МЫНА жаттығу бойыңыздағы "ЖАУЫНГЕРДІ" оятады

0
7 669

Жаттығуды күніне 2 минут орындасаңыз жеткілікті.


МЫНА жаттығу бойыңыздағы

"Жауынгер" - денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, ішкі күш-қуатыңызды арттырып әрі рухани байытатын йога позасы. Оның "жауынгер" деп аталуы жайдан-жай емес. Себебі жатығуды күнделікті орындау арқылы барлық бұлшықеттерді шынықтыруға болады. Әсіресе аяқ, бөксе бұлшықеттерін нығайтады. Шыдамдылығыңыз шыңдалып, денеңіз жасара түседі.


Жаттығуды қалай орындайды?
1. Алдымен жерге кілемше төсеп, үстіне тік тұрамыз. Содан соң екі аяқтың арасын барынша ашасыз.
2. Алдынғы аяғыңыз түзу тұрсын. Ал артқы аяқ сәл қиғаш орналасу қажет.

3. Алдыңғы тізеңізді бүгесіз. Бүгілген тізе табанның үстінде тұруы қажет.


Фото: zen.yandex.ru

4. Артқы аяқтың тізесін бүкпейсіз.

Фото: zen.yandex.ru

5. Арқа түзу, құйымшақ ішке қарай бағытталған, қолдарымызды дененің бойымен жоғары көтереміз.


Фото: zen.yandex.ru

Осы қалыпта біраз тұратын болсаңыз, аяқ бұлшықеттері нығайып, жамбас тұстағы майлардан арылуға көмектеседі. Егер жаттығуды бұдан да қиындатқыңыз келсе, бір аяқты көтеріп, денені тік ұстауға тырысыңыз. Сондай-ақ, жаттығуды оң жаққа қарай да, сол жаққа қарай да жасаған дұрыс.



Фото: zen.yandex.ru

Жаттығу ұзақтығы - 2 минут(әр аяққа 1 минут)

Жаттығуды тұрақты түрде орындасаңыз:
  • арқа, аяқ, қол, иық, мойын және іш бұлшықеттерін нығаяды;
  • аяқ бұлшықеттерін нығайтып, әдемі форма қалыптастырады;
  • жамбас және аяқ буындарының қозғалғыштығын қалпына келтіреді;
  • күш, төзімділік, үйлесім сезімін арттырады;
  • жамбас пен кеуде қуысының ашылуына көмектеседі;
  • қан айналымын жақсарады;
  • ми және дене тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.


Кімдерге орындауға болмайды?

Жоғары қан қысымы бар және жүрегі ауыратын бар адамдарға бұл жаттығуды дәрігердің кеңесімен жасау керек.
Ескерту! Жаттығуды орындау кезінде еркін тыныс алуды ұмытпаңыз.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жаттығуды ҮНСІЗ орындап, күніне 1 кг АРЫҚТАЙСЫЗ


Көзіңіз НАШАР көре бастаса, МЫНА жаттығуды жасаңыз