Біз тыңшылар туралы құпия тергеу және барлау операцияларын орындайтын кинодағы сюжеттерден ғана көргенбіз.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бұл құралдарды көргенде таңқалуымыз әбден мүмкін. Алайда, тізімдегі камераларды өткен ғасырларда ойлап тапқанын ескерсек, өнертапқыштардың еңбегіне одан сайын таңдана түсуге тура келеді.
1. Lucky Strike камерасы
Кеуірт қорапшасына камера жасыру технологиясы 1949-1950 жылдары іске асырылды, бірақ ол сериялық өндіріске дейін жете қоймаған. Бұл құрылғының қорабына «Lucky Strike» деп жазылған, ал ішінде жасырын камера мен оны басқаратын түймелер орналасқан. Бүгінде мұндай технологияның түр-түрі болғандықтан, оны Нью-Джерсидегі байланыс әскерлері мұражайынан ғана көруге болады.
2. Тыңшы сағат
Біз теледидардан көрген мәдениетті тыңшылардың жасырын камерасы көбіне сырт киімінде болады. Бірақ бұл әдіс көпшілікке мәлім болғаннан кейін, ондай камераны қолсағатқа бекітіп шығарған. Неміс өндірушісі ойлап тапқан бұл сағат айтарлықтай табысқа жеткен.
3. Tiсka камерасы
Кәсіби тыңшылар қолданған тағы бір құрылғы сағатқа кіріктірілген, 1905-1914 жылдары Лондон қаласындағы Houghton компаниясы өндірген ең танымал Ticka камерасы. Өте жылдам әрі сапалы жұмыс істейтін гаджет сурет түсіруге арналған.
4. Кітаптағы камера
Детективтер туралы шығарма оқитын немесе кино көретін адамдар бұл гаджетті білуі әбден мүмкін. Өйткені, кітапқа орнатылған камера – нағыз тыңшы жабдықтарының ішінде ең танымалы әрі ең алғашқысы.
Оны осыдан 130 жылдан астам уақыт бұрын Доктор Рудольф Крюгер құрастырған. Дегенмен, кітап мұқабасы жұмсақ болғандықтан, камера сәл анықтап қараған адамға көрініп тұратын болған. Бірақ, соған қарамастан гаджет өз уақытынығң тренді болған.
5. Камера-физиограф
Негізі физиограф мамандығы табиғатты алыстан бақылауды қарастырады. 1896 жылы ғалымдар Франция мен Ұлыбританияда осы салаға камераны қосып тамаша құрылғы ойлап тапты. Ол бақылап жүрген адамды алыстан дәлме-дәл байқатпай бақылауға мүмкіндік берген.
6. Expo Police камерасы
Жасырын бақылау құралдары тек арнайы агенттерге ғана емес, полиция қызметкерлеріне де қажет. Сондықтан, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қылмыскерлерді жасырын қадағалау үшін Expo Police камерасы жасалды. Ол 1911 жылы сериялық өндіріске қосылып, 1920-шы жылдардың ортасына дейін сатылымда болған.
7. Minox фотоаппараты
Бұл да тыңшылық туралы фильмдерден жиі-жиі гаджет. Кішкентай ғана күміс түсті камераның қалыңдығы екі елідей болған. Оны латвиялық Міпох компаниясы шығарған. Камера екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бастап 1990 жылдарға дейін қолданылған.
8. Doryu 2-16 тапанша-камера
Кеңес дәуірінде өмір сүрген адамдар сол кездің танымал мультфильмі "Трое из Простоквашиноны" білетін болар. Сонда жапондық мамандар ойлап тапқан «Doryu 2-16» деп аталатын камерамен жабдықталған тапанша көзге ілінеді. Ол 1954-1956 жылдары шықса да, қысқа уақыттың ішінде танымалдылыққа ие бола білген.
9. Mamiya камерасы
Тарихқа көз жүгіртсек, камерамен жабдықталған қару-жарақтар Жапонияда өте көп өндірілген, тіпті бір кезеңде әр салаға арналған бірнеше үлгісі қатар жарық көрген екен. Мәселен, 1954 жылы өндіріске түскен Mamiya атты тапанша шпиондарға емес, полицияға арналған. Ол 10 метр қашықтықтан фотоны анық түсіре алған. Алайда, бұл өнертабыстың бар болғаны 250-уі өндірілген.
10. ABC-сағатындағы камера
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, осындай құрал-жабдықтарды барлаушылар үшін ғана емес, полицияның құпия агенттеріне арнап та өндірген. Оның бір дәлелі – 1948 жылы немістің «Steineck» компаниясы шығарған ABC-сағат кейпіндегі камера. Оны көбіне жеке детективтер қолданған.
11. Жүзіктегі камера
Тыңшылар туралы ең танымал кино «Джеймс Бонд» жайлы түсірілген және оның құралдары көрермендерді таңқалдырған. Бірақ, «007» атты агенттің камералы сақинасы көрген адамның көңілін бірден баурап алады. Ол ерекше гаджеттің авторы – дизайнер Джампаоло Ферро. Сондай-ақ, аталған гаджет әлемдегі ең кішкентай камералардың бірі ретінде тарихқа енген.
Дайындаған: А.Мейірхан,
Тағы оқыңыз:
Қыз-келіншектерді ҚУАНТУДЫҢ тиімді жолы
Нәзікжанды арулар ҚАНДАЙ сыйлықты ұнатады?