу үшін асық жинайтын, сол секілді асықтың алшысынан түсуін қазақ халқы жақсылықтың, сәттіліктің белгісі деп біледі.
бір мен ғана емес, қазақтың бұл ырымын көпшілік білетін шығар деген ойдамын.

Өзім тұрмысқа шыққан соң, бірден жүкті бола қоймадым. Арада бір жыл өтіп, енем емексіп құрсағыма көз тастай бергенде өзім де ыңғайсызданып қалушы едім. Дәрігерге барғанымда да «барлығы дұрыс, күтіңдер!» деген жауапты ғана алатынбыз.

Содан көңілім күпті болып тұрса да, үмітімізді үзбей, іштей дұға етумен қатар, әртүрлі балаға қатысты естіген, көрген ырымдарым болса да жасап жүрдім.

Алла қалап, тағы бір жылдан соң, яғни, тұрмыс құрғаныма екі жыл толғанда мен ана атандым. Өмірге сұлу қыз келді. Тұңғышым ғой, көптен асыға күтіп едік, қатты қуандым.

Бірақ күйеуім «ұл болмады» деген сыңай танытқандай болған. Тіпті үйленген жолдас-жораларының тұңғыштары ұл болып, «еркектен еркек туады» деген сөздерді айтып, пәлсапа соққанда күйеуім ренжіп келетін алдында.

Кейін қызымыз өсіп, қылығы шыға бастағанда ғана өзінің әкелік сезімі оянып, өте балажан екендігін байқатты. Одан кейін тағы да екі қызды өмірге әкелдім. Үш қыз босанғанда да күйеуім тұңғышымыздан соң «неге ұл емес» демеді.

Керісінше, мен енді күйеуімді қуантып, ұл сыйласам екен деп әр жүктілігімде тілек тілейтін болдым.

фото: 6alash.kz

Қазақтың ежелгі ырымы бойынша, қонақ болып бір үйге барсақ та, үйге қонақ шақырсақ та асықты жілікті көзіммен іздеп тұратын болдым. Өйткені бір қайнағам маған осындай бір жиында арнай өзімді шақырып, «келін, мына асықты жинай бер. Ұлды бол! Тағы асық көрсең, қалдырма, жинап жүр. Осы асықтармен ұлдарым ойнайды деп ырымдап үйге әкеліп тізе бер» деген болатын.

Содан болар, асық жинау туралы әр жерден сұрастырып, іздене бастадым. Бұрынғы әжелерімізден қалған ырым ғой, асық сізбен бірге армандап, менімен ойнайтын ұлдар келсе екен осы үйге деп аңсайды екен.

Оның себебі, асықты жалғыз ұл ойнамайды, екі немесе одан да көп бала ойнайды. Сондықтан, асық жинасаңыз, бір тал ұлмен шектеліп қалмай, Алла құрсағыңызға ұлға серік болып асық ойнайтын тағы ұлдарды береді екен.

Бұл қазақтың ежелден келе жатқан сенімі, ырымға сенбейтіндер де бар, дін жолына қайшы деп сөгетіндер де бар.

Дей тұрғанмен, қызықтың ырымының жаманы жоқ. Барлығы да жақсы тілеу, ізгі ниеттен туған наным-сенім болса оның несі айып?!

Нұр Әлем,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Үйге ҚОНАҚ КЕЛГЕНДЕ мұны ІСТЕМЕҢІЗ!


Жас келін өзінің "Беташарында" ПАЛАУ ЖЕМЕЙДІ