Өз уақытын ЕРЕКШЕ БАҒАЛАЙТЫНДАР мына гаджеттерді алуы тиіс

0
1 325

Тұрмыстық мәселелерді шешуді өз мойнына алатын құрылғыларға шолу жасаймыз.


Өз уақытын ЕРЕКШЕ БАҒАЛАЙТЫНДАР мына гаджеттерді алуы тиіс

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінде адамдардың біраз тірлігін заманауи тенологиялар да өз бетінше атқара алады. Соның арқасында адамдар күнделікті тіршілікке жұмысайтын уақыттарын үнемдеп жүр. Сондықтан, осындай гаджеттердің арасындағы ең тиімділерін назарларыңызға үұсынып отырмыз.


Dreame l10s Ultra – робот шаңсорғыш

Пайдалануға ыңғайлы, көрсететін қызметі сапалы болып саналатын бұл шаңсорғыш ең озық технологиялармен жабдықталған. Сору қуаты дәл осындай құрылғылар арасындағы ең үздік көрсеткішке ие. Сондықтан ол едендегі шаңды, түкті және басқа қоқыстарды оңай тазалап тастайды.

Dreamer L10S Ultra еденді жылтыратады, силиконды ролигі жабысқан кірді сүртеді, кілемдердің бетін тазартады және сорғысы оңайлықпен бітеліп қалмайды. Робот кілемді анықтау сенсорымен де жабдықталған, яғни кілемге келген кезде майлықтары көтеріліп, сору қуатын арттырады. Инженерлер шаңсорғышты толық басқару үшін смартфонға арналған dreame Home қолданбасын жасақтаған.

Тазалау кезінде Dreame L10s Ultra биіктігі 20 мм-ге дейінгі табалдырықтарды еңсере алады. Үй-жайды оңай тазалау үшін бөлме өлшемін автоматты түрде анықтап, кеңістіктің 3D картасын жасай алады. Ал, пайдаланушылар уақыт, маршрут және тазалауға болмайтын аймақтарды қосымша арқылы белгілейді.

Үлкен ыдысының арқасында шаңсорғыш 200 шаршы метрге дейінгі аумақты 210 минуттық үздіксіз жұмысы арқылы оңай тазалайды. Содан кейін робот өзін-өзі тазарту станциясына оралып, майлықтарын шайып, сөмкені автоматты түрде кептіру және тазалау процесі жүреді.


Dream Hair Artist шаш кептіргіші

Dream Hair Artist үйде отырып шашты кәсіби дәрежеде сәндеуге арналған. Оның екі жылдамдық және үш температура режимі бар. Компанияның инженерлері оны максималды ыңғайлылық және шашқа ұқыпты қарау тұрғысын ескере отырып жасаған. Бұл құрылғы арқылы шашты 3 минутқа дейінгі уақытта кептіре аласыз. Пайдаланудың ыңғайлылығы үшін қозғалтқыш шаштың кептелуіне жол бермейтін эргономикалық дизайнмен жасалып, күйіп қалудан қорғайтын магниттік саптамалар орнатылған.


Huawei P60 Pro смартфоны

Бұл смартфон dxomark смартфондарының халықаралық рейтингінде бірінші орында тұр. Және бұған себеп те жоқ емес. Негізгі камера ең үлкен физикалық f/1.4 диафрагмасымен және ультра линзалар тобымен жабдықталған. Бұл объектив арқылы көп жарық түсіруге көмектеседі. Xmage технологиясының көмегімен пайдаланушылар қашықтағы және жақын объектілердің сапалы суреттерін түсіре алады.

Құрылғы фокустық қашықтықты басқаруға және реттеуге арналған телефото линзалар тобымен жабдықталған. Сондай-ақ, Huawei P60 Pro смартфонында көптеген жарық түсіретін және 48 МП ажыратымдылығы бар озық телефото объективі бар. Бұл кез-келген жарықта суретке түсіруге мүмкіндік береді.

2700×1220 пиксель ажыратымдылығымен ерекшеленетін, Kunlun қолтаңбасы бар ауыр салмақты экраны өте берік. Сонымен қатар, HUAWEI P60 Pro IP68 халықаралық стандартқа сәйкес, суға төзімді. Сондай-ақ, смартфон қуаты 4815 мА/сағ-қа тең келетін батареялармен жабдықталған. Жылдам қуатталатыны соншалық, оны 10 минут ішінде жартылай қуаттауға болады.


HUAWEI WATCH ultimate смарт сағаты

Стильді HUAWEI WATCH ultimate смарт сағаты беріктігі жоғары цирконий қорытпасына негізделген сұйық металдан жасалған. Бұл құрылғыны алдыңғы үлгілерге қарағанда 2,5 есе қаттырақ және 4,5 есе берік еткен. Көлемі үлкен болғанымен, сағаттың салмағы небәрі 76 граммды құрайды.

Құрылғының мүмкіндіктері: пайдаланушыларға әртүрлі спорттық режимдер, соның ішінде сүңгу (сағатпен 100 метрге дейін сүңгуге болады), сондай-ақ импульс, стресс деңгейі, қандағы оттегі деңгейі, ұйқы сапасы және т.б. сияқты маңызды көрсеткіштерді тәулік бойы бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, HUAWEI WATCH Ultimate FPG және ЭКГ сенсорларымен жабдықталған. Бұл жүрек-қан тамырлары денсаулығын бақылауға мүмкіндік береді.


Смарт сағаттың батареясын 1 сағат ішінде толық қуаттап, екі апта бойы пайдалануға болады. Сонымен қатар, пайдаланушылар Bluetooth арқылы қоңырауларға жауап бере алады.


DIGMA Allroad Fast электр скутері

Егер сіз тұрғылықты жеріңізді көп аралайтын болсаңыз, электр скутер қолданған тиімді болады. Сондай құрылғының бірі – Allroad Fast төрт түрлі жылдамдық режимімен жұмыс істейді. Сапар кезінде параметрлерді ыңғайлы LED дисплейімен басқаруға болады.

10 дюймдік артқы және алдыңғы дөңгелектер асфальт жолдан тыс жерде де ыңғайлы қозғалуға мүмкіндік береді. Артқы электронды тежегіштер қозғалыс жылдамдығын тез төмендетеді. Қуаты 15000 мАч құрайтын батарея 9 сағатта толық қуатталып, 40 шақырым жүруге жетеді. 250 Вт электр қозғалтқышы 25 км/сағ жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді.

Жиналмалы корпусы көп орын алмайды, тіпті оны машинаның жүксалғышына салып алуға болады. Скутер 100 келіге дейінгі жүктемені көтере алады.


UGREEN USB хабы

Бірнеше құрылғыны компьютерге немесе ноутбукке бірден қосатындар үшін USB хабы қажет болады. Осы ретте UGREEN USB хабы сізге бір уақытта бес түрлі құрылғыны қосуға мүмкіндік береді. Олар — флэш-карта, пернетақта, сыртқы қатты диск немесе проектор болуы мүмкін.


Гаджетте USB 3.0 порттарынан басқа, HDMI порты да бар. Оның көмегімен бейнені үлкен экрандарға жоғары 4К сапада шығаруға болады. Сонымен қатар, хаб ноутбуктерге арналған 100 Вт-тық USB C PD 3.0/PD 2.0 – жылдам қуаттау портымен жабдықталған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Электрондық кітаптың ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР? Білмейтініміз ӨТЕ КӨП!


IPhone 15 ҚАНДАЙ БОЛАДЫ? Жаңа дизайнның ЕРЕКШЕЛІГІ КӨП ПЕ?