​Ораза ұстаған адам МЫНА 10 АМАЛды орындауы тиіс

0
8 988

Баршамыздың жасаған хайыр-ізгі амалдарымызды Алла-Тағала қабыл етіп, Оның разылығы мен жәннатты баршамызға нәсіп етсін!


​Ораза ұстаған адам МЫНА 10 АМАЛды орындауы тиіс

Рамазан айы басталғаннан осы амалдарды орындауға тырысыңыз. Бұл ұнамды амалдар парыз немесе сүннет емес, тек Аллаға ұнамды амалдар болғандықтан, әрбір мұсылман өзі үшін жасауы тиіс.

Яғни, істесеңіз сауап жинайсыз, істемесеңіз ол үшін күнә жоқ.


1-амал. Сәресіге тұру

Сәресіге тұруға ерінбеңіз. «Ұйықтай тұрайыншы, қарным аш емес қой» деп ойлауыңыз мүмкін. Немесе түндегі ас-суыңыздың тоқтығы себепті күні бойы сәресін ішпей-ақ ауызашарға қиналмай жетемін деген ой туындауы да мүмкін. Бірақ бұл ойыңыз дұрыс емес. Ауыз бекіткен адам сәресіге тұрса, ол Алла-Тағалаға ұнамды амалдардың бірі. Өйткені, пайғамбарымыздың хадисінде де бар бұл туралы. «Сәресіге тұрыңдар, сәресіде береке бар» деген.


2-амал. Сәресін кешіктіріп ішу

Кешіктіріп дегенде сәресі уақытынан кешігу емес, таң намазына жақындатып сәресін ішу. Бұл да ұнамды амалдардың бірі саналады.


3-амал. Ақшам намазынан бұрын ауыз ашу

Кейбір адамдар ақшам намазы уақыты кіргеннен ауыз ашпастан бұрын бірден намаз оқуға жүгіріп кетеді. Одан гөрі алдымен құрмамен немесе сумен ауыз ашып алып, одан кейін намазға тұрсаңыз абзалырақ болады.


4-амал. Ауызды құрмамен немесе сумен ашу

Әрине бұл барлығына белгілі. Бірақ бұл екеуі табылмаған жағдайда басқа да жеміс-жидектермен ауыз ашуға болады. Тек қана от тимеген болуы тиіс.

Қазіргі кезде бұл екеуі табылмай қалады деп айта алмаймыз. Құрма болмаған жағдайда да су бар ғой. Сондықтан мейлінше осы ұнамды амалдарды орындаңыз.


5-амал. Ауыз аштыру

Шамаңыз келсе жоқ-жітікті, шынымен де жағдайы жоқ, құнарлы тамақ алуға ақшасы жетпейтін жандарды тамақтандырсаңыз, өзіңізге жақсы амалдардың қатарын арттырасыз.


6-амал. Таң намазына дейін тазару

Аузы берік адам жүніп немесе хайыз кезеңінде, нифас кезеңінде болса онда таң намазы кіргенге дейін мүмкіндігінше тазару қажет. Бұл да Алла-Тағалаға ұнайтын амалдардың қатарында.


7-амал. Жақсы сөз сөйлеу

Аузы берік адам тек жақсы сөз сөйлеуі керек. Егер аузынан жаман сөз шығып кететін болса, ол оразаны бұзбайды, дегенмен бұл Алла-Тағалаға ұнамсыз амалдың бірі болып қалады.

Сондықтан, ораза ұстаушы адам өзін де, сөзін де тыйып, мейлінше жақсы сөздер сөйлеуге дағдыланғаны дұрыс.


фото: islam.kz


8-амал. «Оразамын» деу

Егер сізді біреу ұрыс-керіске итермелеп немесе қандай да бір жамандыққа шақырса, «Мен оразамын» деп айту сүннет амалдарының қатарына жатады.


9-амал. Уақытты бос өткізбеу

Ораза ұстаған адам бос уақытының барлығын нәпіл ғибаттарымен (құран оқу, намаз оқу, сүрелерді жаттау секілді ғибадаттар) өткізгені дұрыс.


10-амал. Игтикәфқа кіру

Рамазан айының соңғы онкүндігінде игтикәфқа кіру. Яғни, игтикәф дегеніміз ол - оңашалану. Мүмкіндігіңіз болса, оңашаланып, тек қана Аллаға құлшылық етуді жалғастырыңыз.

Әсіресе, рамазан айының соңғы онкүндігінде мейлінше құлшылқы көбейте берген дұрыс. Өйткені адамдар рамазанның алғашқы күндерін күшті екпінмен өткізеді де, соңғы күндерінде шаршау басады. Ал керісінше, соңғы күндерінде құлшылыққа көбірек назар аударсаңыз бұл ұнамды амалдар қатарында.

Міне бар болғаны осы 10 амалды орындасаңыз, Алланың қалауымен оның сүйікті құлдарының қатарынан боласыз деген үміттеміз.

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!


Нұр Әлем,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


НӘЗІР салтын орындасаңыз, ІСІҢІЗ ОҢ болады


МҰНЫ ІСТЕГЕН сәби өскенде МАЛТАПҚЫШ болады