Ашуланғанда тамақты көп жейсіз бе?

0
3 420

Көңіл-күйдің болмауы сіздің тамақты көп жеуіңізге себеп бола ма? Осындайда тәбетіңізді тыя алмай қиналасыз ба?


Ашуланғанда тамақты көп жейсіз бе?

Ашулану, депрессияға берілу кезінде тамақты көп жемеудің амалдары бар дейді диетологтар. Алайда мұндай жағдайда да өз-өзіңізбен біраз жұмыс істеуге тура келеді.

Өзіңізбен күресуді бүгіннен бастасаңыз да болады. Мысалы, қарныңыз ашқан кезде бұл жай ғана алдамшы ма әлде шын мәнінде қарныңыз ашты ма соны білуіңіз керек. Физикалық тұрғыда қарынның ашуы мен эмоцияға берілгенк ездегі қарынның ашқанын ажыратуды үйреніңіз. Арықтау мақсатында жасаған бұл қадамыңыз ең маңызды бастамалардың бірі. Сондықтан да қарныңыз ашқан кезде тамақтану үшін үстелдің басына жайғасудан бұрын 10 минуттық тест жасаңыз.

Ол үшін 10 минут ештеңе жемей күтіңіз, егер қарныңыздың ашқаны басылмаса бұл тамақтану керектігін білдіреді. Егер 10 минуттан кейін тамаққа тәбетіңіз болмаса бұл алдамшы қарын ашу болып саналады. Яғни, ашуланғанда, депрессияға берілгенде адамдар осының барлығын тамақтану арқылы басамын деп ойлайды. Алайда эмоцияны басамын деп, денсаулығыңыз бен мүсініңізге айтарлықтай зиян келтіресіз. Осыны ұмытпаңыз!


Тәбетті басатын тағам жеңіз


Иә, иә, осындай тағамдар бар. Мәселен, жасұныққа бай тағамдар. Сонымен қатар алма, цитрусты жемістер, қияр мен ананас та денсаулыққа өте пайдалы әрі тәбетті ашпайды. Егер тамақтану арасында бірдеңе жегіңіз келсе, қара өрік немесе сары өрік жеуді әдетке айналдырыңыз.Жемісті аз-аздан, көп шайнау арқылы жеген дұрыс. Бұдан бөлек газды сусындар мен кофенің орнына шөп шайлар ішкен абзал. Мұндай шайлар зат алмасуды жақсартып, тәбетті басады.


Тағамды тәбетіңіз тартпайтынынан бастаңыз

Дастарханға отырған сәттен өзіңізге ұнайтын немесе дәмдсі тағамнан емес, керісінше тәбетті тартпайтынынан бастаңыз. Яғни, дәмді емес боп көрінген тағамды жегеніңіз дұрыс. Өйткені «зиянды» әрі майлы, калориялы тағамдар дәмді болғанымен ағзаға қауіпті екенін ұмытпау керек. Себебі ең маңызды тамақтану кездерінде жасұныққа бай тағамдарды тұтынған жөн.

Үйіңізде дұрыс тамақтану кезінде тұтынуға болмайтын азық-түліктерді ұстамауға тырысыңыз. Оларға – қант, ұн өнімдері, чипсы жатады.

Осындай зиянды әрі калориясы көп тағамдардан бас тарту қиын болса, ішіңізден «бұл тағамдар мені күте тұрады, 15 минуттан кейін жесем де болады» деп біраз күте тұрыңыз. Бұл әрекет сіздің ойыңызды басқа жаққа бұрып, тамақ ішуді ұмыттыруы ғажап емес. Бәлкім тамақтану жайлы ұмытып та кетерсіз.


Ақылмен тамақтаныңыз

Тамақтануға аз уақыт жұмсауға болмайды. Өте жай әрі асықпай тамақтанған дұрыс. Сонда ғана тағамның дәмін сезесіз.

Сондай-ақ сұйықтықты көбірек ішу керектігін де ұмытпау керек. Кейбір эксперттер тамақтану арасында бір стақан су ішуге кеңес береді. Тағы бір айта кететін жайт, қатты ыстық тағамдарды асқазан тез қорытатындықтан, салқын тағамдарға басымдық беріңіз. Сонда қарныңыз тез ашпайтын болады.


Ерік-жігеріңізді жаттықтырыңыз

Арықтау үшін, өзіңе ұнайтын тағамнан дер кезінде бас тарта алу үшін екі сағат бойы әдемі етіп жайыллған дастархан басында ештеңе жемей отырудың қажеті жоқ. Мұндай кезде барлық тағамдарды жеуге болады, бірақ аз-аздан әрқайсысынан ауыз тиіп қойсаңыз болғаны. Ең бастысы өз ерік-жігеріңізді жаттықтырып, өзіңізге бағындырып, өз-өзіңізді ұстай біліңіз. Ерік-жігерді жаттықтыру дегеніміз осы. Ішкен-жегеніңізге мән беріп, үнемі бақылауда ұстасаңыз фигураңыз қалыпқа келеді.


Дәрумен қабылдаңыз

Тамақтанып болғаннан кейін бір-екі сағат өтпей-ақ тағы да тамақтанғыңыз келіп тұратын болса, бұл авитаминоздың белгілері болуы мүмкін. Ағзада дәрумен жеткіліксіздігі байқалса да қарын тез ашатын болады. Бұл магний немесе С дәруменінің жеткіліксіздігінен де адам тойғанын білмей, тіпті, уақытқа қарамай тамақ жей береді екен. Сондықтан да ағзаңызда дәрумен жеткіліксіздігі бар-жоғын тексеріп алғаныңыз абзал.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Артық салмағы барлар «АРТЫҚ» жерлерін қалай жасырса болады?


Диеталық ҚҰЙМАҚТАР мәзірі