Бұл гаджеттер ҮЙ мен ЖҰМЫСТА өте пайдалы

0
4 552

Қазір жүрген жердің жайлы болуына көмектесетін құрылғылар өте көп.


Бұл гаджеттер ҮЙ мен ЖҰМЫСТА өте пайдалы

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінде жарық көріп жатқан түрлі құрылғылар адам өміріне әжептәуір әсерін тигізіп жатыр. Олардың пайдалысы да, пайдасызы болғанымен, үй немесе жұмыс орнына қажетті гаджеттерге әрдайым оң баға беріліп жатады. Олар қандай құрылғылар десеңіз, таныса отырыңыз.


Сымсыз қоңырау – Blitzwolf BW-DB1

Blitzwolf BW-DB1 сымсыз қоңырауы – көбіне сыртқы есікке орнатылатын бұл гаджеттің әдеттегі қоңыраулардан ерекшелігі – сигнал 433MHz атты радиоарна арқылы беріледі. Демек, қоңырауды іске қосу үшін сым тартып жатпайсыз. Ал, арнасының радиусы 30 метрді құрайды. Сондай-ақ, 4 түрлі дыбыс деңгейі мен алдын ала орнатылған 38 әуен бар. Оған 10 тетікке дейін қосып қойып, отбасының әр мүшесі немесе жұмыс орнындағы қызметкерлер бір-бірден ұстап жүруіне болады.



12W жарықдиодты шамы

Бұл – электр қуаты өшіп қалса да жанып тұра беретін қытайлық лампа. Ол екі түрлі жолмен қуат алады. Тоқ бар кезде тоқтан, ал жоқ кезде корпусына орнатылған литий батареяларынан күш алады. Ол батарея электр қуаты бар кезде алдын ала қуатталады.



LED RGB шамы

Ал, мына лампаның қашықтан басқаратын тетігі болады. Тетіктің көмегімен жарықтың күшін реттеуге және лампаны ары-бері бұра аласыз.



Тұрмыстық ультрасәулелі стерилизатор

Бұл жәндіктермен, бактериялармен және вирустармен күресуге арналған бағасы қолжетімді стерилизатор. Бұл құрылғыдан белгіленген деңгейде ультракүлгін сәуле мен озон бөлініп, олар барлық зиянкестердің көзін жояды. Сарапшылар, бұл гаджеттің пандемия кезінде өте тиімді екенін айтқан.



Тұрмыстық озонатор

Аталған гаджеттің жұмысы іс жүзінде жоғарыда аталған құрылғыға ұқсас. Бірақ, бұның ультракүлгін сәуле бөлетін шамдары болмайды. Есесіне, озон бөлетін арнайы жоғары вольтты эмитенті бар. Бір жақсы тұсы – озонатор жұмыс уақыты мен қажетті концентрацияны реттеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, озонның барлық тіршілік иелері үшін зиян екенін есте ұстап, қолдану кезінде және қолданғаннан кейін бір сағат ішінде үйде болмаған жөн. Тіпті болмаса, үйде болмайтын кезде жұмыс уақытын бір сағатқа қойып, қосып кете салыңыз.



Xiaomi Mijia 2 термогигрометрі (LYWSD03MMC)

Бұл аты әлемге әйгілі компанияның термогигрометрлерінің соңғы нұсқаларының бірі. Бұл құрылғы өндіріс сапасы, ұзындық пен биіктікті өлшеу секілді оннан астам қызмет атқарады.



ESR қуаттау құрылғысы

Бұл бір мезетте екі гаджетті қуаттау мүмкіндігі бар жоғары сапалы қуаттағыш. Оның екі USB портына қалаған қуаттағыш сымды қосуға болады.



Blitzwolf BW-S15 60w

Ал, екі портты қуаттағыш жеткіліксіз болса, Blitzwolf BW-S15 60w құрылғысын қолданыңыз. Бұл модельде 6 USB порты бар болса, олардың екеуі жылдам қуаттауға арналған. Гаджет үлкен отбасы үшін ең жақсы нұсқалардың бірі. Әрі, бұл гаджетке қатысты теріс пікір өте аз айтылған екен.



Xiaomi 3life үстел желдеткіші

Егер, үйде немесе жұмыс бөлмеңізде әдеттегі желдеткіш жоқ болып, жиі ыстықтайтын болсаңыз, кез-келген USB портына қосылып, жұмыс істей беретін шағын үстел желдеткішін сатып алыңыз. Әлбетте, ол үлкен желдеткішті ауыстыра алмайды, бірақ сөзсіз ыңғайлы болады. Әрі, суықтап қалу дегеннен мүлдем аулақ боласыз.


Бүгінде мұндай құрылғылардың мыңдаған түрі бар. Біз солардың ішінен жиі қолданылатын бір топтамасын ұсынып отырмыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қазақстанда адамнан ТЕЛЕФОН КӨП


Құны 114 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН смартфонның иесі кім?