Шұлығын тесіп тастай беретін бала ӨТКІР МІНЕЗДІ болады

0
365

Шұлығы тесіліп қала беретін бала сізде де бар шығар?


Шұлығын тесіп тастай беретін бала ӨТКІР МІНЕЗДІ болады

фото: istockphoto.com

Дүниеге сәби келгенде әрбір ата-ана үшін, әулет үшін қуаныш. Баланың өсіп-жетілуі үшін талай баспалдақтардан өтуі керек.

Қазақ халқы – ежелден ерекше балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, дүниесі түгел, қызығы мол базар секілді, балалы үйдің шаттық қуанышы да, байлығы да бала екенін меңзейді. «Артымда тұяғым қалсын, шырағым сөнбесін, түтінім түтеп, әулетім жалғассын» деп армандайды. Ұрпағының көбеюіне, өсіп-өніп жетілуіне зор мән бергендіктен болар, балаға қатысты ырым-тыйым, дәстүрлер де жетерлік. Кейбіреулерін ғана атап айтсақ, кішкентай балаға тіл-көз тимесін, сұқ өтпесін, назар түспесін деп олардың баскиіміне үкі, жыланның қураған басын, көзмоншақ қадап, тұмар тағып қоятын болған. Көпшілік бар жерге апарғанда маңдайына күйе жағады.

Қазіргі кезде мұндай сенімдер сиреп кетті. Керісінше, кішкентай, сүйкімді сәбиін ел-жұрттың бәрі көрсін дегендей, әлеуметтік желіге салып, көпшілік көзіне көрсетуге әуес.


Ырым-тыйымдарға, дәстүрге аса мән бере қоймайтын, елемейтін қазіргі ұрпақтың кейде ата-әжелеріміздің айтатын ырым-тыйымдарына, болжамдарына мән беретінін байқасаңыз, аздап таңырқай қарайтын жағдайға жеттік.

Бұлай дейтінім, жақында болған қызық жағдай менің де көзқарасымды біраз өзгерткендей.

фото: inpearls.ru

Екінші сыныпта оқитын ұлымды мектептегі сабағынан соң, арнайы үйірмеге апарып жүргенмін. Ұл бала болғандықтан, денесі шымыр, денсаулығы мықты болғаны да маңызды ғой. Сондықтан, күреске баулу үшін боз кілемге жаттықтыруға алып келемін. Мен секілді баласын жетектеген аналар мұнда өте көп.

Солардың бірімен балаларымыз жаттығудан шыққанша күтіп отырып танысып қалған едік. Бір көрген таныс, екі көрген біліс демей ме?

Осылай жүріп, бір-бірімізді жақсы танып алдық. Балалар шыққанша әңгімелесіп отырып, уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін де байқамай қалатынбыз.


Баласын киіндіріп жатқан аналардың бірі «бүгін тағы да тестің бе, шұлығыңды? Жап-жаңа, кеше ғана сатып алып берген шұлық еді, бір аптаға да жеткізбейсің ғой» деп кейіп жатқанын естіген жанымдағы келіншек оған қарап жымиды.

Сосын: «балаңның шұлықты тесіп тастағанына налыма, қайта қуан! Мұндай балалар өскенде сені асырайды.

Себебі, мұндай бала тегін емес.

Егер баланың үлкен башпайы, шұлығын тесіп шыға беретін болса, өскенде өткір мінезді, іске алғыр, жұрт сүйсінген адам болады. Сондықтан, өткір мінезді, елді аузына қаратқан, елді басқаратын адам болғалы тұр» деді.

Бұл сөзді естіген баланың анасы да «Әумин, айтқаныңыз келсін! Лайым солай болғай!» деп жүзіне күлкі үйірілді.


Әрине, баласының елдің аузында жүрген, мақтаулы азамат болғанын қай ана қаламасын? Ана үшін бұл үлкен мәртебе, мақтаныш емес пе?


Сол кезде мен де жастар да осындай ырымдарға мән береді екен ғой деп таңдандым, бір жағынан алғаш рет бұл туралы біліп отырмын. Шынында да бұл ырымның, наным-сенімнің астарында шындық жатқан шығар, кім білсін?!

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТҮБЕК пен ШҮМЕКті төңкеруге болмайды


"Қыз берген ҚҰДАҒИҒА сырғаны БІР ЖЫЛДАН СОҢ ТАҒАДЫ" - дәстүр солай ма?