"Мұздай" диета ұстап көрдіңіз бе?

0
860

Егер сіз салқындатылған диетаны ұстаймын деп шешсеңіз, мына ас мәзірін дайындауыңызға тура келеді.


фото: lucky-bamboo.ru

Салқындататын диетаны ұстанғанда ыстық тағам, ыстық шайды мүлде ішуге болмайды. Аталмыш мәзірді 7 күннен 14 күнге дейін үзбеген дұрыс. Барлық тағамды салқындатып, сусындарды мұзбен ішесіз. Диета барысында күніне 6 стақаннан кем су ішпейсіз.

Суды салқындату үшін үнемі тоңазытқышқа салып қоясыз. Сосын аз-аздан ішіп отырасыз. Жалпы, дұрыс диетада таңертең 1 стақан, күндіз бір стақан, ұйқыға жатардан алдын бір стақан су ішу керек. Егер сіз салқындатылған диетаны ұстаймын деп шешсеңіз, мына ас мәзірін дайындауыңызға тура келеді.

фото: yuliaolivertaylor.ru

1-күн

  • 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
  • Таңғы ас: қатырылған 300 гр. жеміс-жидектер, 1 стақан салқын йогурт.
  • Түскі ас: Сиыр етінен стейк және картоп езбесі, көкөніс салаты (барлық тағамдар салқындатылған болуы керек).
  • Кешкі ас: 1 стақан салқын су, балық, көкөніс салаты.
  • Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.

2-күн

  • 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
  • Таңғы ас: Бал қосылған сүзбе, салқын шырын.
  • Түскі ас: Гаспачо сорпасы және бір стақан салқын су (Салқындатылған испан тағамы. Жасалу жолдарын ғаламтордан оңай табуға болады).
  • Бесін ас: Кептірілген жемістер.
  • Кешкі ас: Қарақұмық ботқасы, йогурт.
  • Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.

3-күн

  • 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
  • Таңғы ас: Мюсли немесе йогуртқа салынған үлпектер, салқын су.
  • Түскі ас: Қайнатылған ет пен картоп, көкөніс салаты, салқын көк шай.
  • Бесін ас: Жемістер.
  • Кешкі ас: Қайнатылған немесе шикілей көкөністер.
  • Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.

4-күн

  • 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
  • Таңғы ас: Көкөніс салаты мен қайнатылған жұмыртқа.
  • Түскі ас: Пешке пісірілген немесе буда дайындалған балық, қайнатылған күріш, көкөніс салаты, салқындатылған су.
  • Бесін ас: балмұздақ немесе жемістер.
  • Кешкі ас: Гаспачо сорпасы және бір стақан салқын су.
  • Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.

miks-sochi.ru

5-күн

  • 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
  • Таңғы ас: Жеміс-жидек салаты.
  • Түскі ас: Ет қосылған көкөніс салаты, салқын су.
  • Бесін ас: Салқын шырын мен печенье.
  • Кешкі ас: Тауық еті мен көкөністер қосылған тағам, салқын су.
  • Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.

6-күн

  • 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
  • Таңғы ас: Сұлы ботқасы.
  • Түскі ас: Салқын окрошка, салқын су. Көкөніс салатын жеуге болады.
  • Бесін ас: Жеміс-жидектер.
  • Кешкі ас: Балық пісірмесі, қайнатылған күріш, салқын су.
  • Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.

7-күн

  • 1 стақан салқын су. Мұз салып ішуге де болады.
  • Таңғы ас: Йогурт
  • Түскі ас: Тауық еті мен көкөністерден дәмді тағам, салқын су.
  • Бесін ас: жемістер қосылған балмұздақ.
  • Кешкі ас: Омлет, жеміс салаты.
  • Ұйқыға жатарда: 1 стақан салқын су.

Барлық тағамдарды салқындатып жеген дұрыс. Егер өзіңізді жайсыз сезінетін болсаңыз, сол күні-ақ, диетаны тоқтату керек. Өйткені бұл диетадан басқа да емдәмдердің түрі өте көп.

Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет