Адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін өндірушілер үнемі әр түрлі тұрмыстық техникаларды ұсынып отырады. Сол жаңалықтардың арасына бұрын тек өнімдерді сақтау немесе салқындату үшін ғана қолданылып келген тоңазытқыштар да кіреді. Сонда, «ақылды тоңазытқыштардың» қандай ерекшеліктері бар?
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Қазіргі «ақылды тоңазытқыштар» кіріктірілген компьютері, интернетке қосылуы және ұялы телефонмен байланыса алуының арқасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Оларды телефон арқылы қашықтан басқаруға да болады.
Жұмыс істеу принципі
«Ақылды тоңазытқышы» бар адамдар өз техникасына радиоарна, Wi-Fi, GSM желілері немесе сымды байланыс арқылы пәрмен бере алады. Сондан кейін, тоңазытқышқа кіріктірілген компьютер пәрмендерді қабылдап, сол бойынша қызмет атқара бастайды және қажетті ақпараттар сенсорлық экранда көрсетіледі. Ал, құрылғыны қашықтан басқару үшін смартфонға арнайы қосымшаны орнату қажет.
Ақылды тоңазытқыштардың ең ерекше функциялары:
• Өзін-өзі диагностикалау. Басқарушы блок негізгі блоктар мен жүйелердің ағымдағы жағдайын бақылай алады, бұл – ақауларды анықтауға және оларды уақтылы жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бағдарламалық жүйе істен шыққан жағдайда тоңазытқыш оны өз бетінше түзетуге әрекет етеді. Егер, әрекет сәтсіз болса, туындаған мәселе жайлы сипатталған хабарлама телефонға келіп түседі;
• Камералардың қызметі. Егер, Сіздің үйіңізде «ақылды тоңазытқыш» болса, дүкенге барып тұрып үйде қандай азық-түліктің таусылғанын, қалған заттардың жарамдылық мерзімі қанша екенін және қандай сортын сатып алу керек екенінойлаудың қажеті жоқ. Өйткені, телефондағы қосымшамен процессорға бұйрық берсеңіз, ол камералар арқылы Сізге суреттерді, өнімдердің жарамдылық мерзімін, қай заттың қандай түрін алған дұрыс екенін хабарлай алады. Тек алдын-ала қосымшаға деректерді енгізіп қою керек;
• Қуат тұтынудың автоматты режимі. Егер, «ақылды тоңазытқыштар» ұзақ уақыт ашылмаса, яғни ішке жылы ауа кіресе, энергия үнемдеу функциясы іске қосылады. Сонымен қатар, бұл туралы да телефонға хабар беріледі;
• Рецептер кітабы. Телефондағы қосымша арқылы ұнаған рецептерді жазып немесе ғаламтордан жүктеп алып, кейін оларды тоңазытқыштағы кіріктірілген компьютерден тауып алуға болады;
• «Ақылды тоңазытқыштарды» Wi-Fi желісі арқылы ақылды үйге қоса аласыз;
• Тоңазытқыштағы монитордан теледидар бағдарламаларын, фильмдерді, фотосуреттерді көруге немесе ауа райы болжамын білуге болады.
«Ақылды тоңазытқыштардың» үздік 5 үлгісі:
1. Viomi Intelligent French Four-door Refrigerator
Техникалық қызмет, дизайн және құны бойынша тиімді тоңазытқыш. Бұл құрылғының ерекшеліктері – 10,1 дюймдік сенсорлық дисплей, пеш, кофеварка және электр шәйнегін қосып-өшіруге мүмкіндік беретін VIOBRAIN жүйесі. Сонымен қатар, тоңазытқышСізге ішкі температура туралы деректерді білу, жұмыс режимін өзгерту және тағам дайындау рецептері бар бейнелерді көру мүмкіндіктерін сыйлай алады.
Дыбысы шықпайтын гаджеттің құрылымы: төрт есік, контейнерлер, шыныдан жасалған бес сөре, көкөніс-жеміс себеті, бөтелкелерге арналған стеллаждар.
2. LG Smart InstaView
Пайдаланушыларға 6000-нан астам мүмкіндіктер сыйлайтын тоңазытқыштың бетінде 29-дюймдік дисплей орналасқан және ас таймерлерін орнату, ауа-райы болжамын тексеру, автомеханик шақыру секілді мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, тоңазытқыштағы камералар іштегі жағдайды түсіріп, суреттерді телефонға жіберіп отырады.
3. Samsung Family Hub
Бұл төрт есікті «ақылды тоңазытқыш» Gorilla Glass 4 қорғаныс шынысы, камера, әуен ойната алатын динамиктер және видеоларды да көруге болатын 21,5 дюймдік экранымен ерекшеленеді. Телефон қосымшасы арқылы қашықтан басқарылады.
4. LIEBHERR
Ал, мына тоңазытқышта орналасқан Smart Device Box жүйесі тоңазытқыштағы және дүкендегі тауарлардың бір-біріне сәйкес немесе сәйкес еместігін анықтай алады. Сонымен қатар, «ақылды тоңазытқыштарға» сай функциялармен жабдықталған.
5. Whirlpool
Whirlpool компаниясы өндірген «ақылды тоңазытқыштың» техникалық жағдайы мен қызметін телефонмен бақылауға және басқаруға болады. Бұл тоңазытқышты құрастыру барысында ішкі кеңістіктің сапасына көп көңіл бөлген.
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз:
МАСА мен КЕНЕДЕН қорғайтын құрылғылар