Күркетауық етінен дайындалған өте пайдалы диеталық тағам

0
644

Дайындап көріңіз!


Күркетауық етінен дайындалған өте пайдалы диеталық тағам

Егер күркетауық етін пеште дайындайтын болсаңыз, тағамыңыз сулы әрі дәмді болып шығады. Пайдалы әрі тез әзірленетін асты әсіресе артық салмақпен күресіп жүрген нәзік жандарға ұсынамыз.


Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. күркетауық еті
  • 100 гр. кәді
  • 100 гр. қызанақ
  • 1 дана пияз
  • 1 тіс сарымсақ
  • 1 ас қасық тауық етіне арналған дәмдеуіш
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен пияздың қабығын аршып, текшелеп тураймыз. Сарымсақты да аршып, майдалап турау керек.
  2. Кәдіні дөңгелек қалыпта тураған дұрыс. Қызанақты ортасынан бөліп, сол қалпында ірілеп тураймыз.
  3. Күркетауық етін тазалап жуып, кепкен соң ірілеп турау керек. Ары қарай бәрі де оп-оңай.
  4. Барлық көкөністер мен күркетауық етін бір табаққа салып, дәмдеуішті, тұз бен бұрыш салып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  5. Зәйтүн майын құйып, тағы бір араластырып жіберу керек.
  6. Дайын араласпаны табаға немесе арнайы формаға салып, бетін фольгамен жабамыз.
  7. Тағамды 160-170 градусқа қыздырылған пеште 30 минут пісіреміз.
  8. Піскен күркетауық етін майдалап туралған аскөкпен дастарханға ұсынамыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күзде салмақ тастаудың амалы бар


Ашуланғанда тамақты көп жейсіз бе?