Мына заттардың ДЕНСАУЛЫҚҚА пайдасы ЗОР!

0
3 224

Адам үшін денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ!


Мына заттардың ДЕНСАУЛЫҚҚА пайдасы ЗОР!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген адамдар өз ағзасын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. Ол үшін тек дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығулар ғана емес, түрлі жаңа гаджеттер да көмектесе алады. Солардың біршамасын Сіздің назарыңызға ұсынамыз.


Стресстен арылтатын құлаққап

Дәл қазіргі қоғамдағы адамдардың маңызды мәселесі – СТРЕСС. Осы бір алаңдаушылық пен уайымға толы жағымсыз күйге тап болуға отбасындағы жағдайлар, жұмыстағы қиындықтар, денсаулық ақаулары және басқа да кедергілер әсер етеді. Ал, франциялық «my Brain Technologies» компаниясы стресске қарсы тұратын құрал ойлап тапты. Кәдімгі сымсыз құлаққап ретінде жасалған гаджет мидың белсенділігін есептейтін алатын датчиктермен жабдықталған. Соның көмегімен заманауи технологияның арнайы бағдарламасы деректерді өңдеп, жүйкеге түскен салмақты сейілтетін музыкалық фон таңдай алады. Melomind деп аталатын құлаққаптың негізгі қызметі стресске қарсы тұру, дегенмен оны жай ғана музыка тыңдау үшін де пайдалана беруге болады.


Арқаның түзулігін бақылайтын құрылғы

Бүгінде адамдардың көпшілігі жұмысты отырып істейді, тіпті демалыс күндердің өзінде үйдегі комьютердің алдына байланып алады. Бұл ретте, отырған кезде арқаны үнемі тегіс ұстау қиындық тудырады. Бірақ, «Upright Technologies Ltd.» компаниясы отырудың дұрыс-бұрыстығын бақылайтын Upright GO құрылғысын әзірледі. Ол гипоаллергенді жабысқақ «пластырь» арқылы арқаға бекітіледі. Егер пайдаланушы үстелде тік отырмаса, гаджет дірілмен белгі береді. Бұл құрылғы өте ықшам болғандықтан киімнің ішінен кез келген жерде киіп жүруге болады.


Дәруменге бай темекі

Темекі шегудің зияны туралы қанша жерден айтылып жатса да, кейбір адамдар ол әдетті қоя алмай жүр. Біреулер одан ерекше ләззат алса, енді бірі зиянды әрекетін тоқтатуға тырысып, қадамы сәтсіз болып жүрген секілді. Ал, оларға көмек көрсетуге американдық «SPARQ» компаниясы келіп, дәруменге толы «Vitamin Air» темекісін өндіріп жатыр. Ол темекі сияқты көрінеді, бірақ ағзаны никотин емес, пайдалы витаминдер және қышқылдарымен қанықтырады. Бастысы – ағзаға пайдалы.


Интеллектуалды тонометр


Көптеген адамдар «тонометр қан қысымында мәселе бар адамдарға ғана қажет» деп ойлайды, бірақ бұл қате пікір. Қан қысымының деңгейін кез келген адамға бақылауы қажет. Ол денсаулықта пайда болатын ақауларды дер кезінде анықтауға көмектеседі. Осы мақсатта франциялық «Withings» компаниясы «BPM Core» деп аталатын жүрек-тамыр жүйесін бақылайтын гаджет ойлап тапты. Құрылғы бірден үш қызметті атқарады: қысымды өлшейді,электрокардиограмманы жояды, жүрек қағысының жиілігін анықтай отырып, сандық стетоскоп ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық деректер ақпаратты талдайтын мобильді қосымшаға келіп, ауыру белгілері болған жағдайда хабар береді.


Кез келген жерде жаттығу жаса

Дене жаттығулары денсаулық үшін өте маңызды және оған жаттығу құралдары көмектеседі. Ал американдық компания «портативті жаттығу залы» деп аталатын құрылғы әзірледі. «Oуo Personal Fkm» құрылғысының өлшемі шағын болса да, көптеген жаттығуды орындауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен барлық бұлшық ет жаттығуларын жасай аласыз. Сонымен қатар, салмағы бір келіге жетер-жетпес гаджет өзіңізбен бірге алып жүруге өте ыңғайлы.


Ауырсынуды басатын желім қағаз

Ауырсыну және кішігірім жарақаттармен күресуге жабысқақ қағаздар көп көмегін тигізеді. Тіпті, дұрыс пайдалана білсеңіз кейбір дәрілердің орнын баса алады. Оның бір дәлелі ретінде АҚШ-та әзірленген «Kailo» атты инновациялық технологияны айта аламыз. Денеге жабыстыра салып электрлі импульстерді ұстап, ауырсынуды басатын медициналық құралдың орнын ауыстырып қолдана беруге мүмкіндік бар.


Арықтауға көмектесетін сканер

Семіздіктен арыла алмай жүрген адам көп. Әсіресе, белден төмен орналасқан майдан құтылу өте қиын. Дегенмен, бұл «күресте» Olive Healthcare – корей компаниясының Bello аты гаджеті үлкен демеу болады. Ол тері астындағы майдың мөлшерін сканерден өткізіп, смартфонға арналған қосымша арқылы деректерді өңдейтін алғашқы құрал. Гаджет ақпараттарды талдап болғасын, диета және жаттығулар бойынша кеңестер ұсынады.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Нәзікжанды арулар ҚАНДАЙ сыйлықты ұнатады?


ХХ ғасырда ТЫҢШЫЛАР қолданған гаджеттер