Инстаграмда БЛОКҚА ТҮСІП қалудан қалай САҚТАНУ керек?

0
2 113

Қандай жағдайларда Инстаграм заңын бұзған боп саналасыз?


Инстаграмда БЛОКҚА ТҮСІП қалудан қалай САҚТАНУ керек?

Инстаграм әлеуметтік желісін қолданушылар үшін блокқа түсу – бостандығының шектелуімен тең. Әсіресе, блогерлер мен онлайн бизнесмендер, басқа да белсенді қолданатындар үшін бұғат – көп шаруасын кідіртіп қоятын үлкен кедергі. Сондықтан, инста әлемде бір үйім болсын десеңіз немесе іс жүргізетін болсаңыз, бұғатталудан сақтаныңыз.


Анықтама үшін айта кетейік, бұғаттың екі түрі бар.

Бірі - уақытша бан. Инстаграмның лимитін сақтамай, лайк, комментарий, «жазылу»-«жазылудан бас тарту» функцияларын шектен асыра жасайтын болсаңыз, бұл әрекеттерден уақытша шектелесіз. Уақытша бан көбіне бір аптаның ішінде қайта «бұғаудан босатады».

Екінші түрі – парақшаңызды мәңгілікке бұғаттау. Бұл инстаграмның заңын өрескел бұзған жағдайда қолданылатын шара. Сізде инстаграм администраторлығына хат жазып, шешімді қайта қарап, парақшаны қайтаруын сұрау мүмкіндігі бар. Кейде бір жолға қайтаруы мүмкін.


Қандай жағдайларда Инстаграм заңын бұзған боп саналасыз?

  • Парақшаңыздың атауына Insta сөзі мен аватарыңызға Инстаграмның логотипін қолдану.
  • Боттарды накрутка жасау. Егер сізге бірнеше минут ішінде 1000 немесе одан да көп адам жазылатын болса, парақшаңыз бірден бұғатталады. Әсіресе, жаңадан ашылған парақшалар.
  • Инстаграмға телефоныңыздан бірнеше парақшаңызды қосып, барлығына бірдей суреттер салсаңыз, сол мезетте-ақ бұғатталасыз.
  • Жаңа парақша ашсаңыз, өзге аккаунттарға 1-2 апта бойы қолмен жазылып отырыңыз. Жаңадан ашқан күндері раскрутка жасауға арналған программаларды қолданушы болмаңыз.
  • Суреттер мен текстерді көшіріп қолдануға болмайды. Өзгелердің сурет, бейне, мәтін сынды материалдарын көшіріп қолдансаңыз, автор сіздің парақшаңызға үш рет шағым түсіретін болса («Пожаловаться» батырмасын басу арқылы), парақшаңыз бұғатталады.
  • Тыйым салынған материалдар – наркотик, алкоголь, суицид және балалардың жалаңаш көрінісі бейнеленген фото-видеоматериалдар үшін де бірден бұғаттқа түсуіңіз әбден мүмкін.
  • Сондай-ақ, таргет жарнамасын жібергенде мұқият болыңыз. Желілік маркетинг, тез және оңай ақша табу, цифрлар, дәрі-дәрмек, басқа да тыйым салынған тақырыптар туралы мәлімет болса, жарнамаңыз да, парақшаңыз да жұмысын тоқтатады.

Фейсбук арқылы таргет жарнамасын жібергенде бұғатқа ілікпес үшін мынадай сақтық шараларын жасау керек.

  1. Фейсбук парақшасын жарнамаға алдын ала дайындау қажет. Жаңадан немесе бұрын ашылғандығында айырма жоқ. Белсенділік болмаса, алдымен он күн мен отыз күн аралығында күнделікті пост салып, өзге қолданушыларға лайк басып, пікір қалдырып отырып, содан кейін барып жарнама жіберуге болады.
  2. Фейсбуктағы өзіңіз жайлы мәліметті және Инстаграмдағы профильді толық толтыру да жарнамаңызды бұғаттан қорғауға көп көмек. Онда көрсетілген пунктерге өзіңіз жайлы мәліметті ашық және шынайы жазып қойыңыз. Әсіресе, Инстаграм «шапкасында» сіздің кім екеніңіз, немен айналысатыныңыз, қандай қызмет көрсететініңіз, сізге адам не үшін қосылу керектігі және сізбен байланыс телефон, whatsapp желісіне тікелей шығатын ссылка – бәрі қысқа әрі нақты жазылып тұруы қажет.
  3. Фейсбук жаңадан қосылған қолданушыларға тегін сабақтар ұсынады. Сол сабақтарды қараңыз. Бір жағынан көп пайдалы білім аласыз. Екінші жағынан әр сабақ үшін сертификат беріледі. Дәл осы сертификаттар сізді бұғатталудан қорғап қалуы әбден мүмкін.
  4. Ұсынатын қызмет не тауарыңызды сайт арқылы таныстыратын, сататын болсаңыз, ол сайт сілтемесі БИО-ңызда крсетіліп тұрса, міндетті түрде домен сатып алыңыз. Бір жылдық төлемақысы өте төмен болғанымен, бұғаттан қорғануда жоғары ықтималдық сыйлайтын жолдардың бірі осы.

Әлеуметтік желінің тетіктерін дұрыс қолдана білсе, көптеген мүмкіншіліктер сыйлайды. Тек тәртібіне бағынып, бұрыс кетпей жүрсеңіз болғаны.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ЖАН мен ТӘН таза болсын десеңіз, ішкен суыңыз ТАЗА болсын