ЕМІЗУЛІ әйелдің сүтін КӨБЕЙТЕТІН жаттығу бар

0
1 630

Жас босанған аналарды жиі мазалайтын сұрақ - "Қалай сүтті (лактация) арттыруға болады?"


ЕМІЗУЛІ әйелдің сүтін КӨБЕЙТЕТІН жаттығу бар

Емізулі балаңыз бар, бірақ сүтіңіз күн санап азайып бара жатқандай сезіле ме? Олай болса, бірден жасанды қоспаға қарай жүгірмеңіз. Алдымен, сүтті молайту жолдарын іздеп көріңіз.

Мамандардың пікірінше, лактацияның да өз кезеңдері бар. Мысалы, әр 1,5-2 айда ол айтарлықтай азайып тұрады екен. Статистикаға сүйенсек сүт безі ауруы мен психологиялық бұзылуы себебінен әйелдердің 1%-ы ғана емізе алмайды. Егер сіз бұл топқа жатпасаңыз, емізуден бас тартпауға тырысыңыз.


Сүтті арттыруға арналған арнайы жаттығулар да бар. Сондай бірнеше жаттығу ұсынамыз.


1. Шынтақты бүгіп, кеуде тұсына қойыңыз. Білек түзу сызық тәрізді болып тұрады. Алақандарыңыз бір-біріне тиіп (дұға позасы) тұруы керек. 1-2 деп іштей санап, алақанды жұмамыз. Сосын тек алақанды ғана 3-4 секундқа босатамыз.


2. Қолды бастың үстіне қойып айқастырып, алақанды сәл қысамыз. Саусақтарды шиеленістіріп, алақандарыңызды төбеге қарай бағыттап қойыңыз. 1 деп санаған кезде саусақтарды бір-бірінің үстіне қойып, 2 деген кезде сол қалпыңызды өзгертпестен саусақты босаңсытасыз.


3. Қолдарыңызды түсіріп, екі алақаныңызбен екі шынтағыңыздың ұстап тұрыңыз. Қолдарыңызға қабырға құлатып жатқандай күш салыңыз. Содан соң қолдарыңызды ақырын босатып 1-ден 20-ға дейін санаңыз. Одан әрі 21-30 аралығында санап, жаттығуды қайталаңыз. Сосын қолды төмен түсіріп, босаңсу керек.


4. Қолдарыңыз екі жақта тұрсын. Ал, 1 деген кезде қолдарыңызды айқастырып кеудеңізге қойыңыз. 2 дегенде алға қарай босату керек. Содан соң жоғары көтеріп, 10-ға дейін санап, қолдарыңызды басыңызға айқастырып қойыңыз. Жаттығуды қайталап отырып, алдыңғы қалпыңызға қайта оралыңыз. Әр жаттығуды 10-20 рет қайталаған жөн. Бұл жаттығу бала емізетін әйелдердегі сүтті көбейтіп қана қоймайды.

Күнделікті тұрақты жасап отыру арқылы бала емізуді тоқтатқаннан кейін кеудеңіздің жақсы формада болуына көмегін тигізеді. Мүмкіндік болса осы жаттығулармен қатар арқаңызға, кеуде тұсына массаж жасап тұру да пайдалы.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Арқаңыз АУЫРА ма? ДӘРІСІЗ-АҚ емдеп алыңыз


Ауырғанда АЛАҚАНДЫ УҚАЛАП иммунитетті күшейтуге болады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет