АБАЙЛАҢЫЗ! Смартфондағы өте қауіпті қосымшалар

0
435

Сіздің смартфоныңыздың операциялық жүйесі «Android» болса, осы мақалаға енген қосымшалар қауіпті болып есептеледі.


АБАЙЛАҢЫЗ! Смартфондағы өте қауіпті қосымшалар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Олар телефоныңызға ресми ғаламтор көздерінен жүктелген болса да, жылдам өшіріп тастаңыз. Өйткені, мұндай қауіпті қосымшаларды пайдалану арқылы құпия деректеріңізді қаскүнемдерге өз қолыңызбен беріп қоюыңыз мүмкін.


Ауа райы болжамы бағдарламалары

Бұл қосымшалар алғаш пайда болған кезде үлкен танымалдылыққа ие болды, бірақ кейінірек олардың көптеген вирустар тудыратыны анықталған. Қазір мұндай қосымшаларды қолданатын адамдар өте аз және ауа райы болжамын браузерден қарау – оңай әрі ең қауіпсіз амал.


Әлеуметтік желі бағдарламалары

Әлеуметтік желі бағдарламалары өз тұтынушыларын өте тез жинап алды және хакерлерден жақсы қорғалған (кейде парақшалардың бұзылуы да болып тұрады). Бірақ, олар өте көп энергия пайдаланады, сондықтан смартфон батареясы тез әлсіреп, өзінен-өзі сөне бастайды. Егер, осындай зиян шегуді қаламасаңыз, әр желіге керек кезде арнайы порталдары арқылы кірген дұрыс.


Оптимизаторлар

Play Market-тен жүктелетін Clean Master және басқа да қосымшалар кэш тазалау немесе қажетсіз бағдарламаларды жоюды өз бақылауына алады. Алайда, қазіргі заманауи смартфондардың көпшілігінің өз жүйесінде осындай функциялар бар, сондықтан жүктеп алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, олар батареяның қызметін нашарлатады, ал сыйақы ретінде жарнамаларға ие боласыз.


Кіріктірілген браузерлер


Кіріктірілген браузерлердің ешқандай қауіпсіздік жүйесі жоқ және олар телефон жұмысын баяулатады.


Белгісіз әзірлеушілердің антивирустық қосымшалары


Қазір ғаламтордың заманы болып тұрғандықтан, вирусқа қарсы қосымшалар да өте көп. Сондай-ақ, мұндай қосымшалардың қауіпті хакерлер жасаған түрлері де бар. Қаскүнемдер қосымша арқылы пайдаланушының жеке деректерін ұрлап, тіпті телефонды толығымен бұғаттай алады.


Қосымша функциялары бар браузерлер


Бұл санат бейнені тікелей көру сияқты ерекше мүмкіндіктері бар браузерлерді қамтиды. Олардың екі үлкен кемшілігі бар. Бірінші – енгізілген жарнамаөте көп, жарнама телефон жұмысын баяулатады. Екінші – мұндай қосымшалардың кейбір бөліктеріне, тіпті сіздің қоңырауларыңызға дейінгі қолжетімділікті талап етеді. Ал, бұл қауіпсіз деп ойлайсыз ба?


Смартфон жадын арттыратын қосымшалар


Жедел жад көлемін арттыруға арналған қосымшалардың пайдасы да бар. Бірақ, олар сіздің құпия деректеріңізді жинай алады.


Жалған детекторлар


Бұл қосымшаларды шынайы деп қабылдауға болмайды, себебі олар көңіл көтеру және жәй ләззат алу үшін жасалған. Егер, болашақта барлық телефондар биометриялық сенсорлармен жабдықталатын болса, олар адам сұрақтарға жауап берген кезде жүрек ырғағындағы өзгерістерді оқи алады. Алайда, қазіргі смартфондардағы детекторлар жалған. Басқа да зиянды бағдарламалар сияқты, олар да телефонның «қызметтегі өмірін» қысқартады.


DU Battery Saver & Fast Charge


600 миллионнан астам пайдаланушылары бар Battery Saver & Fast Change батарея қуатының жылдам жиналуына әсер ете алмайды. Сол себепті DU Apps Studio қосымшаларын смартфонға орнатудың қажеті жоқ. Оның бағдарламасы да, жұмысқа қабілеттілігін тынымсыз жарнамалауы да жалған екен.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


"Ақылды тоңазытқыштардың" қандай ерекше қасиеттері бар?


Үйдегі САЛҚЫНДАТҚЫШТЫ әлемнің кез келген нүктесінен БАСҚАРУҒА болады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет