​Оразадан БОСАТЫЛҒАН адамға да САУАП жинауға болады

0
6 301

МҰНЫ жасасаңыз, ораза ұстаушының сауабындай сауапқа кенелесіз.


​Оразадан БОСАТЫЛҒАН адамға да САУАП жинауға болады

Ораза барлық мұсылман жұртшылығының парыздарының бірі саналады. Ауыз бекіткен адам ішіп-жеуден, тамақтан ғана емес, бүкіл жаман істерден, сөздерден тыйылып, рухани кемелденуге тырысатын шақ. Оразаны бұзатын амалдардан аулақ болып, Аллаға жақындай түсуге, құлшылықтарды көбейтуге берілетін мүмкіндік.


Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара, 2/185). Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа Құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылықка бару» (Бухари, Имам, 34).

Ораза ұстайтын адам міндетті түрде мұсылман және балиғат жасына толған болуы шарт. Жолаушылар мен науқас адамдарға ораза парыз емес.

Солай болса да ораза ұстай алмайтын, бірақ сауап жинағысы келетін адамдар не істеуі керек?
Бұл адамдар егер өмір бойы мүлдем ораза ұстауға шамалалары жетпесе әр күні үшін фидия өтемін өтейді. Оған қатысты Алла тағала қасиетті Құранда: "Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер болса бір міскіннің (бір күн) ішетін тамағын (күнде) беріп тұрсын" делінген. Фидияның мөлшері пітір садақаның мөлшеріне саяды. Яғни оразаның әр күні үшін бір міскінге мына төмендегі төрт түрлі азықтың кез-келген біреуін немесе соның құнын береді:


фото: vesiskitim.ru

* Бидай ұнының міндет болған мөлшері: 1 кг. 459 гр. немесе осы мөлшердегі құны;

* Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны;

* Мейіздің уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны;

* Құрманың уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны.

Бұған да шамасы жетпейтін кісілер фидия беруге міндеттелмейді. Ал кей күндері ораза ұстауға шамасы жеткен адам сол күндері ораза ұстап, қалған ұстамаған күндерінің қазасын шамасы келген күндері өтейді. Бұларға фидия өтемі рұқсат емес. Ал енді бұл адамдардың кейбірі жаз мезгілінде күннің ыстық болуына байланысты ораза ұстауға шамасы келмесе, қыс мезгілінде жазғы оразаның қазасын өтейді.

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Ораза ұстауға шамасы келмейтін кәрі ер мен әйелге ораза ұстамауға және оны өтемеуге рұқсат етілді, бірақ, жіберілген әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандыруға бұйырылды», – деген. (Әл-Бухари, 7/179. Әд-Дарақутни, 2/205).

Материал ummet.kz, azan.kz, islam.kz cайттарының негізінде дайындалды.

Дайындаған: Нұр Әлем,

ERNUR.KZ

Оқи отырыңыз:


Ораза ұстаған адам МЫНА 10 АМАЛды орындауы тиіс

НӘЗІР салтын орындасаңыз, ІСІҢІЗ ОҢ болады