Дрон ӨТЕ ҚАУІПТІ құрылғы!

0
4 728

Пилотсыз ұшатын шағын құрылғы көптеген қылмыстардың орын алуына мүмкіндік туғызады.


Дрон ӨТЕ ҚАУІПТІ құрылғы!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ұшқышсыз шағын ұшақтар әлемдік нарыққа шыққалы көптеген адамдардың қызығушылығын тудырды. Әсіресе бейнебаян түсірушілер үшін таптырмас құрылғыға айналып, тәп-тәуір қызмет етіп жатқанын көріп жүрміз. Бірақ, оларды қылмыстық істерге қолданатындар да бар екен. Ол қандай қылмыстар?


Дрон бастапқыда біраз адамды тәнті еткенімен, қазір оған таңғалатын адам қалмады десек болады. Өйткені, мұндай құрылғыларды ақшасы жеткен кез келген адам сатып алып, игілігіне пайдалануда. Дегенмен дрон – өндіруші компаниялардың сұранысы мол тауары ғана емес, маңызды стратегиялық нысандарға қуаіп төндіретін құрылғылар қатарына еніп кетті. Өйткені, оны адамдардың 90 пайызы ойын-сауық, мерекелік кештерде қолданса, қалғаны заңсыз әрекеттерге пайдаланады екен. Сондай әрекеттердің салдарынан тіпті адамдардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіріп жатыр. Сол себепті аса маңызды инфрақұрылым, азық-түлік, су және отын жүйелерін, көлік құралдары, әуежайлар мен порттарды, байланыс, денсаулық сақтау жүйелері, қауіпті материалдарды өндіру және сақтау, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарды дроннан сақтау да бір проблемаға айналып отыр.


ЕНДІ ДРОН АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА НАҚТЫ МЫСАЛДАР КЕЛТІРЕЛІК


Жалпы, бұл техника арқылы қандай бір теріс ойды жүзеге асыру оп-оңай. Ол үшін қылмыскерге нақты жоспар мен дұрыс бақылау болса жеткілікті. Осыны естен шығармаңыз!


1. Банкоматты бақылайды

Біз өзіміз қолданатын пластикалық банк карталарымыздың сандарын, әсіресе ПИН-кодын ешкімге айтпау керек екенін білеміз. Олай болмаған жағдайда бар ақшаңыз алаяқтардың қалтасынад кетуі мүмкін емес пе? Осы орайда кей қылмыскерлердің банкоматты жағалап, өзіне керек деректерге дрон арқылы қол жеткізетінін біліп жүріңіз. Дрондар мұндай қызметті жүздеген метр қашықтықтан да орындай береді.


2. Түрмеге есірткі тасиды

Бірде түрмеде отырған тұтқынға байырғы достары есірткі жібермек болып, бұл ойларын дрон арқылы іске асырмақ болған. Абырой болғанда бұл жымысқы әрекетті күзетшілер байқап қойып, қылмыстың жүзеге асуына жол бермеген. Сондықтан, дрондардың осындай қызметтерді де атқаратынын біле жүрген абзал.

Тағы бір жерде дәл осындай оқиға орын алған екен. Бірақ ол жолы түрмеге есірткі емес, дронға қару-жарақ байлап кіргізбек болған. Мұны да қауіпсіздік қызметі аңғармай қалса не болар еді?


3. Соғыс қимылдары

Жаңалықты жиі көретін адамдар болса, қандай да бір лаңкестік топтардың да осы дронды пайдаланғанын естігендер бар шығар. Мысалы, Сиридағы лаңкестер дрондарды героин тасуға, адам көп жүретін жерлерге жарылғыш зат тастауға көп пайдаланған.


4. Тонау

Ашық ғаламтор бетінде тағы бір ақпарат бар. Шағын ғана ауыл тұрғындары бірнеше күн бойы елдімекен төбесінде дрон ұшып жүргенін байқаған. Бастапқыда бұдан күдіктенбегенімен, бірер күннен кейін үйлер тоналып, дронның ұрлық жасау жоспарын құру үшін пайдаланылғанын ұғынған.


5. Тыйым салынған аймақта ұшыру

Әуежай сынды өзге құралдардың ұшуына тыйым салынған аймаққа дронды кіргізіп жіберу қиын шаруа емес. Бірақ, осы бір техниканың ұшақтарға тигізетін зияны көп екені айқын. Мысалы, олар ұшақтың қозғалтқышын немесе терезесін зақымдау мүмкін ғой. Дегенмен, галереясына ұшақтардың қонуы сынды тартымты кадрларды жинағысы келетін кей операторлар бұл жерге ұшыруға болмайтынын біле бермейді.


Адам құқығын бұзады

Еуропа елдерінің азаматы саналатын бір әйел 18+ санатына жататын заттардың жарнамасынан өзінің ішкиіммен түскен фотосын көргенде таңғалған екен. Сөйтіп, өзінің құқығы бұзылғанын айтып, құқықбұзушының моральдық залал үшін өтемақы төлеуін талап еткен. Нәтижесінде, тергеушілер бұл фотосуреттің жасырын түрде дронмен түсірілгенін анықтапты.



Міне, дрондардың көбеюінен осындай қылмыстардың саны да артып жатыр. Сондықтан, дроны барлар мұндай құқықбұзушылыққа бармай, жалпы адамдардың сақтанып жүрген абзал.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КИБЕРБУЛЛИНГ: Гаджетті тым көп қолдану суицидке соқтыруы мүмкін


Денсаулықты бақылайтын құрылғылардың ҚАНДАЙ ҚАУПІ БАР?