Смартфонның МЫНА ФУНКЦИЯЛАРЫН ӨШІРІП қойыңыз. Әйтпесе, сізді БАҚЫЛАЙДЫ!

0
4 939

Смартфон пайдаланушыларын бақылаудың жеті әдісі бар екен.


Смартфонның МЫНА ФУНКЦИЯЛАРЫН ӨШІРІП қойыңыз. Әйтпесе, сізді БАҚЫЛАЙДЫ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін Android жүйесімен жұмыс істейтін смартфондардағы қауіпті жеті функциямен танысамыз. Оларды керек кезде қолданып, артынша өшіріп қойған абзал. Себебі, дәл осы қызметтер арқылы біреулер сіздің құпияларыңызды біліп, жеке деректерге қол жеткізуі мүмкін.


Wi-Fi мен Bluetooth-дің сканерлеу қызметі

Орналасқан жерді анықтау қаупімен күресудің тамаша тәсілі – Android жүйесіндегі смартфонның Wi-Fi және Bluetooth сканерлеуін өшіру. Себебі, бұл қызметтер белсенді болған кезде GPS арқылы орналасқан орынды анықтай алады.

Екі функцияны "Параметрлер" бөліміне өтіп, "Wi-Fi сканерлеуі" және "Bluetooth сканерлеуі" қызметтерін "өшіру" күйіне ауыстыру арқылы істен шығара аласыз.


Google-дан «местоположение» тарихын өшіру

Android смартфондарындағы Google Maps қолданбасы қозғалыс тарихын бақылай алады, тіпті пайдаланушының үйі мен жұмысының мекен-жайын белгілейді. Әрине, бұл деректердің жария болуы көпшілік үшін маңызды болмауы мүмкін. Бірақ, кей адамдарға бұл ұнамауы мүмкін.

Бұл функцияны толығымен өшіруге немесе белгілі бір кезеңнен кейін — үш айдан 36 айға дейін орналасу тарихын автоматты түрде жоюға болады. Google орналасу тарихы параметрлерін өзгерту немесе өшіру үшін "Параметрлер" тармағын ашып, "орын" тармағын таңдап, "орналасу қызметтері" түймесін басыңыз. Одан кейін "Google орналасу тарихына" кіріп, "Google есептік жазбаңызға кіру" тармағын таңдау керек. "Әрекеттерді басқару элементтері" беті ашылғасын "орналасу тарихын" толығымен өшіруге немесе берілген уақыт кезеңінен кейін деректерді автоматты түрде жою опциясын таңдауға болады.



Барлық датчиктерді өшіріңіз

Android смартфондарындағы көптеген аппараттық датчиктерді бір рет түрту арқылы жылдам өшіруге болады. Осылайша камера, микрофон, GPS, акселерометр, компас және т.б. аппараттық сенсорлар бірден құлыптанады. Ол үшін "Параметрлер" бөліміне өтіп, "жүйе" тармағын, содан кейін "әзірлеуші параметрлері" тармағын таңдаңыз. Элементтердің ішінен "сенсорларды өшіру" функциясын таңдау керек.



Деректерді пайдалану және диагностикалау қызметін өшіріңіз

Android жүйесінде пайдаланушы ақпаратты диагностикалауға және смартфонды Google-да пайдалану туралы ақпаратты беруге келісе алады. Ресми түрде бұл ақпарат толығымен анонимді болып саналады және әдетте батарея деңгейі, қолданбаларды көп пайдалану, желі сигналы және Bluetooth қосылымдары сияқты нәрселерге ғана қатысты. Бірақ, бұл мүмкіндікті де өшіруге болады. Ол үшін "Параметрлер" бөліміне өтіп, "Google" тармағын таңдап, жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүктелі мәзірді басып, "пайдалану және диагностика" тармағын таңдап, содан кейін қосқышты өшіріңіз.



Жарнаманы жекелендіруден бас тарту

Әрбір Android пайдаланушысы Google жарнама платформасын пайдаланатын екі миллионнан астам веб-сайттарда іздеу немесе баннер жарнамаларын ала алады. Олар адамның қызығушылықтарына және жиі қолданылатын іздеу сұрауларына бейімделіп, жарнамаларды өзекті етуге тырысады.

Ал, бұл деректерді жіберуден бас тарту үшін "Параметрлер" ішінен Google элементін, содан кейін "жарнама" тармағын таңдап, Google есептік жазбасының профилін таңдау керек. Осыдан кейін сіз "деректер және құпиялылық" тармағын басып, "жарнама параметрлері" тармағын таңдап, "жарнаманы жекелендіру" түймесін басыңыз. Дәл сол жерде жарнаманы таңдауды өшіруге болады.


Орынды дәл бақылау қызметі

Кейбір пайдаланушыларға жеке қолданбалар үшін орынды дәл бақылау мүмкіндіктері үнемі қажет болады. Мысалы, Instagram-да жазба жариялау үшін түсірілім орнын анықтаған кезде. Бірақ, көбіне қосымшалар оны үнемі қосып қоюды талап етеді.

Аталған функцияны "Параметрлер" ішіндегі "орын" тармағы арқылы өшіруге болады. Орналасқан жерді бақылауға рұқсат беру тетігі жұмыс істеп тұрған барлық қолданбалардың тізімі ретінде көрсетіледі. Кейбір қолданбалардан мүмкіндікті өшіру олардың жұмысында қиындықтар тудыруы мүмкін. Мысалы, таксиге тапсырыс беру қызметінде.


Құпия хабарландыруларды қосыңыз

Ал, мына қызметті керісінше өшіріп қою қажет. Тиісінше, құлыптау экраны құрылғыға биометриялық деректер немесе кіру коды арқылы кіруге мүмкіндік бермейді.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ИНТЕРНЕТ пен ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ қатысты ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ деректер


Телефонды қанша уақыт ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?