Apple компаниясы биыл ҚАНДАЙ құрылғылармен таңқалдырады? Таныса отырыңыз

0
5 938

Бұл компания жыл сайын жаңа өнім шығарып, мол табысқа кенелудің жолына түскен.


Apple компаниясы биыл ҚАНДАЙ құрылғылармен таңқалдырады? Таныса отырыңыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Apple компаниясы әдетте өзінің ең керемет жаңалықтарымен күзде таныстырады. Соңғы жылдары компания қыркүйек және қазан айларында бірден екі презентация өткізетін болып жүр. Біз соның біреуінде жаңа iPhone 13 смартфонымен танысып қалуымыз әбден мүмкін. Алайда, күзде жаңа смартфон ғана емес, Apple-дің өзге де таңқаларлық туындыларын көруіміз ғажап емес. Ол гаджеттер жайлы болжамдар уақыт жақындаған сайын көбейіп келеді. Олардың тізімін біз де сіздерге ұсынғымыз келіп отыр.



1. IPhone 13 смартфоны. Таныстырылу ықтималдығы – 100%

Жаңа iPhone 13 смартфоны биылғы күзде міндетті түрде таныстырылатын болады. Өйткені, Apple компаниясы нарықтағы сұранысы ең көп болатын смартфондарды жыл сайын шығарып, мол табыса кенліп жүр. 2021 жылы бұл да болады. Бірақ, сауалнамаға қатысқан тұтынушылардың барлығы бұл смартфонға «IPhone 13» емес «iPhone 12s» немесе «iPhone 2021» деген атау беруді ұсынған. Оның себебі – көптеген елде сәтсіздік саны болып саналатын – 13 саны. Сондықтан компания тұтынушылардың сұранысына орай жұмыс істеуі мүмкін.

2020 жылғы пандемияға байланысты Apple қыркүйек айында жаңа смартфондарды таныстыра алмай, қазан айына қалдырған. Алайда, сарапшылар биыл ондай өзгеріс болмайды деп отыр.

iPhone 13 жайлы ең жағымды жаңалықтардың бірі – батареяның қуатын арттыру болғалы тұр. Орташа есеппен бұл смартфонның қуаты бұрынғыларға қарағанда 15-20% артық болуы бек мүмкін. Бұл iPhone-ды ұнататын кез келген адам үшін жағымды жаңалық.

Дегенмен, батареяның қызмет ету мерзімі ұзарады деп айтуға әлі ерте. Өйткені, смартфон суретті жаңарту жиілігі 90-120 Гц-ке дейін көбейетін экрандармен жабдықталуы мүмкін, олай болса энергия шығыны да артады деген сөз. Оның үстіне, бұл гаджеттің камералары жетілдіріліп, жаңа функциялар қосылады.



2. Apple Watch Series 7 смарт-сағатытаныстыру ықтималдығы 100%

Қыркүйекте iPhone 13-тен бөлек, Apple Watch Series 7 смарт сағаты да таныстырылады. Жаңартылған Apple Watch-тың қандағы қант деңгейін өлшеуге арналған глюкометрі болмақ. Ал, басқа сипаттамаларының барлығы алдыңғы үлгіге ұқсас болады деген болжамдар бар. Бір өзгерсе, бауы өзгеруі мүмкін.


3. AirPods 3 (Lite) жаңа сымсыз құлаққаптар – таныстыру ықтималдығы 75%

Сарапшылар осы күзде таныстырылатын өнімдердің қатарында жаңа сымсыз құлаққаптар болатынына сенімді. Кей ақпараттарға сүйенсек, жаңа өнімнің тұсаукесері шілде, тамыз айларында болады деп айтылғанымен, пандемияға байланысты өндірісі осы тамыз айында ғана басталған көрінеді. Бұл құлаққап, AirPods және қазіргі AirPods Pro мен AirPods 2-ден айтарлықтай ерекше болмайды екен. Тек дыбыс оқшаулауын қамтамасыз ететін алынбалы құлаққаптар мен ішкі құрылымға ие болады. Сондықтан тағатсыздана күтудің қажеті жоқ секілді.


4. Apple брендінің чиптері бар 14 және 16 дюймдік MacBook Pro – таныстыру ықтималдығы 60%

Apple M1 чипсетіндегі 13,3 дюймдік MacBook Pro-ның сатылымын қысқартып, өндірісін түпкілікті тоқтату туралы осы жылдың көктемінде шешім қабылдады деген сыбыстар бар. Ал, оның орнына 14 және 16 дюймдік үлгісін шығарады деген. Біз айтқан жаңа гаджеттерде Apple шығарған чиптер қолданылады екен.


5. Компанияның ең қолжетімді компьютері Mac mini – таныстыру ықтималдығы 30%

Apple-дің ең қолжетімді, ықшам әрі қолайлы компьютері Mac mini қайта өңделгенімен пішіні өзгермейді. Тек магниттік қуат кабелімен жабдықталып, жаңа буынның тиімді чипсеті орнатылатын болады.


6. Apple-дің ақылды көзілдірігі – таныстыру ықтималдығы 0,001%

Apple компаниясы әдетте келешекте шығаратын өнімдерін жария ете бермейді. Бірақ, күтпеген жаңалықты паш етуі әбден мүмкін. Десе де, сарапшылар Apple Glass деп аталатын көзілдірікпен танысуға әлі ерте екенін айтады. Дегенмен, ақылды көзілдірік идеясы өте қызықты және олар алдағы уақытта шынымен керемет құрылғыға айналады.


Жалпы, Apple компаниясы күзді өте қызықты жаңалықтарға толтырады деп жоспарланып отыр. Енді күту ғана қалды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Құны 114 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН смартфонның иесі кім?


Бұл гаджеттер ҮЙ мен ЖҰМЫСТА өте пайдалы