Заманауи гаджеттер топтамасы: 2000 түрлі ас әзірлейтін робот пайда болды

0
4 627

Біз цифрлы технологиялар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Осындай қарқынды даму – адамның өз өмірін жақсартуы үшін негізделген. Тиісінше, өмірге қажетті түрлі гаджеттер пайда болуда.


Заманауи гаджеттер топтамасы: 2000 түрлі ас әзірлейтін робот пайда болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұл тұрғыда Батыс, Шығыс, Қытай мен Жапон өндірушілері қарқынды жұмыс істеп жатқанын байқаймыз. Тіпті, олардың күн сайын ашып жатқан жаңалығымен адамдар танысып үлгере алмай қалады. Сондықтан, Сіздердің назарларыңызға қазіргі заманғы әзірлеушілердің ерекше гаджеттерін ұсынамыз.


1. Google көзілдірік


Гаджеттің артықшылықтары: Google көзілдірік көпфункционалды шағын компьютер ретінде пайдаланылады. Ол бейнені көруге, түрлі есептерді шығаруға, суретке түсіруге және бейнетүсірілім жүргізуге, сондай-ақ кәдімгі компьютер жасай алатын нәрселерді орындауға қабілетті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге қосыла алатын гаджет дыбыспен де басқарыла береді.

Ал, кемшіліктері: дұрыс қолданылмаса көзге теріс әсер етеді және «жасырын камера» заңы бойынша кейбір мекемелерге осы көзілдірікпен кіруге тыйым салынады.


2. Селфи тостер


Бұл жұқа нан тілімін кептіре отырып, сурет жасауға мүмкіндік беретін ерекше құрылғы. Ол үшін тостер суретті сканерлейді және оны нан кесегінде күйдіреді. Ал, Сіз таңертең өз суретіңізбен астанасыз.

Сондай-ақ, құрылғының бір ғана кемшілігі – барлық бейнені нақты сала алмайды, әсіресе түрлі түсті суреттерді.


3. Аспаз робот


Заманауи роботтық технологиялар тағам дайындауға дейін жетті. Бұл құрылғы тағамның 2000 түрін дайындауға қабілетті. Ас үй жиһазына бекітілетін роботқа аспаз қолының қабілеттері енгізілген және сол қол арқылы жұмыс істейді. Гаджетті сенсорлық экран немесе ұялы бағдарлама арқылы қашықтан басқаруға болады.


4. Түрлі түсті душ


Француз компаниясы адамның душқа түсу уақытына байланысты түсін өзгертетін жарықдиодты себезгі шығарды. Ең алдымен, гаджет су ресурстарын үнемдеу үшін әзірленген.


5. Көмекші Rokid


Ал, мына көмекші робот адаммен қарым-қатынас жасай алады, әр түрлі дауыстарды таниды, сондай-ақ әр түрлі пайдаланушылармен қарым-қатынас әдісін өзгерте алады. Оның көмегімен үйдегі жағдайды басқаруға болады, мысалы: кондиционерлеу жүйесі, қауіпсіздік, жарық және т.б. құрылғыларды.


6. Ақылды камера – көз


Бұл гаджет бетті қарап шығып, ашу, қуаныш, қайғы, таң қалу және қорқыныш секілді түрлі эмоцияларды тани алады. Бұдан бөлек, ол адамның көрінісі негізінде жынысы мен жасын анықтап, үйіңізге келген қонақ жайлы пайдалы ақпарат бере алады.


7. Star Wars кемесі секілді дрон


Бұл – дрондар жарысы атты заманауи спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беретін ерекше спорттық гаджет. Оның дизайны қызықты және ерекше, яғни стандартты дрондарға қарағанда тартымды. Сонымен қатар, құрылысы сапалы және басқарылуы жеңіл.


8. Жарық беретін қолшатыр

Бәріміз білетіндей, бұлтты ауа райы және жаңбыр кезіндегі түн қараңғы болады. Осыған байланысты өндірушілер шамдары бар қолшатыр ойлап тапты. Сондай-ақ, оның көрінісі де ерекше, өйткені қолшатыр шамдарының түсі сары, жасыл, қызыл, көк, қызғылт, күлгін болып өзгере алады.

Бірақ, шамдарды күйдіріп алсаңыз, ауыстыру мүмкін емес және гаджеттің салмағы қарапайым қолшатырдан ауырлау болады.


9. Портативті фотосурет принтері


Смартфондар дәуірі басталғалы адамдар қағазға шыққан суреттен қол үзді. Егер, нағыз фотосуретті қаласаңыз, Сізге портативті принтер көмектеседі. Бұл гаджеттің көлемі шағын, пайдаланылуы жеңіл және бірден тапсырыс берген суретті қағазға басып береді.


10. Экранды тазалауға арналған құрылғы


Бұл гаджет смартфонның, планшеттің немесе теледидардың экранын шаңнан, іздерден және басқа да ластанудан тазартуға арналған. Құрылғыда артық кір мен шаңды жинайтын арнайы матамен қапталған ролик бар.


11. Yotaphone



Бұл гаджеттің негізгі ерекшелігі – қос экранды. Бір жағынан бұл қарапайым смартфон, екінші жағынан күнтізбе, ауа райы және басқа да белгілері бар көпфункционалды кітап ретінде қолданылады.


12. Өзін өзі тазартатын аквариум


Гаджет – техникалық қызмет көрсетуді талап етпейтін аквариум. Аквариум өзін физикалық заңдар есебінен тазарта алады. Ал, зерттеулер оның қауіпсіз және тиімді екенін анықтаған.


13. Ауадан қуат алатын бетперде


Ал мынау – адамның тыныс алуы арқылы мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған инновациялық маска. Құрылғы технологиясы арқылы адам шығаратын ауа ағыны электр энергиясына айналады және қуаттайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын гаджеттер бар (ТОП-10)


2050 жылға дейін пайда болатын ғажайып құрылғылар