​Ағзаға В тобындағы дәрумендер жетіспесе не болады?

0
4 993

Ұйықтай беру, көңілсіздік, тез ашулану... Себебін анықтап көріңіз.


​Ағзаға В тобындағы дәрумендер жетіспесе не болады?

Адам ағзасы өте күрделі жүйе. Ағза өмірлік маңызы зор көптеген элементтерден тұрады. Егер осы элементтердің біреуі ағада жеткіліксіз болатын болса өзінің кері әсерін білдіре бастайды. Осындай ағза үшін аса маңызды дәрумендердің бірі – В тобындағы дәрумендер.


В1 дәрумені (тиамин) – жүйке жүйесі мен ми жұмысына, жүрек бұлшықетінің жұмысына айтарлықтай әсер етеді.

В2 дәрумені (рибофлабин) – көз жанарының функцияларын реттеп, гемоглобиннің түзілуі мен темірдің сіңуіне ықпал етеді.

В3 дәрумені (ниацин немесе никотин қышқылы) – көмірсу мен холемтерин алмасуын қалыпқа келтіріп, ферменттерді синтездейді. Сонымен қатар, көптеген гормондардың шығарылуына атсалысады.

В5 дәрумені (пантенол) – жаралардың тез жазылуына септігін тигізетін ең танымал дәрумендердің бірі.

В6 дәрумені (пиридоксин) – терінің, шаш пен тырнақтың әдемі боп өсуі үшін керек дәрумен болып табылады.

В7 дәрумені (биотин) – аталмыш дәруменсіз метаболизмнің дұрыс болуы мүмкін емес.

В9 дәрумені (фолий қышқылы) – көпке танымал дәрумен. Бұл дәрумен болашақ аналарға өте қажетті. Себебі, жатырда өсіп келе жатқан шарананың дұрыс дамуы осы дәруменге тікелей байланысты.

В12 дәрумені (цинакобаламин) - нуклеин қышқылдарының түзілуі мен қантүзілімге атсалысады.


В дәрумені ағзамызға не үшін қажет?


В тобындағы дәрумендер өмірлік маңызы бар дәрумендер деп бекер айтылмайды. Жоғарыда келтірілген В тобындағы дәрумендер бүкіл ағзаны энергиямен толықтырып, қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Мысалы:

  • Жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • Асқазан-ішек жолдары жұмысын қалыпқа келтіреді;
  • Тері, тырнақ пен шаштың жағдайын жақсартады;
  • Зиянды холестериннің шығуына атсалысады;
  • Стрестен тез шығарып, эмоционалды саулықты арттырады;
  • Жаңа жасушалардың өсуіне әсер етіп, энергия алмасу мен бұлшықет жұмыстарын айтарлықтай жақсартады;
  • Иммунитетті нығаытады;
  • Мидың жұмысын жақсартады.


Ағзаға В тобындағы дәрумендердің жеткіліксіз екенін қалай білуге болады?

В тобындағы дәрумендер жүйке жүйесі мен мидың жұмысына ерекше әсер етеді. Сол себепті де бұл дәрумен жеткіліксіз болған жағдайда:

  • Үнемі шаршаңқы жүру, әлсіздік, тез шаршап қалу;
  • Шаш, тырнақтың сынғыштығы, терінің құрағауы;
  • Тез ашуланы, жүйкені тозуы, көңілсіздік, енжарлыққа салынуыңыз мүмкін.
  • Ал, психоэмоционалды жағдайлар көбіне ағзаға В6 және В1 дәрумендерінің жетіспеушілігінен хабар береді.
  • Бұдан бөлек, В1 дәрумені азайғанда тәбетіңіз қашып, есте сақтау қабілетіңіз нашарлайды екен. Еріннің жарылуы жиілесе В6, көздің көруі нашарласа В12 дәруменін қабылдауыңыз керек. Егер ағзаға В9 дәрумені жетіспесе ашушаңдыққа салынып, лоқсуыңыз ғажап емес. ұйқышылдық та В9 дәруменінің аздығынан пайда болады.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында дәрігер қабылдауына жазылып, уақытылы дәрумендер қабылдап тұрғаныңыз жөн. Дәрумендер жиынтығын қабылдағанды қаламасаңыз, табиғи жеміс-жидектер мен көкөністерден, басқа да дәнді-дақылдардан қажетті минералды заттар мен дәрумендерді ала аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әйелі жас босанған ер-азаматтар да күйзеліске ұшырайды


ВИРУС ЖҰҚТЫРМАУДЫҢ басты АМАЛЫ