Бұл гаджеттерді кез келген адам САТЫП АЛҒЫСЫ келеді

0
2 117

Өзіңізге немесе жаныңызға жақын адамға қандай құрал сатып алуға болатынын білмей жүрсіз бе?


Бұл гаджеттерді кез келген адам САТЫП АЛҒЫСЫ келеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі гаджеттер топтамасына адамдардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартатын, сондай-ақ тамаша сыйлық болатын заманауи технологиялар еніп отыр. Мысалы Сіз қазір смартфонды басқаратын арнайы қол немесе ұшатын робот секілді таңқалдырарлық құралдарды пайдаланып жүрсіз бе? Әрине, көптеген адам бұларды пайдаланбайды, бірақ сатып алуға болады.


1. Ауаны бақылайтын орталық жүйе

Үйдегі әрбір бөлменің температурасы сапалы болғанын қалайсыз ба? Онда, бұл қызметті орталықтандырылған Flair ауа бақылау жүйесі ұсына алады. Ол Vent және Puck деген екі блогтан тұрады. Puck – жүйені басқаратын сымсыз термостат. Ал Vent – бөлмедегі ауаны ретке келтіретін желдету тетігі. Сондай-ақ, бұл жүйе терезені және кондиционер арқылы желдету қызметтерін бір өз атқара береді. Ол жақын туыс, достарыңызға да сыйлауға таптырмас зат.


2. Brain One – белсенді спорт түрлеріне арналған құрал

Қазір салауатты өмір салтын сақтауға бет бұрып жатқан адам мен оларға арналған гаджеттер өте көп. Соның ішіндегі ерекше құралдың бірі – Brain One. Портативті гаджет кез келген құрылғыға, сондай-ақ көлік құралына оңай қосылады. Микрофон, барометр, термометр, GPS + Glonass және 9 осьтік инерциялық сенсормен жабдықталған құралдың датчиктерінің көмегімен спорттық әрекеттің барлық аспектілерін өлшеуге болады. Тіпті, биіктік пен айналым уақытының айырмасынан жылдамдыққа дейін.


3. Phoenix – ең озық экзоскелет

Тірек-қимыл аппаратының қызметі – мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүруін жеңілдету. Ол жүруі қиын жандардың емін-еркін қозғалуына мол мүмкіндік сыйлайды. Өндірушілер бұл құралды кез келген салмақ, бой және аяқ өлшеміне сай етіп жасаған. Оның басқару тетігінде "отыру", "тұру", "жүру" және "болмайды" деген түймелер бар. Олардың бірін басқан кезде тізедегі кернеуді басқаратын сым санға сигнал жібереді. Сондай-ақ, тұрақты жүріс режимі бар. Осылардың арқасында мүмкіндігі шектеулі адам өз күшімен жүріп-тұра алатын болады.

4. Gest – компьютерді пернетақта мен тышқансыз басқаруға болады

Компьютерлерді пернетақта мен тышқансыз басқару деген ой бүгінде шындыққа айналған. Оған күн сайын технологияның дамуы тікелей әсерін тигізуде. Сол жарқын жетістіктердің бірі – алақан мен саусақтарға бекітілетін қолғап сияқты Gest құралы. Мұны қолданатын адам саусақтарын қимылдата отырып, қарапайым жұмыстардан бөлек Photoshoр басқарып, курсорды жылжыта алады және AutoCAD, 3ds Max, Maya модельдерін жасай алады. Ққарл қол қимылдарын айнытпай орындау үшін 15 сенсормен жабдықталған. Саусақтардың қозғалысы ары кетсе 40-60 милисекунд уақыт кешігумен бақыланады.

5. Fleye – ұшатын робот

Fleye – дронның жаңа үлгісі. Ол жұмысты өте сапалы орындауымен ерекшеленеді. Ұшқыш роботты смартфонмен және өз джойстигімен басқарып, керемет кадрлар түсіруге болады.


6. Sona Connected білезігі

Sona Connected білезігі жүрек соғысының жиілігін бақылап қана қоймай, жүрек ырғағының өзгеруін өлшейді. Осы өлшемдердің негізінде адамның физикалық жағдайын анықтаға болады.

7. Ninebot Segway гироскутері

Гироскутерлер – бұл жаңа ұрпақтың өзіндік самокаттары. Гаджет операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Ал өндірушілер кез келген салмаққа сай етіп жасалған үлгілерін шығарып отырады.

8. Nima 6sensorlabs – портативті глютен сенсоры

Бұл құрылғы глюкоза аллергиясы бар адамдарға арналған. Nima Gluten-глютеннің жағдайына орай қатты және сұйық өнімдерді тесттен өткізетін портативті сенсор. Сапалы жұмысының арқасында сенсор тағамды 2-3 минут ішінде оңай және тез тексеруге мүмкіндік береді. Тамақты тексергенде дисплейде сапасына сай түрлі смайликтер көрсетіледі. Мысалы, тағамда зиянды қоспалар болмаса — күлімсіретін, сапасы өте жоғары болса — екі бидай бейнеленген, ал глютен төмен болса – көңілсіз смайликті ұсынады. Сондай-ақ, ықшам, сенсорлы гаджет глютендік диетаны сақтайтын адамдар үшін өте тиімді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Дронды БАСҚАРЫП үйренгіңіз келе ме? МҰНЫ біліп алғаныңыз жөн


«Ақылды әжетхана» Сіз үшін бәрін істейді - ЖУАДЫ, КЕПТІРЕДІ