Қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунттарын жою жолдары

0
2 194

Құпия сөзін білмеген жағдайда қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын қалай өшіруге болады? Бұл туралы Tengrinews.kz жинақтаған кеңестерге назар аударыңыздар.


Қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунттарын жою жолдары


Құпия сөзін білмеген жағдайда қайтыс болған адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын қалай өшіруге болады? Бұл туралы Tengrinews.kz жинақтаған кеңестерге назар аударыңыздар.

Instagram

Бұл желіде адамның өліміне байланысты екі тәсіл бар.

Мәселен, сіз Instagram желісінен көз жұмған адамға тиесілі аккаунтты байқап қалдыңыз, қолдау қызметіне хабарласып, естелік статусын орнатқыза аласыз. Мұны мына сілтемеге өтіп жасай аласыз.

Бұл үшін адамның қайтыс болғанын дәлелдеу керек, некрологқа немесе мақалаға сілтеме. Сіз ол адамның туысы болсаңыз, Instagram парақшасындағы аккаунттың жойылуын сұрай аласыз. Ол үшін жақын туыс екеніңізді дәлелдеу керек: марқұмның туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы куәлігі, жергілікті заңнама бойынша сіз марқұмның заңды өкілі және мүлкін үлестіруші екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет. Аккаунтты жоюды талап ету үшін мына сілтемеге өтіп, көрсетілген форманы толтыру керек.

Facebook

Бұл әлеуметтік желіде де қолданушы туралы естелік үшін аккаунтты сақтап қою мүмкіндігі бар. Мұны мына сілтемеге өтіп істеуге болады. Ал жақын адамның аккаунтын жою үшін мына сілтемеге өту қажет. Бұл үшін туыстығыңыз бен адамның көз жұмғанын дәлелдеу қажет. Бұдан бөлек, Facebook марқұмның өз парақшасында бөліскен материалдарын ұсына алады, мәселен, суреттер мен жариялымдар. Ол материалдар марқұм өзі бөлісіп кеткен адамдар үшін ашық.

Сирек жағдайда әлеуметтік желіден аккаунт пен материалдар туралы қосымша ақпарат талап етуге болады. Ол үшін өкілетті тұлға екеніңізді (мысалы, отбасы мүшесі) дәлелдеу және сот қаулысы қажет. Бұл сұранысты мына жерге өтіп толтыруға болады.

Одноклассники

Бұл әлеуметтік желінің әкімшілігі марқұмның аккаунтын туыстарының арнайы сұранысы бойынша жояды. Бұл үшін марқұмның әлеуметтік парақшасына сілтеме және хатқа қайтыс болғаны туралы куәлікті бекіту қажет. Егер сіз сілтеме таба алмасаңыз, марқұмның тегі, жасы, тұрған қаласын көрсету қажет. Мұндай сұранысты мына сілтемеге өтіп толтыруға болады. Сонымен қатар, сайт әкімшілігі сізге марқұмның аккаунты туралы қандай да бір мәліметтер, соның ішінде, логин мен құпия сөзін бермейді.

ВКонтакте

Мұнда да әлеуметтік желі әкімшілігі туыстардың сұранысын қарастырады. Бұл үшін марқұмның суретін немесе қайтыс болғаны туралы куәлікті қажетті түрде толтырылған өтінішпен бірге тіркеп жіберу керек. Оны мына сілтемеге өтіп жасай аласыз.

Twitter

Қолданушы көз жұмған жағдайда Twitter әкімшілігі оның тіркеу жазбасын өшіре алады. Ол үшін мына сілтемеге марқұмның мүрагерлік құқын иеленуші немесе жақын туысы сұраныс жолдау керек. Сұраныс жолданғаннан кейін әкімшілік электронды пошта арқылы сізге қосымша ақпарат туралы нұсқаулық жолдайды (оның ішінде тапсырыс берушінің жеке куәлігінің көшірмесі және марқұмның қайтыс болғаны туралы куәлік). Бұл құжаттар көрілгеннен кейін бірден жойылатынына кепіл беріледі.
Суреттер ашық дереккөзден.