Дронды БАСҚАРЫП үйренгіңіз келе ме? МҰНЫ біліп алғаныңыз жөн

0
4 475

Дрон – ұшқышсыз ұшатын құралдардың қатарына жатады. Олардың басты артықшылығы – ұшқышсыз әуеге көтеріліп, арнайы GPS-пен байланысатын бағдарламалық бақылау арқылы басқарылады.


Дронды БАСҚАРЫП үйренгіңіз келе ме? МҰНЫ біліп алғаныңыз жөн

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ұшқышсыз ұшатын аппараттар технологиясы үнемі дамып келеді. Тіпті, түрлі инновациялар мен ауқымды инвестициялардың көмегімен әр бірнеше ай сайын неғұрлым озық дрондар нарыққа шығып жатыр. Егер, сізді осы тақырып қызықтырса, маңызды ақпараттар ұсынамыз.


Шығу тарихы туралы

Тарихтағы ең алғашқы ұшқышсыз ұшатын, жарылғыш заттармен жабдықталған құрал 1839 жылы австриялық сарбаздар Венеция қаласына шабуыл жасаған кезде пайда болған. Бірақ, ол аппараттардың кейбірі нысанаға жетпей, өз жерлеріне түсіп жарылған. Сондықтан оны ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған.

Содан кейін, бұл саланың ілгерілеуі ХХ ғасырдың басында қайта басталған. "Дейтон-Райт" әуе компаниясы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде белгіленген уақытта жарылатын пилотсыз әуе торпедасын ойлап тапқан. Ал Никола Тесла 1915 жылы ұшқышсыз ұшу аппараттарының флотын ұсынса, 1916 жылы М.Лоудың "әуе мақсаты" атты жобасы пайда болған және Хьюитт-Сперридің автоматты ұшағы да бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған.

Ал алғашқы масштабталған қашықтықтан басқарылатын дрон 1935 жылы Реджинальд Денни ұшақ үлгілері бойынша жасалған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе шабуылдарын орындау үшін де көптеген нұсқалары шыққан. 1980-1990 жылдары бұл гаджеттің дамыған үлгілеріне сұраныс артып, 2018 жылға қарай кем дегенде 50 ел пайдаланған.


Дрондар қалай жұмыс істейді?

Ұшқышсыз ұшатын аппараттың жұмыс процедурасы сіз үшін қарапайым көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде, құрылғы өте күрделі технологияға ие.

Бұл құрал ұшқыштан тәуелсіз ететін бірнеше пропеллері бар арнайы әзірленген жүйемен жабдықталған. Тіпті қандай да бір қозғалтқышы жұмыс істемей қалса да, пропеллерлердің арқасында дрон ұшуын жалғасытыра береді.

Бірнеше қозғалтқышы саны бар дрондардың пропеллерлері энергияны аккумуляторлардан алады, яғни алмалы-салмалы батареялардан. Кез келген аппараттың ұшу уақыты сол батареялардың қуатына байланысты.

Сонымен қатар, кейбір дрондар «үйге қайту» жүйесі арқылы алғашқы ұшқан нүктеге түзу сызық бойымен қайта оралуға қабілетті. Бірақ, бұл тапсырманы берер кезде жолда кездесіп қалуы мүмкін кедергілерді ескеру қажет.


Жүйелік жабдық

Бұл сіздің дроныңызды тұрақты күйде ұстап тұратын құрал. Басқаша айтқанда, ұшқышсыз ұшатын аппараттың миы.


Бақылау аппаратындағы сенсорлар

Үш осьтік акселерометр – дронды тұрақтандырушы. Ол 3 ось бойынша сызықтық үдеуді қамтамасыз етеді.

Үш осьтік гироскоп – аппараттың бұрыштық жылжуын қамтамасыз етеді. Ол 3 осьте бұрыштық үдеуді есептейді.

Магнитометр – GPS функциясы бар дрондарда болады. Ол жердің магниттік өрісін өлшей алатын магнитті компас. Функция бағытты анықтау үшін қолданылады.

Барометр – теңіз деңгейінен биіктікке қатысты атмосфералық қысымның өзгеруін анықтайды.

GPS сенсоры – нақты географиялық орынды анықтайды.

Қашықтық сенсоры – сенсордың бұл түрі кедергілерге соқтықпай өту үшін қолданылады.


Дрон түрлері мен өлшемдері

Дрондар әртүрлі сипаттамалары, өлшемдері және бағасы мен үлгісі бойынша жіктеледі. Бірақ, түрі өте көп болғандықтан барлығын талдап өту қиындық тудырады.

Тек көлемі бойынша: өте кішкентай, шағын, орташа және үлкен болып топтастырылады. Ал үздік модельдер ретінде: DJI Mavic Air, DJI Mavic 2 Pro, DJI Mavic 2 Zoom, DJI Spark, DJI Phantom 4 pro plus, GoPro Karma үлгілерін атауға болады.


Қолдану

Дрондар көптеген салаларда қолданылады және оның қабілеті ойламаған нәрселерге жетеді.

Өртсөндірушілер жанып жатқан аумақты зерттеуге;

• Іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару миссияларын орындауға;

• Табиғи апаттарды зерттеп, гуманитарлық көмек таратуға;

• Көп векторлы камералар мен лазерлік сканерлерді пайдалана отырып, жоғары сапалы карталарды жасауға;

• Әскери мақсатта пайдалануға;

• Электр желілерін, жел турбиналары мен құбырлар сияқты көптеген жүйелерді тексеруге;

• Қоғамдық оқиғалар, наразылықтар немесе кез келген күдікті жағдайларға мониторинг жасауға;

• Ғалымдарға табиғаттағы түрлі жағдайларды бақылап, зерттеу кезінде (Мысалы, ядролық апаттар кезінде (ластануды өлшеу), мұздықтарды, жанартаудың атқылауын және т.б. бақылау кезінде археологиялық қазба жұмыстарын құжаттау үшін)

• HD камерамен жабдықталған дрон арқылы фотосуреттер жасауға және аспаннан тамаша сапалы кадрларды түсіруге қолдана аласыз.

Бұдан бөлек, машина жасау, құрылыс және қуаттық жұмыстарда, авиация, теңізде жүру, маркетинг, жылжымайтын мүлік, сақтандыру, коммуналдық шаруашылық, тау-кен өнеркәсібі, метеорология, білім беру және т.б. салаларда пайдаланылады. Бүгінде көптеген мемлекеттік мекемелер мен жеке фирмалардың өзінде жеке дрондары бар.

Осы аталған тиімділігінің арқасына дрондар үлкен сұранысқа ие!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жаңа технологиялар: Азық-түлік сақтауға ӨТЕ ТИІМДІ құралдар


Ғарышкерлер қолданған ҚАРУЛАРДЫ білесіз бе?