Қазіргі қиын кезеңде көпшілігіміз үшін мол азық–түлік сатып алумен қатар, «оларды қайда және қалай ұзақ уақыт сақтауға болады?» деген мәселе өзекті болып тұр.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Әсіресе, салқын жертөлесі немесе үлкен тоңазытқышы жоқ шағын пәтерде көптеген азық-түлікті сақтау қиындық тудырады. Дегенмен, бұл жағдайдан кез келген отбасын құтқаратын жаңа технологиялар жетерлік.
1. Тоңазытқыш камера
Әрине, өнімдерді ұзақ мерзім бойы сақтаудың ең қолжетімді жолы – оларды мұздатқыш камераға салу. Ол ет пен көкөністерден бастап балаға беретін сүт өнімдеріне дейінгі азық-түліктің бұзылып кетпеуіне кепілдік береді.
Негізі біз ең күшті мұздатқыш камера ретінде кәдімгі тоңазытқыштардың шағын бөлігін білеміз. Дегенмен қазіргі уақытта пәтердегі бос орынға сай келетін түрлі көлемдегі және өнімнің түріне қарай түрлі сипаттамаларға ие мұздатқыштар жетерлік. Сіз үшін өз қалауыңыздағысын таңдап, сатып алу жеткілікті.
2. Вакууматор
Өнімдерді сақтаудың тағы бір тамаша тәсілі орау. Бұл нұсқаны әртүрлі қолдануға болады: мысалы, оралған өнімдерді мұздатқышта сақтау сыйымдылық тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетеді. Сонымен қатар, қапталған дайын тағамдар мен сүт өнімдері тоңазытқышта ұзақ уақыт бір қалыпта тұра береді. Ал, вакуумдалған жарма, шай мен кофе, құрғақ жемістер, қант пен жаңғақты бөлменің кез келген жерінде сақтай аласыз.
Вакууматорды таңдайтын кезде ең алдымен құрал мен өнімдердің көлеміне назар аударыңыз. Сонымен қатар, вакууматордың пакеттерді қалай орайтынына мән берген дұрыс. Ораған кезде екі рет тігіс жасайтын гаджеттер сапалы болады. Егер, бұл құралдың қалай жұмыс істейтінін түсінбесеңіз, ғаламторға атын жазып, бейеролик арқылы танысып алуға кеңес береміз.
3. Электронды кептіргіш
Әрине, көктем мен жазды жаңа піскен көкөністер мен жемістерді тұтынамыз. Алайда, егіс пен бау-бақшаны қазан ұрғасын, қара күз бен қыста бойымызға түрлі дәрумен беретін кептірілген өнімдер пайдаланатынымызды да ұмытпаған жөн. Ал ондай өнімді удай қымбат ақшаға сатып алмас үшін қолдан дайындауға болады және оған электронды кептіргіш көмектеседі.
Бұл гаджет көкөністер, жемістер мен саңырауқұлақты кептіруге арналған. Сонымен қатар, құрал өнімдерді жинақы ұстауға мүмкіндік береді. Оған қоса, бұл технологияның көмегімен кепірілген жемістер мен саңырауқұлақтарды мұздатқышсыз-ақ шыны немесе пластик ыдыста бір-екі жыл бойы сақтауға болады.
Соңғы уақытта электронды кептіргіштердің түрі айтарлықтай артты. Қазір түрлі өлшемде жарыққа шығып жатқан құралдардың әрқайсы әртүрлі техникалық сипаттамаларға ие. Яғни, дүкен немесе ғаламтордан шертіп жүріп таңдауға мүмкіндік бар.
4. Мультиварка
Тоңазытқыштың іші жаңа піскен көкөністер және жемістерге толған кезде адамдар тосаптың түр-түрін пісіріп, қысқа қор жыйнай бастайды. Бірақ, дәл қазіргі заманда бұл тірлікке көп адам уақыт жеткізе алмай қалатыны тағы бар. Егер, сіздің де басыңызда осындай уақыт тапшылығы мәселесі болса, аталған қайнату қызметін өздігінен жүзеге асыра алатын мультиварканың көмегіне жүгінуге болады. Ол тек тәтті тосаптарды ғана емес, балық немесе ет консервілерін де дайындауға қабілетті.
Қазір ас бөлмесін осы гаджетпен толықтырып жатқан адамдар жетерлік. Осы орайда құралды сатып алғысы келетіндер көбінесе мультиварканың қуаттылығына, дайындай алатын өнімінің көптігіне және сыйымдылығына аса мән беруге тиіс екенін айта кеткен жөн.
5. Шырын сыққыш
Көкөністер мен жемістерді сақтаудың тағы бір кең таралған жолы – шырын. Ал ыдыстарға құйылатын тәтті сусынды дайындауға шырын сыққыш көмектеседі. Мамандардың айтуынша, сығылған шырын кем дегенде бір жыл бойы бұзылмай әрі құрамындағы пайдалы дәрумендерді жоғалтпай сақталуы мүмкін.
Нарықта шырын сыққыш құралдардың түрі өте көп. Мысалы, оңай сығылатын жемістерге барлық үлгісін қолдана берсек, қаттыс өнімдер үшін техникалық сипаттамасына қарап таңдау қажет болады. Мұндай гаджеттердің арасындағы әмбебабы – шнек модельдері. Олар көкөністер мен жемістерден ғана емес, шөптер мен өсімдік тұқымдарынан да шырын дайындауға қабілетті.
6. Стерилизатор
Жеміс-жидектер мен көкөністерді тек шырын түрінде ғана емес, сол қалпында банкаларда сақтауға болады. Ол үшін арнайы жасалған, тиімді әрі көпфункционалды «стерилизатор немесе автоклав» деп аталатын тұрмыстық техниканы пайдаланамыз.
Стерилизатор кәдуілгі консервілеу тәсіліне қарағанда, зиянды микробтар барынша жойып, электр энергиясы мен газды едәуір үнемдейді. Сонымен қатар, ол өнімдерді орап қана қоймай, ірімшік бұқтырмасы секілді бірінші тамақтарды да дайындай алады.
Оны таңдағанда біріншіден, контейнері тот баспайтын болаттан жасалғанына, көлемі мен тұтынатын қуат көзіне (электрге қарағанда, газ қолданатындары ыңғайлы) мән беріңіз.
Ең бастысы – асүйдегі бос орынның көлемі мен қандай құралдың қажет екенін нақтылап алыңыз.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Шаш ӨРЕ АЛМАЙСЫЗ ба? Ол үшін арнайы ҚҰРЫЛҒЫ бар
ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН: Гигиена талаптарын сақтауға мыналар КӨМЕКТЕСЕДІ