Енді ТАМАҚТЫ ТЕЛЕФОНМЕН пісіруге болады!

0
3 536

Күннен күнге дамып жатқан адамзаттың өнертабысы өмір сүруімізді жеңілдетіп жатыр.


Енді ТАМАҚТЫ ТЕЛЕФОНМЕН пісіруге болады!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Асүй кез келген шаңырақтың киелі, бірлік пен береке бастау алатын бөлмесі. Ол жердің берекесі кетіп, шашылып жатса үйден де құт кетеді. Сондықтан өнертапқыштар асүйдің таза және ондағы құрал-жабдықтардың әдемі әрі ыңғайлы болуына бар күшін салып жатыр. Нәтижесінде осындай тамаша гаджеттер пайда болды.


Буға пісіру

Буға піскен көкөністерді ұнататын әуесқойларға мына жиналмалы «пароварка» өте қажет. Себебі, бұл ыдыста піскен кез келген көкөніс өте дәмді болады.


Қол блендері

Қол блендерінің үлкен блендерден айырмашылығы – бұл өте ықшам және тек қол күшімен жұмыс істейді. Сондай-ақ, оны кез келген жерде алып жүріп, қалаған уақытта көкөністерді майдалай аласыз.


Әртүрлі ілгектер


Ал мынау әртүрлі пішінде жасалған ілгектер асханадағы көңіл күйінің көтеріңкі болуына оң әсерін тигізеді.


Қамырға арналған сызғыш

Осы құрылғыны пайдалана отырып, жайылған қамырдың қажетті бөлігін оп-оңай кесіп алуға болады.


Сөрелі жылытқыш

Әр түрлі өлшемдегі төрт герметикалық сөресі тамаша бар құрылғының әр бөлігі жылытатын тамақты қажетті температурада Сіз таңдаған уақыт бойынша ұстап тұруға қабілетті.


Силикон қақпақтар

Әдетте тамаққа қосатын көкөністердің жартысы қалып кеткенде пакетке салып, тоңазытқышқа қоямыз. Бірақ ол жарамды болып сақталуы екіталай. Ал, мына әмбебап силикон қақпақтар ол мәселені оңай шешеді. Сонымен қатар, созылмалы қақпақтарды кесілген жемістерді сақтау үшін ғана емес, ашылған бөтелкелер мен банкалардың аузын жауып қоюға да пайдалануға болады.


Контейнерлі тақтай

Бұл ағаш тақтай тек қана турау үшін жасалмаған. Яғни, ол ұсақталған ингредиенттер мен пышақ салуға арналған жасырын шағын контейнерлер және планшетке арналған тіреуішпен жабдықталған. Тақтай сонысымен ерекшеленеді.


«Зеленге» арналған портативті плантация

Жаңадан шыққан портативті контейнер қуатты LED-шамдармен жабдықталған. Ол күн жылуы мен топырақтың нәрінсіз-ақ «зелен» шөбін тез әрі мол етіп өсіруге мүмкіндік береді.


Ыдыс қоятын тұғыр

«Раковина» жанындағы кеңістік үлкен «көлшікке» айналмауы үшін жуылған ыдысты кептіргіш қажет. Ал, тиімділігі басым болу үшін әр түрлі ыдыстарға арналған көптеген бөліктері бар тұғырды таңдаңыз.


Жинауға арналған шағын жиынтық

Біз үстел үстін тазалау үшін шүберекті қолданып үйренгенбіз. Алайда, қазір дастархан бетін құрғақ қалдықтардан тазарту үшін ерекше әдістер бар. Оның бір мысалы – бұл шағын қалақша мен сыпырғыш. Ол құрал үгінділер мен азық-түлік қалдықтарын жинауға және оларды қоқыс шелегіне шашпай тастауға көмектеседі.


Макарон өлшеуіш құрал

Егер Сіз макаронның қажетті мөлшерін көзбен өлшей алмасаңыз, осы девайстың көмегіне жүгінуе болады.


Смартфонмен тамақ пісіру

Ал, мынау шағын плита табиғатта немесе саяжайда демалуды ұнататындар үшін нағыз қажетті құрал. Оның басты артықшылығы – смартфондағы арнайы қосымшаның көмегімен плитаны қашықтан басқаруға болатындығы. Бұл өте керемет өнертабыс!


Дайындаған: Б:Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАРЛЫҚ адам ТЕГІН ҒАЛАМТОР желісін пайдаланады!


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ қосымшалары Сізді ШЫҒЫНҒА ұшыратады