«Ақылды әжетхана» Сіз үшін бәрін істейді - ЖУАДЫ, КЕПТІРЕДІ

0
3 052

Жаңа технологиямен жабдықталған «ақылды унитаз» біздің елден сирек кездеседі.


«Ақылды әжетхана» Сіз үшін бәрін істейді - ЖУАДЫ, КЕПТІРЕДІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жапония осындай ақылды құрал-жабдықтардың отаны болғандықтан, барлық пәтерлер, тіпті қоғамдық орындардың өзі осындай ақылды дәретханамен қамтамасыз етілген.


Ақылды унитазда не бар?

Жылыту жүйесімен жабдықталған отырғыш – кез келген ақылды дәретхананың өте жағымды бөлігі. Бұл функция бір ер адам суық орындыққа отырып, ауруға шалдыққаннан кейін ойластырылған деген дерек бар. Бірақ, бұл нақты айту мүмкін емес.

Dyson Tornado – Cyclon компаниясы ұсынған шаю технологиясы. Мұндай жүйемен шаюдың мәні өте қарапайым — спираль бойынша унитазға айналдыра су құйылады, содан кейін ол дәретхана тесігіне күшпен тартылады. Осылайша, шаю барысында уақыт пен суды үнемдей аласыз.

Өзі көтерілетін қақпақ – пайдаланушыға дәретхананы қолмен ұстаудан арылуға мүмкіндік береді. Яғни, ақылды унитаздың қақпағы датчиктің көмегімен адам дәретханаға кіргенде автоматты түрде көтеріледі. Ал, тұтынушы тұрғанда өзі жабылады.

Дәрет алу функциясы – адам гигиенасына тиімді қызмет. Оны қолдану үшін арнайы түймені басып, ұсынылған бірнеше режимдердің бірін таңдайсыз. Олар – ерлер, әйелдер және балаларға арналған (тіпті, гидромассаж функциясы бар үлгісін сатып алуға болады). Дәрет алу қызметі қосылған кезде штуцер алға-артқа жылжып, жуу аумағын арттыра алады. Сондай-ақ, судың температурасын өз қалауыңыз бойынша өзгертуге болады.

Кептіру – осы әрекетті қағаз қолданбай орындауға көмектесетін элемент. Басқару тетігіндегі «кептіру» түймесін басқан кезде де осы қызмет қосылады. Мұның да (үрілетін ауаның) температурасын реттеуге болады.

Музыкалық сүйемелдеу – дәретханадағы кейбір "қысылатын" дыбыстарды сыртқа естіртпеу үшін қолданылады. Ақылды унитаздың мәзірінде судың және құстардың дыбысы бар. Дыбыстың деңгейі де арнайы түймелермен реттеледі.

Сонымен қатар, ақылды унитаздың ерекше қызметтерінің қатарына түрлі микробтарды жою және жағымсыз иістерді сору жүйесі кіреді.


Жалпы, ақылды дәретхананы пайдалану кезінде адамдар ештеңеге әуре болмайды. Яғни унитазға күтім қажет емес, ол бәрін өзі жасайды. Тек, орнататын кезде су жіберетін жүйені дұрыс қосып, басқару тетігін ыңғайлы жерге қойсаңыз болғаны. Сосын, тетіктегі батырмаларды да өзіңіз басасыз.


Қанша тұрады?

Бірақ, адамдардың бір қиналатыны – құралдың құны. Орташа есеппен Жоғарыда аталған барлық жүйемен жабдықталған дәретханалардың бағасы орташа есеппен 300 мың теңгеден басталып, миллион теңгеге дейін барады екен. Әрине, бағасына қарай сапасы мен қызметі. Тіпті, Жапонияда адамның денсаулығын зерттеп, қысымын өлшеп беретіндері бар екен. Бірақ, арнайы тапсырыс бермесе, олар біздің елге келе қоймаған.

Ақылды унитаздың балама нұсқасы ретінде арзандау үлгілерін сатып алуға болады. Ондай құралдардың бағасы 70 мың теңгеден басталады. Бірақ, кез келген техниканың құны қаншалықты арзандаған сайын көрсетілетін қызметтердің қатары да азая беретінін ұмытпау керек. Дегенмен, арзанын таңдаған кезде өзіңізге қажет қызметпен жабдықталғанын сатып алуға мүмкіндік болады.


Қорытындылай келе, ақылды унитазды — күнделікті тұрмыста тиімді, ыңғайлы, функционалды және гигиенаға пайдалы құрал деп айтуға болады. Егер, қалтаңыз көтеріп тұрса, сатып алуға тұрарлық технология.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ғарышкерлер қолданған ҚАРУЛАРДЫ білесіз бе?


Дронды БАСҚАРЫП үйренгіңіз келе ме? МҰНЫ біліп алғаныңыз жөн