Электрондық кітаптың ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР? Білмейтініміз ӨТЕ КӨП!

0
4 177

Сіз электрондық кітап туралы не ойлайсыз? Бұл бос сұрақ емес.


Электрондық кітаптың ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР? Білмейтініміз ӨТЕ КӨП!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір электронды кітап дегенде кітаптарды оқуға арналған арнайы құрылғы немесе компьютермен оқуға арналған файл ойға оралады. Бірақ, адамдарды бұл гаджет жайлы білмейтіні өте көп.


ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАП ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ҚҰРЫЛҒЫ НЕМЕСЕ ФАЙЛ?

Электрондық кітап – әртүрлі кітаптарды электронды түрде оқуға мүмкіндік беретін планшет тәрізді құрылғы. Сондай-ақ, электронды кітаптың «оқырман, сандық кітап» деген сынды атаулары да бар.


«Электрондық кітап» термині ағылшын тіліндегі «e-book reader» деген сөз тіркесі аудармасының нәтижесінде пайда болған. Ал, жиі қолданылатын «оқырман» сөзі ағылшын тіліндегі «reader» сөзінің және «сандық кітап» термині ағылшын тіліндегі «digital book» сөзінің аудармасы болып саналады. Жалпы, барлық аталған терминдер «арнайы оқу құрылғысы» дегенді білдіреді.


Бастапқыда «электрондық кітап» термині кәдімгі компьютер арқылы оқуға немесе басып шығаруға болатын электрондық форматты білдірген. Мәселен, компьютерде оқуға арналған PDF форматындағы файлды осылай атау кеңінен қолданылған. Дегенмен, технология дами түсіп, мұндай кітаптарды оқуға арналған арнайы құрылғылар пайда болды. Олар да қандай да бір себептермен «электрондық кітаптар» деп аталды. Сондықтан бұл терминді естігенде файл немесе сол файлды оқуға арналған құрылғы жайлы ойлайтын болдық.


Әрі қарай біз «электрондық кітапты» сандық кітаптарды оқуға арналған арнайы құрылғы ретінде қарастырамыз.


ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАП НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? ОНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

Электрондық кітап – кітап оқуды шын ұнататындар үшін қазіргі заманның бірегей өнертабысы. Көп адам стандартты форматтағы қағаз кітаптарға үйреніп қалғанымен, арнайы оқу құрылғысы түріндегі инновацияның бірқатар артықшылықтары бар.

Электрондық кітаптың артықшылықтары:

  • Ол мыжылмайды, жыртылмайды және пайдаланған кезде қандай да бір жолмен бүлінбейді. Корпусты сақтау үшін арнайы қапшық қарастырылған.
  • Кітаптың өлшемі әрқашан бірдей. Яғни, кәдімгі кітаптар сияқты бірі үлкен, бірі кіші, бірі жеңіл, бірі ауыр болмайды. Кез келген жерге өзіңізбен алып кете бересіз.
  • Сіздің үйіңізде сүйікті әдебиеттеріңізді жинайтын сөрелер болмайды. Себебі, бұл құрылғы арқылы кез келген кітапты электронды түрде сақтауға болады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАП ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНДЫ МА?


Енді «электрондық кітаптар зиянды ма?» деген сұраққа келейік. Егер сіз өзіңіздің денсаулығыңыз туралы ойлап, технологияның зиянына алаңдасаңыз, сіздің қорқынышыңыз бекер. Өйткені, бұл құрылғының экраны кітап беттерінің стандарттарына сәйкес әзірленеді.


Электрондық кітаптардың соңғы үлгілері «электрондық сия» (E-Ink) технологиясы негізінде көзге ыңғайлы жарықтандырумен шығарылады. E-Ink технологиясымен дайындалған мәтін мен экранның жарығы қарапайым, кітаптан еш айырмашылығы жоқ. Кейде бұл кейбір баспа басылымдарының жұмысына қарағанда көру қабілетіне жақсы әсер етеді.


Әрі қарай, электрондық кітапты таңдау кезінде ескерілетін 7 маңызды нюансты қарастырамыз.


1. Кітап моделі және дисплей буыны

Қазіргу уақытта тұтынушысы көп, ең қымбат және бірнеше форматты қолдайтын электрондық кітап үлгісі – Amazon Kindle деп аталады. Kindle Apple сияқты әдемі, бірақ арзан емес. Дегенмен, бұл құрылғы бәрімен үйлесе бермейді. Өйткені, ол Amazon кітап дүкеніне арналған. Бұл дүкенде кітаптың өзіндік пішімі бар және бәрі басқаша. Егер адам Amazon Kindle-де кітаптарды арнайы форматта сатып алса, ол кітаптарды PDF сияқты форматта жүктей алмайды. Ал, оны басқа форматқа түрлендіру кәдімгідей проблема болады. Сондықтан Amazon Kindle-дің бұл ерекшеліктері сізге ұнамаса, қарапайым құрылғыны таңдаған дұрыс. Мәселен, Pocketbook немесе ONYX компаниясының өнімдерін.

Сонымен қатар, «электрондық сия» яғни E-ink функциясы бар модельдерді таңдаған дұрыс. Олардың экраны телефондағыдай жарқырап жанбайды және көру жүйесін бұзбайды, қағаз кітап сияқты оқылады.

