Асхананың ажары мен ғажабы болатын гаджеттер

0
7 293

Олар қолдануға өте ыңғайлы, әрі тиімді.


Асхананың ажары мен ғажабы болатын гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Үй асханасы тап-тұйнақтай жинақы болғаны және онда заман талабына сай көпфункционалды құрылғылар тұрғаны қандай жақсы!? Өйткені ол құрылғылармен кез-келген әрекетті оңай, көп күш жұмсамай, жылдам орындай аласыз. Мұндай құрылғылардың жаңа түрлері күн сайын пайда болып жатқандықтан, соңғы үлгілерін назарларыңызға ұсынамыз.


1. Саусаққа арналған қорғаныс құрылғысы

Қолға киілетін арнайы қорғағыш өнімдерді турау кезінде саусақтарыңызды кесіп кетуден және басқа да жарақаттардан қорғайды. Яғни, ол қорғаныш қолғаптың рөлін атқарады. Оның көмегімен кез-келген ингредиенттерді қимылдатпай ұстап тұруға болады. Құрылғы үстелдің үстінен сырғып кетпейді және пышақтың да сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді. Қолданғаннан кейін тазалау оңай және көлемі шағын болғандықтан, көп орын алмайды.


2. Пиццаға арналған пышақ

Мұндай пышақпен пиццаны дұрыс және ұқыпты кесу үшін көп күш қажет емес. Пышақтың бүйіріндегі тұтқалар біркелкі қозғалысты қамтамасыз етеді. Қарапайым бекіткіштің көмегімен пышақты пластикалық қалыптан алуға, жууға және қайтадан орнатуға болады. Ал жинаған кезде пышақ ықшамдалады.


3. Үккіш

Бұл көп функциялы үгіткіш өнімнің қалыңдығына қарай реттеледі. Онымен сіз өнімді кесек, чип немесе сақина қалпында тез әрі оңай турай аласыз. Оның арнайы тұтқасы арқылы кішкентай өнімнің сырғып кетпеуін және саусақтардың зақымданбауын қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар, өнімдерді төрт түрлі қалыңдықта және түрлі қалыпта турауға мүмкіндік береді.


4. Сарымсақ турауға арналған

Бұл құрылғы сарымсақты оңай турауға мүмкіндік береді. Оны үстелге орнатып, сарымсақты біркелкі етіп ұсақтау үшін бірден сарымсақтың бірнеше түйірін салуға болады. Туралған бөліктер алмалы-салмалы қасыққа ұқсайтын бөлікке түседі және ұсақталған сарымсақты шашпай-төкпей қажетті ыдысқа салуға қолайлы болады.


5. Шырынды қолмен сығыңыз

Анда-санда қолмен сығылған шырын ішкісі келетіндер үшін осы құрылғыны қолдану өте тиімді. Асханадан көп орын алмайды, арзан және көп күшті қажет етпейді. Сонымен қатар, оны пайдалану өте ыңғайлы. Шырын сыққыш бір-біріне киілетін екі бөліктен тұрады. Жоғарғы жағы сығу әрекетін орындаса, төменгі бөлігі шырын жиналатын ыдыс. Астыңғы бөлігі толуға таяғанда сыққан шырынды төгіп алмас үшін үлкен ыдысқа құйып отыру қажет. Оны тазалау да өте оңай. Шырын ішкіңіз келгенде жемістің жартысын жоғарғы бөлікке қойып , айналдырсаңыз болғаны.


6. Жаңа үлгідегі көкөніс тазалағыш

Бұл көкөніс қабығын тазалауға арналған құрылғының жүзі айналатындықтан, кез келген бағытқа оңай икемделеді. Тігінен де, көлденең де. Сондай-ақ, оның жұқа және қалың қабыққа арналған екі пышағы бар. Ал тұтқасының соңғы жағында картоптың көзін немесе зақымданған, өңдеуді қажет ететін жерлерді тез және оңай алып тастауға мүмкіндік беретін арнайы ойық бар.


7. Өлшеуге арналған шыныаяқ

Бұл өлшеуіш стаканның екі шкаласы бар. Оны әдеттегі күйде, сонымен қатар төңкеріп қолдануға да болады. Өлшеуіш шыныаяқ өте берік, қолдануға ыңғайлы және оны жуу оңай. Оның стильді көрінісі кез-келген асүйге сән қосады.

Айта кетейік, мұндай құрылғылар күн сайын пайда болуда. Алдағы уақытта да топтамасын ұсынатын боламыз.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Жаңа жылда ОТШАШУдың ОТСЫЗ-ақ ҚАУІПСІЗ түрін атуға болады


Қуатталып тұрған ТЕЛЕФОНДЫ қолдануға БОЛМАЙДЫ! Неге?