Кинодан ғана көрген ҒАЖАЙЫП гаджеттерді ҚОЛДАНА аласыз

0
5 662

Олар жайлы білгенде технологияның құдіретіне бас иесіз.


Кинодан ғана көрген ҒАЖАЙЫП гаджеттерді ҚОЛДАНА аласыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кейде біз кинолардан «үш ұйықтасаң түсіңе кірмейтін» техникаларды көріп жатамыз. Қуанышымызға орай, заманауи өндірушілердің арқасында оларды шынайы өмірде қолдану мүмкіндігі туып жатыр. Олар көзге ерекше көрініп қана қоймай, керемет жұмыс атқаратын таңғажайып гаджеттер. Сіз де таныс болыңыз.


1. Gest

Компьютерлер мен смартфондар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан қазір көп адамдар кейбір жаңа құрылғыларға таңқалып қарауды да қойды. Бірақ, өндірушілер әдеттегі гаджеттерді басқару жүйелерін алмастыра отырып, ерекше әсер сыйлап отыр. Мысал ретінде қолыңызға киілетін және әдеттегі қозғалыстардың көмегімен құрылғының жұмысын реттеуге мүмкіндік беретін Gest құрылғысын келтіруге болады. Ол алақанға баумен бекітілетін және саусақтарға тағылатын ерекше қолғапқа ұқсайтын гаджет.

Әзірлеушілердің айтуынша, онымен құрылғыны басқару оңай және интуитивті. Gest құрылғысын қолдана отырып, барлық бағдарламаларды өте аз қимылмен басқара аласыз. Бұл қолғаптың көмегімен тіпті пернетақтасыз мәтін теруге болады. Өндірушілер оны 2002 жылы шыққан «Особое мнение» фильмінен көріп, құрылғының түпнұсқасын жасауға бел буған.


2. Ideum Table


Ideum Table – бұл кез-келген адам 10 мың долларына сатып ала алатын, жиһаздың беті секілді көлемді құрылғы. Еске сала кетсек, 2008 жылы жарық көрген «Квант милосердия» фильмінде Джеймс Бонд осындай экраны бар үстелді қолданған. Сол көріністен идея тудырған өндірушілер Ideum Table деп аталатын инновациялық құрылғыны жасап шығарған. Оның үлкен сенсорлық экраны әртүрлі жұмыстарды істеуге арналған, мысалы, оны графикалармен, сызбалармен, жобалармен немесе презентациялармен егжей-тегжейлі танысу үшін қолдансаңыз масштабтаудың жоғарғы мүмкіндігі оларды талдауды мүмкіндігінше ыңғайлы етеді. Сондай-ақ, ғажайып үстел тек жанасу арқылы ғана емес, дауыс және қимылдар арқылы да жұмыс істей алады. Қажет болса, стационарлық компьютерге қосу арқылы барсаруға болады.


3. Formlabs Form 2

"Star Trek" телехикаясынан бой көрсететін бұл репликатор нысандарды жасау және қайта өңдеуді біледі. Оның көмегімен ойдан шығарылған сюжетте адамдар заттарды көшіріп, қажетті жұмыстарды істеп, тіпті тамақ жасай беретін. Жылдар өте келе бұл ғажайып шындыққа айналып, аталған қызметтерді атқара алатын Formlabs Form 2 деп аталатын көпфункциялы заманауи 3D принтер пайда болды. Ол түрлі өлшемде өндірілген. Тіпті жұмыс үстеліне қоюға ыңғайлы түрі де бар.

Бұл принтермен ең ерекше идеяларды 3D форматында жүзеге асыруға болады, өйткені құрылғы жобаларды керемет дәлдікпен жасай алады. Бұл принтер ұсақ бөлшектерден құралған және күрделі құрылымға ие. Formlabs Form 2-нің лазері сұйық затты қатты модельдерге айналдыра алады.


4. Nike Mag

«Назад в будущее» атты фильмінің екінші бөлімінде басты кейіпкер стильді және ерекше кроссовка киіп жүреді. Қарапайым адамдар, ең бастысы, фильмнің жанкүйерлері осы бір ерекше аяқкиімді киюге мүмкіндік беру үшін Nike дизайнері дәл сол үлгіні ойлап тауып, шынайы өмірге әкелді. Әрине, аяқкиімнің кейбір техникалық ерекшеліктері фильмдегіден өзгеше, мысалы, бауы автоматты түрде байланбайды. Бірақ электролюминесцентті табаны негізгі ерекшелігі болын саналады.

Қызықты ақпарат: гажап аяқкиімді жасап шығару идеясы Nike компаниясының бас дизайнері Тинкер Хэтфилдтен емес, өзінің ғаламтордағы достарына петиция құруды ұсынған бір желі пайдаланушысынан пайда болған. Содан осы аяқкиімге деген қызығушылық Тинкер Хэтфилдті шабыттандырып, 6 жылдан кейін өте сапалы материалдарды жасалып, аты аңызға айналған аяқкиім сатылымға шыққан.


5. Tron Identity Disc

Бұл құрылғы «Трон: Наследие» фильмін көргендерге таныс болуы заңдылық. Ол кинода жарықпен жабдықталған дискілер қару ретінде қалданылады. Әрине, бұл гаджет суық қару ретінде жасалмаған. Бірақ фильмнің жанкүйерлері мұндай өнертабысқа өте риза болған екен.

Жаңа өнертабыстар біздің өмірімізге жайлылық пен ыңғайлылық сыйлап, қажеттіліктер көкжиегін үнемі кеңейтіп отырады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Асхананың ажары мен ғажабы болатын гаджеттер


2021: iPhone 13-тің ЕШҚАНДАЙ түймесі болмайды