Айта кетсек, E-Ink технологиясы 1990 жылдары пайда болып, содан бері бірнеше модификациядан өткізілген.


2. Оқуға арналған кітаптардың жанры

Электрондық кітапты таңдағанда сізге ұнайтын әдеби жанрды да ойланып, дүкен тұтынушыларының талғамына да мән берген дұрыс. Мәселен, бір дүкен көркем әдебиет бағытын жақсы дамытса, енді біреуі техникалық жанрға басымдық беруі мүмкін.


3. Жеке қалау: сізге қандай мүмкіндіктер қажет?

Электрондық кітапты таңдардан бұрын сіз шынымен не қалайтыныңызды шешуіңіз керек. Кітапты қалай пайдаланасыз, қандай мүмкіндіктер қажет? Ол үшін керек және қажетсіз функциялардың шағын тізімін жасап алуға да болады. Мысалы, бұл тұрғыда сенсорлық экран, түнде немесе жарық нашар жерде оқу үшін артық жарық, жад көлемі, ылғалдан қорғау, бетбелгілер, кіріктірілген сөздік, аудиокітаптарды тыңдау сынды функциялар қарастырылады. Мұның бәрі әркімнің қалауына байланысты. Осыған байланысты бағасы да өзгере береді.

4. Кітаптарды жүктеу

Кітаптарды қайдан және қалай сатып алғыңыз келеді? Компьютерде болса, оларды құрылғыға ауыстыру керек пе? Сіз кітаптарды тікелей электрондық кітаптан сатып аласыз ба? Немесе сатып алғасын компьютерге жүктеп, содан кейін тасымалдайсыз ба? Егер сіз кітап сатып алатын жер интернет-дүкен болса, онда кітаптар қандай форматта сатылады? Бұл тұрғыда осындай сұрақтарға жауап табу маңызды. Сонымен қатар, кітаптардың құрылғыға түсуіне байланысты «интернетке кіру керек пе?» деген сұрақ туындайды.

Кейбір электрондық кітаптар бірден белгілі бір кітап дүкеніне кіру мүмкіндігімен жасақталады. Мысалы, Kindle құрылғысы арқылы кітаптарды интернет-дүкеннен сатып ала аласыз. Бірақ, аталған дүкенде қажетті кітап болмаған кезде бұл функция тиімді болмайды.

Тағы бір электрондық кітаптарға шығармены bluetooth-бен немесе кәдімгі кабель арқылы көшіруге болады. Жалпы, электрондық кітапқа кітаптарды жүктеудің мынандай нұсқалары ұсынылады:

  • Wi-Fi;
  • Bluetooth;
  • Мобильді интернет 3G;
  • Компьютерге USB арқылы қосылу;
  • Micro SD жад карталары.


5. Қолдау көрсетілетін форматтар

Мысалы, Kindle-дің өзіндік форматы бар. Ал, Litres құрылғыларымен интернет-дүкеніннен түрлі форматты таңдауға болады. Сол сияқты барлық құрылғылар мынадай форматтарды қолдай алады:

Электрондық кітап форматтары: FB2, Epub, PDF, PalmDoc;

Мәтіндік форматтар: TXT, DOC, RTF;

Графикалық форматтар: BMP, JPG, PNG, GIF, TIFF;

Баспа форматтары: PDF, DjVu;

Электрондық анықтама форматтары: HTML, CHM;

ZIP мұрағаттары;

MP3 аудиокітаптары.

Бұл тұрғыда әр адам өз таңдауын жасауы қажет.


6. Құрылғы жұмысының дербестігі

Электрондық кітаптың кемшілігі – шектеулі жұмыс уақыты. Яғни, электрондық кітапты қуаттау телефонға қарағанда әлдеқайда ұзаққа созылады. Сондықтан электрондық кітаптың моделін таңдағанда бұл факторды мүлдем назардан тыс қалдырмаңыз.


7. Процессор және жедел жады

Бұл ең маңызды фактор емес. Дегенмен, аталған функция беттерді жүктеу жылдамдығына әсер етеді. Мысалы, Pocketbook 740 электрондық кітабының 1000 МГц процессоры және 1024 Мбайт жедел жады бар. Бұл беттерді жылдам жүктеу үшін жеткілікті.


ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАП ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ

Мұндай құрылғыларды қолданатын адамдардың талғамы әртүрлі болғандықтан, пікірлер де алуан түрлі болады. Сондықтан сіз ең алдымен өзіңіздің қалауыңызға сай шешім қабылдауыңыз керек.


ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕ

Ғаламторда пікір қалдырған тұтынушылардың басым бөлігі міндетті түрде E-Ink функциясын ескереді. Өйткені жарқыраған экранды оқу қиын және ол көру қабілетін төмендетеді.

Сондай-ақ, сенсорлық экранды таңдайды. Себебі, бұл қараңғы кезде де өзіңізге қажетті жарықты қолдануға мүмкіндік беріп, бетбелгілердің пайдалануға ықпал жасайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Смартфон балаға қандай зиян тигізеді? Нақты зерттеу нәтижелері


Заманауи смартфонның МҮЛДЕМ ПАЙДАСЫЗ функциялары