Ұйқысы БҰЗЫЛҒАН адамдарға көмектесетін құрылғылар

0
3 048

Ұйқы қанбаса, адамдардың ағзасы қалыпты жұмыс істей алмайды.


Ұйқысы БҰЗЫЛҒАН адамдарға көмектесетін құрылғылар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақыттағы кейбір жағдайлар қалыпты 8 сағат ұйықының жиі бұзылуына алып келеді. Ал, біз ұсынатын гаджеттер осындай дағдарысқа түсетін адамдарға өте пайдалы.


Дыбысқа қарсы құрылғы

Кейбір адамдардың ұйқысы тырс дыбыстан бөлініп кетеді. Ал, Dohm құрылғысы осындай жағдайлардың алдын алуға арналған. Өндірушілердің айтуынша, бұл құрылғы тез ұйықтауға және кейбір дыбыстардың шуын төмендетуге қабілетті. Сондай-ақ, тыныштық орнататын гаджетті жұмыс орнында да ой бөлініп кетпеу үшін пайдалануға болады.


Ерекше үлгідегі төсек

Қазіргі заманға сай дизайнымен ерекшеленетін бұл «кровать» барлық төсек жабдықтарын жауып тұратын сырмалы жамылғысымен ерекшеленеді. Оның үстіне, баларар мен ересектерге арнайы жасалатын төсек жатуға да ыңғайлы.


Ұйқы бетпердесі

Үнемі ұзақ жолдарда жүретін адамдардың тек түнде ұйықтауға мүмкіндігі бола бермейді. Тиісінше көлік немесе ұшақта көз әлуге тура келеді. Бірақ, оған жарық кері әсер ететіндіктен осындай бетперде қолданған артық емес. Олар өте жұмса әрі тығыз материалдан жасалады.


Едендегі жарықшам

«Ақылды» жарықшамдары бар бұл құрал еденге немесе төсектің астыңғы жағына орнатылады және аяқтарыңыз еденге тиген кезде өздігінен жанады. Гаджет түнде жиі оянатын балалар мен ересектер үшін арнайы жасалған.


Ақылды лампа

Енді Сіз бөлмедегі лампаларды ұялы телефон арқылы басқара аласыз. Бұл өнертабысты үйіне орнатқан адам смартфонның көмегімен жарықты қосып-өшіріп қана қоймай, оның түсін таңдап, жарық қуатын реттеу арқылы электр шығынын үнемдей аласыз.


Қалталы жастық

Қара түсті тығыз матадан тігілген бұл жастықтың қалтасы көзді жарықтан қорғау үшін арнайы жасалған.


Массаж-жастық

Бірнеше жылжымалы роликтері бар массаж-жастық қай жерде болсаңыз да, жақсы демалуға көмектеседі. Бұл гаджет бас, мойын және иықтың ауырсынуын басуға қабілетті.


Жарықты оятқыш

Бұл оятқыш белгіленген уақытта дабыл дыбысымен қоса бөлмеге жарық шашу арқылы оятады.


Талдаушы-таспа

Түнде ұйқыдағы адамның тыныс алуы мен жүрек соғысын талдап, нәтижені смартфонға жолдай алатын бұл гаджет ұйқыны жақсартуға көмектесетін кеңестер ұсына алады.


Жайлылық жасайтын шар

Sense деп аталатын бұл шар жатын бөлмедегі ауа ылғалдылығы, шу, температура, тазалық пен жарық деңгейін талдап, Сізге қажетті нұсқаулар бере алады. Сондай-ақ, гаджетте кіріктірілген оятқыш пен әуен ойнатылатын қуатты динамиктер бар.


Тыныштандыратын құрал

Ұйқысыздық – қазіргі уақыттың кең таралған мәселесі. Тіпті кейбір адамдардың ұйықтауы бірнеше сағатқа созылады. Ал, Muse headband құралы ми бөліктерін тыныштандырып, стрессті тиімді жояды. Соның арқасында тез әрі тыныш ұйықтай аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚОЛДЫҢ қызметін атқаратын құрылғыға СҰРАНЫС МОЛ

Ғалымдар киімді ӨЗІ ЖИНАЙТЫН құрылғы ойлап тапты