Смартфонды ӨТЕ КӨП қолданатын адамдар ұшырайтын АУРУ АНЫҚТАЛДЫ

0
4 470

Бұл ауруды Оңтүстік Корея ғалымдары зерттеу нәтижесі бойынша дәлелдеген.


Смартфонды ӨТЕ КӨП қолданатын адамдар ұшырайтын АУРУ АНЫҚТАЛДЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Заманауи, әмбебап, әрі сәнді смартфондар біз қолданып жүрген плеерлер, сағат, калькуляторлар, оятқыш және басқа да күнделікті құрылғыларды бір өзі оңай алмастыра алды. Сонымен қатар, қазіргі дүниежүзіндегі жастар, тіпті қарттардың өзі олар туралы қиналмай айтып бере алады. Сондай-ақ, смартфондар туралы көптеген адамдар білмейтін деректер де бар екен.


1. 2016 жылы өндірілген смартфондар саны миллиардтан асқан, ал 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде бұл көрсеткіш 647 миллионға жеткен;


2. Смартфонның ең қымбат элементтері – экран мен жады;


3. Әрбір 10-шы смартфон пайдаланушы тіпті, өте маңызды жұмыс барысында да құрылғысын қолынан тастамайды екен;


4. Жапония – ұялы байланыс желісінің 2G қызметіне тыйым салған алғашқы ел. Ондағы құрылғылардың интернет қолдауы 3G-ден жоғары болуы керек;


5. Жыл сайын смартфондарға 20 миллиардтан астам қосымша жүктеледі;


6. Финляндияда «смартфондарды лақтыру» деген жаңа спорт түрі пайда болған. Олар бұл әрекеті арқылы адамдарды заманауи гаджеттерге тәуелділікпен күресуге шақырады;


7. Жапониялықтардың технологиямен жақындығы соншалық, тіпті душ қабылдау кезінде де смартфон пайдаланады;

8. Германия канцлері Ангела Меркель 2 смартфон ұстайды;


9. Ақылды адамдар смартфонды сатып алған кезде жасалған материалына емес, бағдарламалық жасақтамасына көбірек көңіл бөледі;


10. «Смартфон» терминін Ericsson корпорациясы R380s телефонын атау үшін 2000 жылы ойлап тапқан;


11. Ең алғашқы смартфонның бағасы шамамен 900 долларға тең болған;


12. «Смартфон» сөзбе-сөз аударғанда «ақылды телефон» деген мағынаны білдіреді;


13. Кейбір смартфондардың есептеу қуаты айды зерттейтін компьютерлерден артық екен;

14. Смартфонсыз қалудан қорқу – Номофобия деп аталады;


15. Орташа есеппен адамдар күн сайын смартфонға 110 рет қарайды екен;


16. Жапонияда қолданылатын смартфондардың көпшілігі су өткізбейді;


17. Смартфон пайдаланушыларының шамамен 65%-ы құрылғысына қосымшалар жүктемейді;


18. Америкалықтардың жартысына жуығы смартфонсыз бір күн де өмір сүре алмайтынын айтқан;


19. Заманауи смартфондар «қатты» құрылғылар қатарына жатады;


20. Ең алғашқы жұқа смартфон Кореяда өндірілген. Оның қалыңдығы 6,9 миллиметр ғана;


21. Әлемдегі алғашқы смартфонның салмағы 400 грамм болған;


22. Адамдардың смартфонға түскен қоңырауларға жауап беруден қорқуы – телефонофобия деп аталады;


23. Әлемдегі ең қымбат смартфондардың 2 түрі бар, олар – vertu және iPhone;

24. Орташа есеппен әр адамның смартфонына бір жылда 1140 қоңырау соғылады екен;


25. Әлемдегі ең алғашқы смартфон ұялы телефон пайда болғаннан 20 жылдан кейін жарық көрген;


26. Бразилияда смартфондар сатылымы 120%-ға дейін көтерілген;


27. Жас адамдардың шамамен 83%-ы смартфондағы фотоаппаратты өте көп пайдаланады;


28. Жыл сайын Ұлыбританиядағы әрбір жасөспірім шамамен 18 мыңға жуық хабарлама жібереді екен;


29. Әрбір 3-ші адам смартфон сатып алатын кезде өзгелермен кеңеседі;


30. Қазіргі таңда әлемдік нарықтағы смартфондардың 99%-ы iOS және Android бағдарламалары бойынша жасалады;


31. Әлемдегі ең арзан смартфон – Freedom 251, оны 2016 жылы үндістандық Ringing Bells компаниясы жасап шығарған;

32. Ең алғашқы сим-карталардың көлемі қазіргі банк карталарымен бірдей болған;


33. Бір кездері Стив Джобсты Apple компаниясы жұмыстан қуып жіберген;


34. Кез келген айфонның ресми жарнамасын байқасаңыз, экрандағы уақыт 9:41-ді көрсетіп тұрады. Мұны, өндірушілер «тұсаукесердің стандартты ұзақтығы – 40 минут болады, ал жарнама соған сәйкес болуы керек» деп түсіндіреді;


35. SAMSUNG компаниясының жарнамаға жұмсайтын қаржысы көптеген елдердің мемлекеттік бюджетінен де көп болады екен;


36. Әлемдегі ең қымбат смартфон – Apple iPhone Falcon Supernova Pink Diamond, ал оның бағасы – $100 млн.;


37. Оңтүстік Корея ғалымдары зерттеу барысында смартфон тудыратын ауруды анықтаған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, егер кімде-кім ұялы телефонды өте жиі пайдаланса, онда ол адам "назарда ұстау, бақылау" қабілеттерінен айырылады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жақын күндері жарық көретін ЖАҢА iPhone-дар туралы НЕ БІЛЕСІЗ?


Балаңыздың ҚАЙДА жүргенін БІЛІП отырғыңыз келе ме? Онда Сізге СМАРТ-САҒАТТАР көмектеседі