ТАНЫМАЛ болғанға ДЕЙІН: Біраз уақыт бойы «көлеңкеде» болған гаджеттер

0
1 334

Кейбір құрылғылардың дамуына бірнеше ғасыр қажет болған.


ТАНЫМАЛ болғанға ДЕЙІН: Біраз уақыт бойы «көлеңкеде» болған гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Прогресс – бір ізбен жүретін адамзат тарихындағы тұрақты процесс. Бұл тұрғыда, қандай да бір революциялық өнертабыс немесе инновациялық технология пайда болса, ол басқа да өнертапқыштардың іздену бағытын бірден өзгертіп жібереді. Бірақ, іс жүзінде бұл ережеге бағынбайтын, пайда болғаннан кейін «көлеңкеде» қалып, біраз уақыт өткесін ғана танымалдылыққа ие болатын және ғылыми-техникалық прогрестің бағытын өзгерте алатын технологоиялар да бар. Олар жайлы осы мақаладан біле аласыздар.


1. Консерві және консерві ашқыш

Қазір біз қолданып жүрген консервілердің үш ғасырлық тарихы бар. Алайда, Николас Аппердің герметикалық ыдыста етті ұзақ уақыт сақтау туралы өнертабысы пайда болғаннан кейін бір ғасырға жуық уақыт өткесін ғана жаппай танымалдылыққа ие болған.

Бұл өнертабыс көпшілік білетіндей, Наполеонның әскери жорықтары кезінде пайда болған. Алайда, әдепкіде мұндай ыдысты ашатын оңай механизм болмағандықтан, бірнеше елдің әскері түрлі құралдарды қолданған. Ал, арнайы консерві ашқыш құралға 1858 жылы Америкада патент берілген. Сөйтіп, өзара тандем құрған екі зат бүкіл әлемдік сұранысқа тие бола бастады.


2. Факс

Бүгінде факс деген гаджеттің болғаны есімізден шығып бара жатыр. Әсіресе, жастар қауымы мүлдем білмейді деп айтуға да болады. Себебі, бұл құрылғының дәуірі әлеуметтік желі мен электрондық поштаның дамуымен тоқтай бастады. Алайда, факс та пайда бола сала әйгілі болып кетпегенін айта кету керек.

Факс тұжырымдамасын 1842 жылы әйгілі дизайнер Бейн ойлап тапқан. Бұл мәтіндік хабарламалар мен кескіндерді жеткізу функциясы бар алғашқы телеграф болатын. Тиісінше, бұл құрылғы толыққанды жұмыс істейтін телефонның пайда болуына дейінгі отыз жыл бойы танымал болды.


3. Кесілген нан

Нан адамзат тарихындағы қарапайым өнімдердің бірі болып саналмайды. Өйткені оны жасау технологиясы құрылғаннан бері бес мың жылға жуық уақыт өтті. Ал, қазіргі заманғы адамдарға таныс кесілген нандар бір ғасырдан аз уақыт бұрын пайда болды. Тиісінше, нан кесетін машинаны 1927 жылы американдық зергер Отто Фредерик Роведдер ойлап тапқан. Бұл өнертабыс шынымен революциялық жаңалық болған. Дегенмен, мұндай пышақты адамдар 5 жылдан кейін ғана жаппай сатып ала бастаған екен.


4. Сіріңке


Бүгінде кез-келген үйде болатын сіріңкелер 200 жылға жуық уақыт бұрын пайда болып, Британдық данышпан Джон Уокердің танымал өнертабысына айналған. Бірақ сіріңкелерді отты тез жағатын құралдардың алғашқысы деп айтуға болмайды. Себебі, ежелгі замандарда үйкеліс күші от өндірудің кілті болғанын бәрі біледі. Ал, кремний отының өнертабысы бір ғасыр бұрын болған. Сонымен қатар, мың жылдан астам уақыт бұрын қытайлық өнертапқыштар қазіргі заманғы сіріңкелердің бір үлгісін жасаған, бірақ сәл өзгеше әдіспен.


5. Автокөлік рөлі

Автомобиль жасаудың ізашары және «әкесі» Карл Бенц болып саналады. Оның сана сезімі 1886 жылы алғашқы машинаны жасауға мүмкіндік берген. Бірақ ол кездегі көлік бүгінгі көліктерден мүлдем өзгеше болған. Өйткені автомобильдердің алғашқы модельдерінде рөл дөңгелегі емес, румпельдер немесе басқару тетіктері қолданылған.

Сәйкесінше, әлемдік қоғам дөңгелек рөл қолданылған машинаны содан сегіз жыл өткесін ғана көрген. Бұл жаңалық 1894 жылғы дүниежүзіндегі алғашқы автомобиль жарысы аясында орын алды. Өнертабыс авторы – инженер Альфред Вашерон болатын.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әлеуметтік желіде АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ пайда болды


Смартфоннан құлаққапқа дейін: 2023 жылдың ҮЗДІК ГАДЖЕТТЕРІ