Құны 114 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН смартфонның иесі кім?

0
3 867

Осыншама қымбат құрылғыны кім сатып алуы мүмкін?


Құны 114 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН смартфонның иесі кім?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі озық технологиялар мен гаджеттердің бағасы уақыт өткен сайын төмендей беретіні анық. Бірақ, дүниежүзінде бағасы артпаса арзандамайтын бірнеше ғана құрылғы бар. Сонымен қатар, ол гаджеттерді сатып алатын қалталы адамдар да жеткілікті. Өйткені олар саф алтыннан және гауһар тастардан жасалған. Ал, сіз олар жайлы білесіз бе? Естімесеңіз, танысып көріңіз.


Алтын iPhone

iPhone – қазір бұрынғыдай барлық адам армандайтын гаджет емес. Өйткені, оны сатып алудың түрлі тиімді жолдары қарастырылып қойған. Қалтасы қалыңдар сатып алса, шамасы жетпейтіндер несиеге алып жатады. Бірақ, iPhone 3GS Supreme смартфонына екінің бірі қол жеткізе алмас. Ол құрылғы таза алтын мен гауһардан жасалғандықтан, бағасы 1,92 миллион фунт, теңгеге шаққанда 114 миллион теңгеден асады.


Орта таптағы байларға арналған алтын iPhone

Ал, смартфон үшін соншама ақша жұмсауға шамасы жетпейтін байлар Ницца қаласында iPhone-ды сатып алуына болады. Әлбетте, ол алдыңғы гаджетке қарағанда арзандау материалдан жасалған. Бірақ, бай болып көріну үшін жеткілікті. Ал, бағасы – «бар болғаны» 108 880 АҚШ доллары, немесе 4 600 000 теңге шамасында.


Алтын құлаққап

Егер сіз кенеттен байып кетіп, ұсақ-түйек құрылғыға дейін қымбатын қолданғыңыз келсе, ең тиімдісі – алтыннан құйылған құлаққапты сатып алу керек. Стокгольм дизайнері Анна Ларсонның арнайы iPhone моделіне жасаған құлаққаптарына 24 карат алтын жұмсалған.


iPad 2

Бүкіл әлемнің ааңсарын өзіне аударған «тістелген алма» тақырыбы смартфон және құлаққаппен жабыла қоймайды. Өйткені, жер бетінде Apple-дың iPad-ын қолданатындар да өте көп. Сондықтан аталмыш компания Араб шейхтеріне арнап алтыннан планшет те жасап қойған. Оның құны 5500 АҚШ долларын құрайды. Бұл ақшаны арабтар тілімен санасақ 62 жарым баррель мұнайға тең болады екен. Ал, ол мұнай қара алтынның үстінде отырғандар үшін көп дейсіз бе?


Нефертити алтыны

Білесіз бе, iPhone компаниясының пайда түсіруден шебер инженерлері «мақтану синдромымен» ауыратын олигархтар үшін көптеген әдісті қолданған. Солардың бірі – Givori Nefertiti деп аталатын, барлығы 50 данасы ғана жарық көрген смартфон. Оның бағасы бар болғаны – 4400 АҚШ долары. Әлбетте, бұл әлеуетті тұтынушылар үшін қолжетімді баға. Десе де, арманыңыз алтын болса, тырысп бағуға болады.


Алтын Xbox 360

Бұл дүниеде балалардың қуанышына жетер сезім жоқ шығар. Ал, кей балалардың ойын құрылғыларын сыйлағанда жүрегі жарылардай қуанатыны тағы бар. Сондықтан, ойында ештеңе жоқ балаға алтыннан жасалған 5000 долларлық Xbox 360-тан қымбат сыйлық болмайтын шығар. Әлбетте, сол ойын гаджетіне қызығатын болса.


Алтын Xbox-тың арзаны да бар

Егер, балаңызға 5 мың доллар тұратын гаджетті сыйлау артық болады десеңіз, бірақ сонда да сол гаджетті әпергіңіз келіп тұрса, арзандау түрін таңдауға болады. 22 карат алтын жалатылған ол құрылғы нарықта бар. Бағасы мың доллардың арғы-бері жағында.


Ең қымбат флэш-диск

Әлемдегі ең қымбат флэш-дисктің атауын аударғанда «Ақ көл» деген мағынаны білдіреді екен. Оны жасауға алтын және гауһар тастар қолданылған. Бірақ, оны 10 000 долларға өте мақтаншақ адамдар ғана сатып алуы мүмкін.


Алтын пернетақта

Енді алтынды «сүйетін» адамдарға арналған ең қолжетімді гаджетке тоқталайық. Ол алтын жалатылған пернетақта. Бұл құрылғының бағасы 271 АҚШ доллары немесе 115 000 теңгеге тең. Мұндай пернетақталарды жапониялық «Wazakura Koubou» компаниясы өндіреді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Смартфонды СОЛ жақ ҚҰЛАҚҚА қойып сөйлескен дұрыс – ғалымдар


Қазақстанда адамнан ТЕЛЕФОН КӨП