Адамдар үйді телефонмен ҚҰЛЫПТАП, жарық шашатын ҚОЛҒАП киеді

0
2 347


Адамдар үйді телефонмен ҚҰЛЫПТАП, жарық шашатын ҚОЛҒАП киеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Білім-ғылым мен технологияның тоқтаусыз дамуы біздің өмірімізді жеңілдетіп жатыр. Осылайша, кеше ғана тамсана қараған кейбір құрылғылар қазір ескі дүниеге айналып үлгерді. Ал, адамдар жаңа технологияларды тұтынуға асық. Сондықтан, біз Сіздерді келешекте жарыққа шығып, дамыған технологиялардың өзін басып озатын гаджеттермен таныстыруды дұрыс деп шештік.


1. Автокөлік айналары

Көптеген жоғары класты көліктерге бейнебақылау камералары мен дисплейлер өндіріс орнынан орнатылып шығады. Олардың басты міндеті – көлік артқа жүргенде немесе тұраққа қою кезінде жүргізушіге көмектесу. Сонымен қатар, бұл цифрлық құрылғылар жүргізушіге жылдамдық, қозғалыс бағыты, кедергі және т.б. ақпараттарды көрсетіп отырады.


Айта кетейік, 2018 жылдың мамырынан бастап барлық жаңа көліктерге бейнебақылау жүйесін орнату міндетті талап болды. Осыған орай, Tesla сияқты өндірушілер болашақта бүйір айналарын камералармен жабдықтауды жоспарлап отыр. Бұл өзге көліктерді еркін шолуды қамтамасыз етеді және автокөлікке аэродинамикалық қасиет сыйлайды. Мұндай құрылғының жақын арада шығатытынына күмән келтірудің қажеті жоқ.


2. Қонақ үйлердің кілттері

Жақында қонақүйлердегі магниттік құлыптарды электронды сандық аналогтар алмастырады. Өйткені, өз уақытында теңдесіз жоба болып көрінген магнит құлыптардың бірқатар кемшіліктері бар.


Енді, Starwood, Hilton және Hyatt сияқты ірі қонақүйлер сандық кілттер жүйесіне көшіп жатыр: қонақтар арнайы қосымшаны смартфонға жүктейді және құлыпты Bluetooth арқылы ашып-жабады. Сондай-ақ, бағдарлама қонақүйдегі бассейн сияқты басқа да нысандардың құлпын аша алады.


3. Механикалық пернетақталар

Asus,Lenovo және Intel компаниялары өткен жылғы Computex конференциясында өздерінің жаңа құралдарын көрсетті. Соның бірі – екі экранды, жұқа Intel Tiger Rapids құрылғысы. Intel прототипінде e-link дисплейі қолданылады және жазылған қолжазбаны оңай басып шығара алады. Бірақ, алғашқы кезде тамаша гаджеттің таралымы аз болады екен.


4. Деректерді мәңгі сақтауға арналған 5D дискілер

Ғалымдар ақпаратты мыңдаған жылдар сақтай алатын 5D дискісін құрастырды. Ол 360 терабайт деректі 1000 градусқа дейінгі температурада сақтай алады.

Гаджетті әзірлеген саутгемптондық команда оған адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын, Ньютон оптикасын, Магна картасын және Киелі кітапты жаза алған. Енді, бірнеше жылдан кейін мұндай диск эксперимент ретінде емес, дерек сақтау құралы ретінде қолданылады.


5. Бет терісіне арналған щетка


Бұл щетка бет терісін жағымды діріл мен ультрадыбыстық сәуленің арқасында тазартады. Құрылғының ешқандай зияны болмайды және тері жағдайына байланысты дірілдің бірнеше түрін таңдай аласыз. Сондай-ақ, USB арқылы қуаттаталатын гаджетті кез келген жерде пайдалануға болады.


6. Көпфункциялы қаламсап

Бұл көптеген құралдардың, мысалы, пышақ, шыны кескіш, фонарик, бұрағыш, бөтелке ашқыш қызметін атқара алатын әмбебап қаламсап. Сонымен қатар, мұндай құрылғыны бұзақылардан өзін-өзі қорғау үшін пайдалануға болады.


7. Жарық шашатын қолғап

Қарапайым, бірақ керемет өнертабыс Сізге қараңғыда еркін жұмыс істеуге мүмкіндік сыйлайды. Шамдар орналасқан гаджеттен бөлінетін жарық қажетті нүктеге бағытталатындай етіп орналастырылған. Құрылғы кез келген адам үшін пайдасын тигезітіні сөзсіз.


8. Бет терісіне арналған массаж құрылғысы

Тағы бір өте пайдалы гаджет – бет терісінде ұсақ әжімдердің пайда болуына қарсы тұратын массажшы. Өлшемі ықшам әрі ыңғайлы құрылғы көз астындағы әжімдерді де жоя алатын қабілетке ие болады.


9. Электрлі жұмыртқа пісіргіш

Барлық жұмыстарды өз бетінше орындай алатын тамаша құрылғы жұмыртқаны тез дайындауға (қуыру немесе қайнату) қабілетті. Сонымен қатар, асүйге арналған гаджетті қосып, автоматты өшу режиміне қоюға болады.


10. Үстел шаңсорғышы

Ал, мына кішкентай шаңсорғыш үстел бетін тез тазалап шығуға көмектеседі. Оны тіпті, компьютер пернетақтасын, автокөлік салонын тазалау үшін де қолдана аласыз.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

АБАЙЛАҢЫЗ! Смартфондағы өте қауіпті қосымшалар

Телефонмен сөйлескенде ҚАНДАЙ тәртіпті БҰЗЫП жүргеніңізді білесіз бе?