WhatsApp-тағы МӘДЕНИЕТСІЗДІК немесе қандай ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗЫП жүрсіз?

0
3 752

Қоғамдағы әрбір топтың өзіндік тәртібі мен ережелері болады және ол бұзу үшін емес, ұстану үшін құрылады.


WhatsApp-тағы МӘДЕНИЕТСІЗДІК немесе қандай ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗЫП жүрсіз?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жалпы қарым-қатынас кезіндегі ережелер адамдар күн сайын сөйлесетін WhatsApp желісіндегі топтарға да қатысты. Себебі, ондай чаттарда заңмен белгіленген әдеп нормалары болмағандықтан, кейде артық сөздер, әдепке сай келмейтін суреттер мен видеолар таралып, кейбір топ мүшелерінің мазасын алып жатады. Ал, ол адамдар арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, WhatsApp-тағы қандай да бір топтың мүшесі болсаңыз, мына кеңестерді есте сақтай жүріңіз:


Кедергі келтірмеңіз

Жалпыға ортақ чатта бір-бірімен қарым-қатынас жасап отырған адамдардың арасындағы әңгімеге қатысыңыз жоқ болса, араласпаңыз. Яғни, керек жерде сөйлеңіз немесе үндемеңіз. Себебі оны біреулер елемесе, кейбірі ұнатпай қалып, ыңғайсыз жағдайға тап болуыңыз мүмкін.


Мәдениетті болу

Кез-келген ортадағы адам мәдениетті болғаны дұрыс. Ал, егер біреу әдепті бұзып отырса, оған ермеңіз. Өйткені, ол жаман қасиет.


Тіл тигізбеу

Whatsapp-тағы чатта сыпайы болыңыз. Ешкімге тіл тигізбеңіз, тіпті кейбір адамдар оған лайық әрекет жасап отырса да. Ол – Сіздің дәрежеңізді көтермесе, түсірмейді.


Жеке адаммен сөйлесу

Желідегі ортақ топта бұлай жасаудың қажеті жоқ. Оның орнына қалаған адамның жекесіне шығыңыз.


Ұлтаралық қақтығыстар

Белгілі бір топтарда тек бір ұлттың ғана өкілдері болмауы мүмкін. Ондай жағдайда өзге ұлт азаматтарын өзіңізден төмендетпегеніңіз абзал.

Сабырлы болу

Егер Сіз бар топта адамдар немесе ұлт өкілдерінің арасында қандай да бір наразылықтар туындаса, солармен қосылып кетпей, барлығын сабырға шақырыңыз.


Насихат

Чатта ішімдік, есірткі, рұқсат етілмеген ереуілдер мен құмар ойындар секілді адамға зиян тигізетін нәрселерді насихаттаудан аулақ болыңыз. Ол өзіңіздің де, өзгенің де өміріне зиян тигізеді.


Саясат сынап, ел билігін жамандау

Бұған мысал ретінде топ әкімшілерін сынап, «Банға» ұшырауды немесе «Қара тізімге» келтіруге болады. Яғни, аталған ережені бұзу арқылы WhatsApp-ты қолдану мүмкіндігінен ұзақ уақытқа айырылып қалуыңыз мүмкін.


Құпия ақпаратты жарияламаңыз

Ортақ чаттарда жеке адамның құпия деректерін жариялау теріс қылық деп саналады. Сонымен қатар, кез келген адам сізге дәл солай істей алатынын ұмытпаңыз.


Бәрін орнымен

Өзіңіз мүше болған топтарға болатынды да, болмайтынды да беталды тарата беру – өзге адамдардың Сізге деген көзқарасын нашарлатуға себеп болады. Әсіресе әдепсіз материалдардан аулақ болу керек.


Желідегі сауда-саттық

Топта өз тауарыңызды өткізу мақсатында жарнама жасаудың қажеті жоқ.


Өтірік айту

WhatsApp желісіндегі чат өтірік айтатын орын емес. Себебі, ондағы таныстарыңыздың бірі алдап отырғаныңызды біліп, әшкере етуі әбден мүмкін.


Бейәдеп сөздер

Топта боқауыз сөздер қолданған адам ешкімге жақпайды! Тіпті, досыңызбен қас қылып жіберуі мүмкін.


Уақытпен санасу керек

Кейбір топтарда түннің ортасында сөйлесіп, өзгелердің мазасын алып отыратын адамдар болады. Әлбетте, бұл құптарлық әрекет емес.

Қорытындыласақ, мейлі, Сіз қалағаныңызды қалаған уақытта жазып, тарата беріңіз. Бірақ оған бір жынданатыны болмаса, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Керісінше өз беделіңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Ал, жоғарыдағы кеңестер Сіз үшін пайдалы болатыны сөзсіз.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ қосымшалары Сізді ШЫҒЫНҒА ұшыратады


Енді ТАМАҚТЫ ТЕЛЕФОНМЕН пісіруге болады!