Мына құрылғылар үйдің ішін ӨЗДЕРІ-АҚ ТАП-ТҰЙНАҚТАЙ ете алады

0
3 323

Үй ішін тазалауға таптырмайтын құрылғылар.


Мына құрылғылар үйдің ішін ӨЗДЕРІ-АҚ ТАП-ТҰЙНАҚТАЙ ете алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Үйдің ішін, ондағы жиһаздар мен төсеніштерді таза ұстау өте қиын, кейде ол үшін уақыт та жетпей жатады. Дегенмен, біздің бақытымызға орай, бүгінгі нарықта тазалық жұмыстарын жеңілдететін, тіпті өз бетінше жұмыс істей беретін робот құрылғылар бар.


Робот шаңсорғыш

Бұл – робот-шаңсорғыштардың арасындағы ең жақсы түрі. Өйткені, iRobot деп аталатын құрылғының үш сатылы тазалау жүйесі бар және еденнің бірнеше түріне әрекет ете алады. Сонымен қатар, Alexa немесе Google Assistant қосымшаларының көмегімен дыбысты және жазбаша бұйрық қабылдай алатын шаңсорғыш бір сағат демалыссыз қызмет ете алады.


Ауа тазартқыш


HEPA ауа тазартқыш құрылғысы ауадағы шаңды 99,97%-ға жоя алады. Сонымен қатар, микроорганизмдерді жоюға арналған УК-С ультракүлгін лампасымен және иістерді тазартуға арналған көмірлі сүзгімен жабдықталған. Бұл гаджет, әсіресе аллергиясы бар адамдар үшін өте пайдалы.


Еден жуғыш робот

iRobot Braava деп аталатын робот-швабра дәретхана мен жиһаздардың астындағы қиын жерлерге кіріп, паркет, плитка және тас сияқты қатты едендерді жуып-тазалай алады. Сондай-ақ, гаджет еденнің ластануына байланысты тазалаудың тиімді әдісін автоматты түрде таңдайды.


Терезе тазалайтын робот

Үйдің терезелерін тазалау қиын, тіпті кейде қауіпті болуы мүмкін. Ал, сатыға шықпай-ақ жуып-тазалауға қол жеткізу үшін қашықтан басқарылатын робот-жуғыш көмектесе алады. Alfawise атты бұл гаджеттің микроталшықты сүрткіштері жиналған барлық дақтарды, кір мен шаңды жойып, шынының бетін тиімді тазартады.


Супер – Sonicscrubber

Электрлі тіс щеткасы секілді sonicscrubber гаджеті тұрмыстық техникалардың бетіндегі кірді оңай әрі жылдам тазалай алады. Бес түрлі ауыстырмалы «бастары» бар құрылғыны асүйдегі газ плитасынан бастап, жуынатын бөлмедегі плиткаларға дейін қолдана аласыз.


«Унитазды» тазалау жүйесі

Енді дәретхана «унитазын» қолмен тазалау туралы ұмытуға болады. Ол үшін сізге Flush 'n Sparkle тазарту құрылғысы көмектеседі. Олардың әрқайсысы үш айға дейін қызмет етеді және оңай ауыстырылады.


Қысқатолқынды пешті тазалауға арналған құрылғы

Әрине, адамдар қысқатолқынды пештің ішін өте сирек тазалайды, тиісінше ол тағам құрамына әсер етеді. Ал мына қарапайым, кішкентай ғана құрылғы химиялық қоспаларды пайдаланбай, тазалай алады. Ол үшін құрылғының ішіне сірке суы мен лимон шырынын құйып, 10 минут қосылған пешке қоясыз. Нәтижсінде, құрылғы ішіндегі сұйықтықтан ұшқан бу барлық дақтарды босатады, содан кейін қолмен сүртіп ала саласыз. Гаджеттің атауы – Topist Angry Mama Microwave Cleaner.


Екі бөлікті қоқыс шелегі

Simplehuman деп аталатын екі бөлімді құрылғы тұтынушылардың пікірі бойынша, ең мықты қоқыс шелегі екен.


Автоматты кілем тазалағыш

Кілемдегі тазалануы қиын дақтарды BISSELL SpotBot Pet құрылғысы оп-оңай жоя алады. Ол үшін гаджеттегі қосу түймесін бассаңыз жеткілікті, тиісінше құрылғы өзіндегі спрейлер мен щеткаларды пайдаланып, жұмысыңызды атқарып береді.


«Жалюзге» арналған щетка


ELECOOL Window Blind Brush Dust Cleaner құрылғысы жалюзді тазалауға таптырмас құрал. Бір жағынан, әрбір бөлікті жеке-жеке тазалап, уақыт жоғалтпайсыз.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Смартфонды ӨТЕ КӨП қолданатын адамдар ұшырайтын АУРУ АНЫҚТАЛДЫ


Ғалымдар көрінбейтін қолшатыр жасап шығарды