ҚОЛДЫҢ қызметін атқаратын құрылғыға СҰРАНЫС МОЛ

0
2 620

Оның көмегімен көптеген жұмыстарды істей аласыз.


ҚОЛДЫҢ қызметін атқаратын құрылғыға СҰРАНЫС МОЛ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі топтамада суретші, музыкант және басқа да кәсіппен айналысатын адамдарға арналған өте пайдалы құрылғылармен таныса аласыз.


Қосымша пернетақта

Бұл гаджет кәдімгі тінтуір мен пернетақтасыз-ақ фото-реакторлармен, муыкалық және бейнеөңдеу бағдарламаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Демек, Сіз өзіңіз армандаған, барлық мүмкіндіктерді сыйлай алатын құралға ие бола аласыз.


Сымсыз флешка

Егер, қазіргі жиі қолданатын ақпарат тасымалдау құралдарына көңіліңіз толмаса, SanDisk гаджетін алып көріңіз. Бұл шағын құрылғы USB арқылы да, Wi-Fi желісімен де компьютер, ноутбук, тіпті iOS және Android бағдарламаларындағы смартфондарға қосылып, ақпарат тасымалдай алады. Сонымен қатар, флешкадағы ақпаратты бір уақытта бірнеше экраннан көруге мүмкіндік бар.


Сурет салуға арналған планшет


Wacom компаниясы шығарған бұл гаджет дизайын және сурет салумен айналысатындар үшін таптырмас планшет. Бұл құрал арқылы өз сызбаңызды қағазға түсіргендей сыза аласыз, ал құрылғы жұмысты компьютер экранына шығара алады.


Күннен қуат алатын батарея

Күн көзінен күш жинайтын бұл батарея арқылы смартфон, құлаққап және смарт-сағат сияқты гаджеттерді қуаттай аласызү. Сондай-ақ, олардың көлемі ықшам болғандықтан өзіңізбен алып жүруге де өте қолайлы.


Шағын түс анықтағыш

Nox Sensor – бұл кез келген бет терісінің түсін анықтай алатын құрал. Оны көбіне әйелдер қауымы бояу таңдағанда немесе келешекте қолдануға болатын әдемі түстерді есте сақтау үшін пайдаланады.


Қолдың қызметін атқаратын құрылғы

Сіздің қолыңыз істейтін біршама жұмыстарды атқара алатын бұл құрал осы топтамадағы ең керемет робот-гаджет. Оны кез келген компьютерге қосып, қажетті бағдарламаны орнату арқылы басқара аласыз. Тиісінше, робот мәтін жазу, сурет салу, мәтін немесе бейнені көшіру, бір затты кесі-турау секілді қызметтерді орындай береді.


Онлайн-трансляцияға арналған пульт

Roland – қазіргі блогерлер мен музыканттарға арналған тамаша пульт. Оның көмегімен бейнекамера ракурстары мен аппаратурадан қосылып тұрған әуендерді оп-оңай, артық қимылсз, бір тетікті басу арқылы ауыстыруға болады.


Ноутбукке арналған қосымша экрандар

Packed Pixels – бұл планшет сияқты екі дисплей ноутбуктың экранына қосыла алады. Ол бірнеше монитор қолдану керек болғанда өте тиімді және сөмкеңізден көп орын алмайды.


Тайм-трекер

Saint – уақыт аралықтарын есептейтін трекер ретінде жұмыс істейтін түйме. Әзірлеушілер оларды компьютермен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс өнімділігі үшін жасап шығарған. Компьютерге қосылып жұмыс істейтін құрылғы белгілі бір уақыт аралығында (уақытты өзіңіз белгілейсіз) сіздің мониторыңыздағы артық хабарламаларды құлыптап қояды. Соның арқасында, жұмысты жылдам әрі сапалы етіп істейсіз.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қуаттағышты ТОҚ көзінде қалдыруға БОЛМАЙДЫ!


Жақындарыңызға жаңа жылдық СЫЙЛЫҚ ТАҢДАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе?