Компьютер СОҚЫР қылмасын десеңіз, мына шараларды ҚОЛДАНЫҢЫЗ

0
5 998

Көптеген адам өз денсаулығын ойламайды.


Компьютер СОҚЫР қылмасын десеңіз, мына шараларды ҚОЛДАНЫҢЫЗ

иллюстрациялық фото: ашқ дереккөзден

Сандық технологиялар мен мобильді құрылғылар біздің өміріміздің бір бөлігіне айналғалы қашан. Бүгінде 4,5 миллиардтан астам адам интернетті виртуалды кеңістікте күніне орта есеппен 6 сағаттан астам уақытын өткізеді екен, яғни сонша адам бір жылдың жүз күнін ғаламторда өткізеді деген сөз. Ал, ақпараттық технологиялардың көру қабілетіне тигізетін зардабын кім ойлап жатыр? Ашығын айтсақ, мұны тұтынушылардың басым бөлігі ескермейтіні белгілі. Ал, ғалымдар не айтып, қандай кеңес береді?



Компьютер көзге қалай әсер етеді?


Қазір көптеген адам жұмыс күнін (аптасына шамамен 40 сағат) компьютер алдында өткізуге мәжбүр болып қалды. Ал, бұл көзге әртүрлі жағымсыз әсер береді. Гаджет қолданушыларының 80-90 %-ы компьютерді ұзақ уақыт қолданғаннан кейін көздің кернеуі, бас ауруы, көздің құрғауы және қызаруы, көлемінің үлкеюі және көру қабілетінің төмендеуі секілді жағымсыз жағдайларға тап болады екен. Бұл белгілер – компьютерлік визуалды синдром деп аталады.

Компьютер немесе гаджеттермен ұзақ жұмыс істеу жыпылықтау жиілігінің азаюына әкеледі. Ол аздай, айналадағы жарық көздерінен сәуле түсіп, экрандағы кескіндерді бұлдыратады, шағылыстырады. Сонымен қатар, компьютер орналасқан бөлменің ылғалдылығы көбінесе төмен болады екен. Егер, мәтінді қағаздан оқу әдетте төменге қарап жасалады. Нәтижесінде қабақ көздің алдыңғы бетінің едәуір бөлігін жауып, бұл лакрималды қабықтың булануын азайтады. Ал, компьютер пайдаланушылары, керісінше, өз мәтініне көлденең көзқараспен қарап, бұл көздің құрғауына соқтырады.


Сондай-ақ, компьютерді линза тағып қолданатын адамдар көздің жеткіліксіз дәрежеде ылғалдануына байланысты ыңғайсыздық сезінеді екен. Яғни, көз құрғаған кезде линза қабаққа жабысады. Міне, компьютерді ұзақ қолдану көзге осындай зияндарын тигізіп, бірте-бірте көру қабілеті нашарлай береді.


Компьютердің зиянынан қалай сақтануға болады?


Жұмыс орнында. Жұмыс орнын дұрыс жарықтандыру компьтер қолдану жайлылығын арттырады. Бөлмедегі жарық біркелкі және жеткілікті болуы керек. Бұл монитормен жұмыс істегенде қосымша жарық қолдану қажеттілігін жояды. Егер, қосымша жарық қолдану керек болса, онда оның деңгейі төмен болып, көзге немесе экранға бағытталмауы қажет. Сосын, қосымша жарық ретінде жалпақ тілмен айтқанда "жылы немесе теплый "жарықты қолданған жөн. Өйткені, ол көзді шаршатпайды. Мүмкіндігінше терезе жарығы компьютерге бүйірден түсуі керек. Ал, терезеден түсетін сәуле тым жарық болса, перде іліп азайтқан жөн. Ал, жиһаздың күңгірт түстісін таңдаған жөн. Орындық биіктігі компьютер деңгейіне сай, арқа тіреуіші бар болғаны дұрыс. Монитор 20 градус төмен тұрып, қолданушы 50-70 см қашықтықта отыруы керек. Монитордың төмен орналасуы компьютер қолданушысына төмен қарауға мүмкіндік беріп, нәтижесінде көздің құрғауы төмендейді. Сонымен қатар, көру қабілетіне экрандағы жолдардың арасындағы интервал да әсер етеді. Ол кем дегенде бір, бір жарым интервал болғаны дұрыс.


Жұмыстағы үзілісте. Зерттеулер көрсеткендей, тұрақты үзілістер жұмыс тиімділігін артып, үзіліс кезінде жоғалған уақытты өтеп тастайды. Пәтер немесе кеңседе аз уақыт серуендеу стрессті басуға, шаршаған бұлшықеттерді босаңсытуға көмектеседі. Сондай-ақ, шаршаудың алдын алу үшін компьютерді пайдалану кезінде алыста тұрған қандай да бір затқа сағатына кемінде екі рет қарау жеткілікті болады екен. Яғни жарты сағат сайын алыста тұрған затқа 20 секунд қарау қажет. Бұл көз бұлшықеттерінің босаңсуына көмектеседі. Сосын, компьютерді 2 сағат үздіксіз қолданғаннан кейін, көзге 15 минуттық демалыс керек.

Көзді түзету. Қажет болса, дисплей бетіндегі жарықты жоятын, шамадан тыс күлгін және көк спектрдің сәулелеріне қарсы тұратын арнайы сүзгілері бар компьютерлік көзілдіріктерді қолдану қажет. Мұндай көзілдіріктерді компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істейтін кез келген адам пайдалана алады. Бұл құрылғы көздің қорғанысын толықтай қамтамасыз ете алмайды, бірақ кері әсерін айтарлықтай азайтады. Егер, көру қабілетіне зақым келсе, онда офтальмотолог қызметіне жүгініп, ол нұсқаған көзілдірікті тағу арқылы көз ауруын жазуға болады.


Тамшы. Көзге тамызатын сұйықтық жайлы біраз адам білетін шығар. Міне, солар компьютердің әсерінен құрғаған көз жанарына өте пайдалы. Өйткені, көз құрғай берсе, көру қабілетіне зардабы тиеді. Оны қолдану жиілігі компьютерді пайдалану ұзақтығына байланысты болады.



Міне, осы аталған барлық шаралар гаджет немесе компьютермен жұмыс істеу кезінде көздің жайлылығын қамтамасыз етіп, саулығын сақтайды. Ал, көз бен көру қабілеті кез келген адам үшін өте маңызды екені анық.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Құны 114 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН смартфонның иесі кім?


Бұл гаджеттер ҮЙ мен ЖҰМЫСТА өте пайдалы