ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ қосымшалары Сізді ШЫҒЫНҒА ұшыратады

0
4 190

Смартфонға арналған мүлдем пайдасыз қосымшалар.


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ қосымшалары Сізді ШЫҒЫНҒА ұшыратады

Бүгінгі таңда адамдарды жиі мазалайтын екі мәселе бар, ол – смартфон қуатының тез азаюы және жадындағы бос орынның жетіспеуі. Оған қосымшалардың да қатсысы бар, өйткені ұялы телефонға арналған кейбір бағдарламалар көлемі үлкен және қуатты көп шығындайтын болып келеді. Сондай-ақ, олардың арасында мүлдем пайдасыздары да бар.


1. Кэш «қоқысын» тазалауға арналған қосымшалар

Негізі мұндай қосымшалар «смартфонды қоқыстан тазартады» деген жарнамамен адамдардың көңілін өзіне аударады. Оның үстіне «тазарту» түймесін басқанда телефон жадындағы қажетсіз заттарды жойып жатқандай әсер қалдырады. Бірақ, олардың белсенділігі жадқа ауырлық түсіріп, сіз қолданатын гаджеттің жұмыс сапасын төмендетіп жібереді. Одан бөлек «сыпырғышың суреті бар» қосымшаларға кіргенде жарнама көрсетіліп, сіздің жеке интернет-трафигіңіз арқылы басқа біреулер ақша өндіреді.

Сондықтан, смартфондағы артық «қоқысты» тазалау үшін ғаламтордан арнайы бағдарлама жүктеп алудың қажеті жоқ. Себебі, әрбір ұялы телефонның параметрінде кэшті тазалайтын бағдарлама болады.


2. Батарея шығынын азайтуға арналған бағдарламалар

Шындыққа тіке қарасақ, бұл бағдарламаларды әрбір компания өз маркетингін дамыту үшін жасап шығарады және ғаламтордан жүктелетін мұндай қосымшалар арқылы батарея шығынын азайту мүмкін емес. Тек Android немесе iOs бағдарламалары арқылы жұмыс істейтін телефондардың өзіне кірістірілген функция ғана құрылғының жасанды интеллектін пайдалана отырып, қуат көзінің шығынын үнемдеуге қабілетті.


3. Танымал әлеуметтік желілерге арналған қосымшалар

Әлеуметтік желілердің негізін қалаушылар телефонға арналған бағдарламалар жасап, оған көптеген пайдаланушылар тіркеледі. Тиісінше оны жасап шығарғандар интернет тарфигі, жарнамалар және лайк пен достардың жаңа посты немесе басқа да әрекеттері туралы келетін хабарламалар арқылы еселеп пайда табады. Егер, осы әлеуметтік желілерге ұялы телефонға кіріктірілген браузер арқылы кіретін болсаңыз, интернет трафигімен қоса батарея шығынын да үнемдей аласыз. Оның үстіне әлеуметтік желі қосымшалары тарататын барлық хабарламалар адамдардың көңілін бөліп, уақытын алады.


4. Ұялы телефондағы вирусқа қарсы қосымшалар

Егер, Сіз Apple компаниясының смартфонын қолданатын болсаңыз, вирус деген мәселеден мүлдем қорықпай-ақ қойыңыз. Ал, құрылғыңыз Android болып, оның пайдаланылғанына 4-5 жылдан асса және вирустардың белгісі (телефонның қатып қалуы секілді жағымсыз жағдайлар) біліне бастаса, онда бұл ұялы құрылғыны арнайы мамандарға апарып тазартып алыңыз.

Демек, ғаламтордағы «Антивирус» қосымшаларын да жүктеудің қажеті жоқ деген сөз. Олар да пайда табуды көздеген адамдардың бір айласы.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

дереккөз: ашық ғаламтор беттері


Тағы оқыңыз:

СІЗ қайсысын қолдандыңыз? 90-жылдары ХИТ болған гаджеттер

БАРЛЫҚ адам ТЕГІН ҒАЛАМТОР желісін пайдаланады!