Ғалымдар киімді ӨЗІ ЖИНАЙТЫН құрылғы ойлап тапты

0
2 015

Ол шалбар, көйлектер пен төсек-орын және сүлгілерді бүктеп, жинай алады.


Ғалымдар киімді ӨЗІ ЖИНАЙТЫН құрылғы ойлап тапты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір адамдардың қиялындағы ойлар шындыққа айналып жатыр. Оларды Сіз де пайдалана аласыз.


1. Аудармашы құлаққаптар

Waverly Ambassador Translator – 20 тілді еркін аудара алатын аудармашы кіріктірілген құлаққаптар. Бұл гаджет мысалы, біреу ағылшын тілінде сөйлеп отырса, Сіз таңдаған тілге автоматты түрде аударып, дыбыстай алады.

Сондай-ақ, құралды тек ауызекі қарым-қатынаста ғана емес, ресми кездесулерде де қолдана аласыз және бағдарлама арқылы төрт аудармашыға дейін қосуға болады.


2. Жылытқыш шыныаяқ

Ember атты керамикалық шыныаяқ смартфонға Bluetooth арқылы жалғанады және арнайы қосымша арқылы басқарылады. Ол қосымшадан қажетті температураны таңдап, шыныаяқтағы кез келген сусынды сол температурада сақтап тұруға болады. Мысалы, жұмыс барысында ішіп отырған кофеңіз суып қалмайды.


3. Кіріктірілген динамиктері бар көзілдірік


Base Frames сериясымен жарық көрген көзілдірік стильді көрінеді. Бірақ, олардың басты ерекшелігі – батареямен жұмыс істейтін шағын динамиктер және қоңырау қабылдай алуы. Бұл аксессуардың көмегімен музыка тыңдауға, қоңырау шалуға болады.


4. Электромотоцикл

Harley-Davidson мотоциклі 13 секунд ішінде 100 км/сағатқа дейінгі жылдамдыққа жете алады, ал қозғалу үшін бір тұтқаны бұру жеткілікті. Сондай-ақ, электр қуатымен жүретін бұл мотоциклдің толық батареясы 225 шақырымға дейін жүруге жетеді. Оны толық қуаттау үшін 12 сағат жіне кәдімгі электр көзі жеткілікті. Ал, бір сағаттың ішінде жылдам толтыру үшін арнайы станцияға бару керек.


5. Мысық тамақтандыруға арналған құрылғы

Кейбір үйлерде ит немесе мысық асырайды, ал оларды тамақтандыру оңай жұмыс емес. Осы орайда жануарлар арасында тамаққа талас туындамау үшін, Сізге ақылды Volta Mookie құралы көмектеседі. Оның камераларына тамақ ішетін жануардың түр сипатын енгізіп қоясыз, тиісінше сол мысық немесе ит келгенде ғана ашылады. Соның арқасында олардың біреуі тоқ, біреуі аш болып жүрмейді.


6. Киім жинайтын автомат


Америкада жасалған бұл құрылғы жейде, шалбар, көйлектер пен төсек-орын және сүлгілерді бүктеп, жинай алады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

Жақындарыңызға жаңа жылдық СЫЙЛЫҚ ТАҢДАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе?

ҚОЛДЫҢ қызметін атқаратын құрылғыға СҰРАНЫС МОЛ